59. Диффузия, осмос, осмостық қысым. Олардың биологиялық маңызы. Диффузия[1](лат. dіffusіo – таралу, жайылу) – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстарға ұшырай отырып, сол дене концентрациясының селдір аудандарына қарай жылжуы; молекула олардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас орналасқан әртүрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Диффузия дененің бүкіл көлеміндегі концентрация мөлшерінің бірте-бірте теңелуін, сөйтіп оның бірқалыпты сипат алуын қамтамасыз етеді. Кейбір денелердің өте шағын бөлшектері ғана емес (атомдар, молекулалар, иондар), біршама ірі түйіршіктері де диффузиялық қасиетті иемденуі мүмкін.Диффузия жылдамдығы температураға тікелей байланысты, алайда бұл процесс газдарда өте тез, сұйықтарда салыстырмалы түрде баяу, ал қатты заттарда өте баяу өтеді.Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өздік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы — диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия коэффициентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі — м2/сек. Диффузия құбылысы табиғатта маңызды рөл атқарады: атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының біркелкі болуына ықпал етіп, өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады. [3]
Осмостық қысым - ерітінді диффузиясы кезіндегі ерітілген заттың жартылай өтімді мембрана арқылы тудыратын асқын қысым. Сонымен қатар екі жақты бөлікте өзгереді. Осмостық қысым өсімдіктің сабағының өсімінде қоректенетін шырыныда маңызды рөл атқарады және басқа да организмдердің жасушаларындағы процестерде болады.
60. Буферлік системалар. Олардың әсер ету механизмі буферлік системалардың биологиялық маңызы. Буферлік жүйе және қанндағы буферлік жүйе. Витаминдер, майда және суда еритін витаминдер. Ферменттер, жәй және күрделі ферменттер. Маңызды коферменттер. Биологиялық тотығу. Көмірсулар және олардың метаболизмі. Липидтер және олардың метаболизмі. Белоктар және олардың метаболизмі. Нуклеин қышқылдары, ДНҚ, РНҚ (репликация және мутация). Судың және минералдық заттардың алмасуы. Табиғи қосылыстардың және клетканың құрылымдық негізгі элементтері мен ағзадағы зат алмасу процесіне қатысатын заттардың кұрылымын білу олардың белгілі бір жағдайда қоршаған ортадағы химиялық әсерін және биохимиялық процестерде табиғи қосылыстардың, олардағы функционалдық топтарының өзгеруін болжайды.
Буферлік жүйелердің биологиялық маңызы Тірі организмдердегі буферлік жүйелер қан мен тканьдердің рН тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады. Арнайы зерттеулердің нәтижесінде тірі организмдерде алмасу процесі кезінде көптеген мөлшерде қышқыл өнімдер түзілетіндігі дәлелденген. Мысалы, тәулігіне организмде 20-30 л бір нормальды күшті қышқылға эквивалентті әртүрлі қышқылдар түзіліп отырады. Организм сұйықтарының рН тұрақтылығын оның құрамындағы қуатты буферлік жүйелер сақтайды. Клетка ішіндегі сұйықтардың рН мәндері көп жағдайда 6,8-ден 7,8-ге дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Қажетті рН-ты сақтауға қатысатын көптеген буферлік жүйелердің ішінде НСО-3- Н2СО3 және НРО42- Н2РО4- жүйелері бар