1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Д витамині, оның құрылысы, зат алмасу процесіне қатысы



бет7/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
биохимия ответы

10. Д витамині, оның құрылысы, зат алмасу процесіне қатысы.
Д витамині (кальциферол, антирахит витамині) таза түрінде түссіз кристалл зат, суда ерімейді. Эмпирикалық формуласы С28Н44О. Химиялық құрылымы жағынан стериндерге жақын, ол жануарлар ағзасында 7-дегидрохолестерин затынан түзіледі. Таза Д витамині 1932 ж. (Виндаус) алынды да, оған Д2 витамині (эргокальциферол) деген атау берілді. Жануарлардың жəне адамның терісінде Д-провитамин 7- дегидрохолестеролды ультракүлгін сəулемен əсер еткенде Д3 витамині (холекальциферол) түзіледі. Өсімдіктер дүниесінде Д2 витамині эрогостерин провитаминінен түзіледі. Бұлардың бəріне тəн бір ортақ қасиет – олар барлық жан-жануарлардың өмір сүруіне, оның ішінде жас ағзаның өсіп жетілуіне өте қажет кальций мен фосфордың бойға сіңуін жəне зат алмасуын реттеуге қажет. Д2 жəне Д3 витаминдерінің құрылыс формуласы төмендегідей:

Кальциферолдардың негізгі қызметі ағзадағы кальцидің алмасуын реттеу болып табылады. Д витамині өзінен-өзі биологиялық активті емес, реттегіш қызметі олардың гидроксильденген туындыларына байланысты, ондай туындылардың полярлық сипаты бар. Д3 витамині ең алдымен бауырда гидроксильденеді, одан 91 кейін бүйректе 1,25-дигидроксихоликальциферол жəне 1,24, 25-тригидроксихолекальциферол түзіледі. Бұл заттар бүйректен негізінен ащы ішекке жəне сүйек ұлпасына барады, сол арада кальцийдің жəне фосфордың алмасуын реттейді, Д витаминінің осы гидроксильденген метаболиттері ішектердің шырыш қабатында кальций ионының сорылуын реттейді. Д витамині стероидтық гормондар сияқты транскрипция деңгейінде əсер етеді жəне ол кальцийді байланыстырушы белоктардың синтезделуіне себеп болады. Ол белоктың м.м. 10 000-12 000. Белок ішекте кальцийдің 2 – 4 атомын қосып алады да, қан арқылы сүйек ұлпасына жəне басқа да мүшелер мен ұлпаларға жеткізеді. Егер Д витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас жануарлардың сүйегінде жəне шеміршегінде кальций мен фосфор тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылады. Сүйектері жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады жəне аяқтары қисайып өседі. Халық арасында бұл ауру мешел, рахит (грекше) деген атпен белгілі. Бұзаулар, торайлар, қозылар, құс балапандары сияқты ауыл шаруашылығы жаңуарларының жас төлдері рахитке жиі ұшырайды. Олардың бүкіл сүйек жүйесінің дамуы бəсеңдейді, əсіресе, тіс дентинасы (сүйек ұлпасы) нашар жетіледі, қан азайып, анемия белгілері көрінеді. Рахит ауруына ұшырағандар өкпенің құрт ауруына оңай шалдығады. Д витамині жəне оның провитаминдері табиғатта кең таралған. Жануар тектес азық-түліктерде – балық бауырының майында, сиыр, қой бауырында көп болады. Сол сияқты сары майда, сүтте, жұмыртқада кездеседі. Эргостерол сонымен қатар ашытқы, өсім дік дəндерінің майында жəне саңырауқұлақтарда кездеседі.
Ауыл шаруашылығы малдарының Д витаминін қажет етуі: тірідей массасының əр 100 кг мөлшеріне 25 мкг болуы керек. Мал шаруашылығында рахит ауруының алдын алу үшін торайларды, шөжелерді ультракүлгін сəулемен қыздырады, күн түсіп тұрған ашық күндері жас төлдерді ашық жерге шығарып бағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет