1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


К витамині, құрылысы, биологиялык маңызы; Викасол



бет9/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
биохимия ответы

12. К витамині, құрылысы, биологиялык маңызы; Викасол.
К витамині (филлохинондар, антигеморрагиялық витамин). 1939 жылы Швейцар химигі Каррер К витаминінің химиялық табиғатын анықтады.

Табиғи К1 витаминінен басқа олардың синтездік аналогтары белгілі. Олардың да антигеморрагиялық қасиеттері бар. Бұл аналогтар К3 , К4 , К5 , К6 витаминдер деп аталады. К3 витамині викасол деген атпен медицинада қолданылады. Бұл витамин Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланған көптеген Совет жауынгерлерінің өмірін сақтап қалуға себеп болды. К3 витамині суда жақсы ериді жəне улы əсері жоқ. К витаминінің жалғыз ғана қызметі – ол қанның ұюына қатысады. Бірақ оның өзі тікелей қан ұюы жүйесіне кірмейді. К витамині жетіспеген кезде протромбиннің антигемофильдік глобулин шамасы төмендейді. Протромбин бауырда түзіледі жəне ол К витамині жоқ кезде оны тромбинге айналдыратын кальций иондарын байланыстыра алмайды. Фибриногеннің фибринге айналуы үшін тромбин катализ қызметін атқарады, қан ұюының мағынасы осы негізге байланысты. Жоғарыда айтылғандай К-авитаминоз сырқатына тəн белгі – терінің астына жəне бұлшық еттерге қан құйылуы. Ондай жағдай қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады. К витаминіне бұршақ тұқымдас өсімдіктері, сəбіз, капуста, томат, қалақай жапырағы бай келеді. Сол сияқты К витамині бауырда, жұмыртқада, сүтте кездеседі. К витамині жануарлар мен адамдардың ішек-қарнында микроағзалар синтездеп дайындайды. Сондықтан оның ағзаға қажетті тəуліктік мөлшерін анықтау қиын, адамға қажетті мөлшері күніне 0,2-0,3 мг. К витамині тауық, қаз, үйрек, түйетауықтар үшін өте қажет
(13. В витамині құрылысы және зат алмасу процесіне қатысы.
14. В витаминіқұрылысы және зат алмасу процесіне қатысы.
16. В витамині ,құрылысы және биологиялық маңызы
19. В витамині.Оның қанның түзілуіндегі ролі қасиеттері және маңызы ОДИН ОТВЕТ)
В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин). Пиримидин жəне тиазол сақинасы В1 витамині молекуласының негізін құрады. Ол екі сақина метилен тобы (-CH2 ) арқылы байланысады.

В1 витамині молекуласында күкірттің жəне амин тобының болуы оны тиамин деп атауға негіз болды. Тиамин кристалдық жағдайда түссіз ине тəрізді тұз қышқылды тиамин түрінде алынады (С12Н17NOSCl·HCl). Тиамин суда жақсы ериді, этил спиртінде нашар ериді, эфирде ерімейді. Тиамин пирофосфат кофермент есебінде ферменттер құрамына енеді. Тиамин ағзада тиаминпирофосфатқа (ТПФ) айналады. Ал тиаминпирофосфат пируватдегидрогеназаның, α-кетаглу таратгидрогеназа жəне транскеталаза ферменттерінің просте тикалық тобы. Бұл ферменттер кетоқышқылдардың декарбоксилденуіне қатысады. Мысалы, пируватдегидрогенеза жануарлар ұлпасында пирожүзім қышқылын ацетилкоферментке дейін тотықтырып, декарбоксилденуіне жəне СО2 бөліп шығаруды катализдейтін мультиферментік жүйеге қатысады. В1 авитаминоз дерті кезінде миға жəне қанға мето қыш қылы жиналады, ол нерв тармақтарын ісіндіріп ауыртады, дененіқұрыстырып, тырыстырады, параличке, сал ауруына ұшы рата ды. Бұдан өзге жүрек жүйесінің зақымдалуы байқалады, жү ректің соғуы жиілейді жəне жүрек бұлшық еттері ұлғайып, гипертрофияға ұшырайды. В1 авитаминозы кезінде қарында жəне ішекте сөл бөліну нашарлайды, асқазан қабырғасында тұз қышқылының түзілуі тоқталады. Осылардың салдарынан асқа деген тəбет жойылады. Ағзадағы осы аталған жайсыз өзгерістер онда ТПФ коферменттің активті тобы тиаминнің жеткіліксіздігінің, көмірсулар алма суының тотықпаған өнімдері жиналуынан болады. Тиамин өсімдіктер тектес өнімдер, əсіресе оған бидай күріш, қара бидай дəндерінің қабығы, ашытқы бай келеді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі.
В1 витаминін күйіс қайыратын малдың қатпаршақ қарнында микроағзалар синтездейді. Жылқы, шошқа жəне тауық бұл витаминді өте қажет етеді. Жылқы мен шошқаға бір тəулікте қажет мөлшері олардың 10 кг дене массасына 3-4 мг шамасындай қажет. Малдың буаз жəне желіндеу кезінде В1 витаминін қажет ету мөлшері арта түседі. В2 витамині (рибофлавин). Витаминнің жалпы формуласы С17Н20N4 O6 . Витамин молекуласы құрылымның негізінде изоаллоксазин сақинасы оның екі метил тобы жəне көміртегінің бес атомы бар рибитол спиртінің қалдығы жатады. В2 сары түсі молекуласындағы рибитолға байланысты. В2 витамині рибофлавин деп аталады, ал сүттен бөліп алынған витаминнің лактофлавин деген атауы бар. Рибофлавин сары түсті кристалды зат; суда, этил спиртінде ериді;
Рибофлавин қыздыруға төзімді, 1200 С температурада өзінің активтігін жоймайды. Жануарлар мен адам ұлпаларында рибофлавин фосфорилденіп, рибофлавинфосфор қышқылына айналады. Рибофлавин флавиномононуклеотид (ФМН) жəне флавинадениндинуклеотид (ФАД) коферменттері құрамында болады. ФАД жəне ФМН коферменттері əртүрлі апоферменттермен байланысады да, флавопротеидті-ферменттер түзеді. Флавиндік дегидрогеназалар сутегі атомын байланыстыру жолымен (екі протон мен екі электрон) субстратты тотықтырады, бұл кезде кофермент ФМН·Н2 жəне ФАД·Н2 -ге айналады. В2 авитаминоз ауруы витамин жеткіліксіз бола бастағаннан немесе азық-түлікте жəне жем-шөпте мүлде болмаған жағдайда 3- 4 айдан соң білінеді. В2 авитаминоз сырқатына тəн құбылыс көз ауруынан басталады. Көз жұқпалы емес коньюктивит сырқатына ұшырайды. Көздің қасаң пердесі қабынады, көз айнасы тұнжырап қарауытады, жүн мен шаш түседі, бұлшық еттері бірден əлсіреп, нашарлайды. B2 -aвитаминоз кезінде үй құстарының жұмыртқалауы нашарлайды. Авитаминоз ауруы асқынған кезде ағза тырысып, параличке ұшырап, сал болады, жүріп-тұруы қиындайды, сөйтіп өлімге душар етеді. Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды. Бұл витаминге бай өнімдер - ашытқы, бидай, қарабидай, бұршақ тұқымдас өсімдіктер. Ол сүтте, жұмыртқада, бүйректе, бауырда болады.
Ол витаминді шошқаға, тауықтарға жəне итке беру қажет. В2 витаминінің жетіспеуін ipi қара, жылқы, қой мен ешкі онша сезінбейді, өйткені ол витаминді бұл аталған жануарлардың асқорыту жолында микроағзалар синтездеп жасайды. В3 витамині (пантотен қышқылы). Бұл витамин 1933 жылдан белгілі, витаминнің жалпы формуласы: С9 Н17NO5 , сары түсті, суда, спиртте ериді. В3 витамині барлық жан-жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрамына кіреді. В3 витамині ағзадағы өте қажетті əрі ерекше органикалық қосылыс – коэнзим А-ның активті түрі. В3 витамині көмірсулар мен майлардың алмасуына қажет барлық ферменттердің құрамына енеді. Бұл витамин жоқ болса, майлар мен көмірсулардың алмасуынан пайда болған ағзадағы сірке қышқылының одан əрі бөлшектеніп, қорытылуы тоқтатылады. В3 -авитаминозына тəн құбылыс – жас ағзалардың өсуі тоқтайды, терісі зақымдалады, шаш ағарады, нерв жүйесінің, асқазан-ішек жолының жұмысы бұзылады. Адамда В3 -авитаминозы сирек кездеседі. В3 жануарлар ұлпасында жəне мүшелерінде көп. Ол витаминге бай көздер: балық уылдырығы, балауыз, ашытқы, бауыр, тауық жұмыртқасы, балық еті, өсімдіктер көгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет