«Тілек гүлі» (қорытындылау)
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балабақша арасын(дағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін
27-билет
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың негізгі уақытша ұғымдарды меңгеру ерекшеліктері.
«Уақыт сезімі» негізге және уақытты бағалаудың жалпыға ортақ эталондарына сүйене отырып, арнайы жаттығулар барысында дамып, жетіледі. (Бала режимге үйренеді.)Уақытты қабылдау мен бағалауда сөз ерекше рөл атқарады. Балалардың уақытты қабылдауындағы қиындықтар оның ерекшеліктерімен байланысты құбылмалылық, үздіксіздік, қайтымсыздық, көрнекіліктің болмауы. Уақыттың көрнекі пішіндері жоқ және жанама түрде кез-келген құбылыстың қозғалуы немесе ауысуы арқылы қабылданады. Балаларға уақыт ұғымын білдіретін сөздердің мағынасын олардың салыстырмалы мәніне орай(кеше - бүгін - ертең) түсіну қиын, өйткені шындық сәті үнемі ауысып отырады.Балада шамамен бір жарым жылдан бастап уақыт санаттарын сөйлеу арқылы білдіру басталады (қазір, алдымен, енді, содан кейін). Уақыт аралықтарын түсінуге бала сезумен емес, ойлаумен келеді. («Түн – бұл қараңғы болып, бәрі ұйықтап жатқан кез»). 6-7 жастағы балалар қазірдің өзінде уақыт үстеулерібелсенді қолданады. Жылдамдықты (жылдам, баяу) білдіретін үстеулер жақсырақ, ұзақтығы мен реттілігін білдіретіні нашармеңгеріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақыт ұғымдарын сөзбен білдіру процесі үздіксіз даму сатысында және егер оны басқарса, қарқынды жүреді және балалардың ақыл-ойы мен тілдік дамуына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |