1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


РР витамині,құрылысы және биологиялық маңызы



бет10/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
биохимия ответы

15. РР витамині,құрылысы және биологиялық маңызы
РР витаминi (В5 витаминi, никотин қышқылы, анти пеллагрлік витамин). Никотин қышқылы – барлық витаминнің ішіндегі құрылымы ең қарапайым қосылыс, ол карбоксил тобы бар пиридин сақинасынан құралады, мұндағы карбоксил тобы үшінші жaғдайда тұрады. РР – витаминінің аты «Pellagra preventing» - деген ағылшын сөздерінің бас əріптерінен құралған.
Биологиялық тұрғыдан активтi жəне ферменттің құрылымына кіретін никотин қышқылының өзі емес, оның амиді – никотинамид. Сондықтан да кейде никотин қышқылын провитамин ретінде қарастырады. Никотин қышқылы суда нашар ериді де, ал спирт, глицерин мен эфирде жақсы ериді. Жарыққа, тотықтырғыштарға жəне қыздыруға тұрақты келеді. Қышқылтым дəмі бар. РР витаминінің биологиялық қызметі оның НАД жəне HАДФ коферменттердің құрамына кіруімен байланысты (“Ферменттер” бөлімін қараңыз). Бұл коферменттер тиісті апоферменттермен қосылып, күрделі ферменттер-пиридин дегидрогеназаларын түзеді. Ол күрделі ферменттер сутегін, электрондар мен протондарды бөліп шығару жолымен субстраттың тотығуын катализдейді. Жалпы никотинамид қатысатын реакциялардың саны қырықтан астам. РР-авитаминозына тəн белгілі пеллагра – терінің жарылып түрпіленуі. Пеллагра сырқаты кезінде терінің ашық жерлері қабынады, ауыз ойылып стоматит болады, тіл ауырады («қара тіл» дерті), ол семіп, жансызданады, асқорыту жүйесі бұзылады. Сол сияқты нерв жүйесі зақымданады, адам есінен айрылады. Пеллагра сырқаты көбінесе тұрмысы нашар, негізгі азық-түлігі жүгері өнімдері мен шошқаның майы болатын елдерде (АҚШтың оңтүстік аудандары, Италия, Оңтүстік Африка) байқалады.
Мынадай жағдай анықталған: егер азық-түлік өнімдеріндегі белокта триптофан амин қышқылы көп болса, онда адамның жəне жануардардың ағзасында РР витамині синтезделеді. Жүгері белогында триптофан өте аз болады. Никотин қышқылы көп мөлшерде жүгерінің жəне күріштің кебегінде, ipi тартылған ұнда, ашытқыда, картопта, жануарлар бауырында, етте, балықта кездеседі.
17. С витамині Формуласы,қасиеттері және зат алмасу процестеріне қатысы,
С витамині (аскорбин қышқылы, антиқұрқұлақ витамині) өсімдіктерде галактозадан синтезделіп жаcалады. Сол сияқты жануарлар ұлпасында (адам, маймыл жəне теңіз шошқасы деп аталатын жануарлардан басқа) глюкозадан синтезделеді. С витаминінің құрылымдық формуласы гексозаларға жақын екенін көрсетеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында сутегі атомдарының доноры болады жəне тотығу кезінде дегидроаскорбин қышқылына (ДАҚ) айналады – бұл реакция қайтымды. Бұл реакция қайтымды болғандықтан, ДАҚ-тың құрқұлаққа қарсы əcepi бар, сондықтан ол да С витамині деп аталады.
Аскорбин қышқылының молекуласында көміртегінің ассиметриялық eкi атомы бар жəне ол екеуі оптикалық тұрғыдан активті L жəне Д-стереоизомерлер құрайды. Табиғи өнімдердің құрамында L-аскорбин қышқылы болады. Аскорбин қышқылының формуласын Рейхштейн 1933 ж. тауып, синтездік жолмен алды. С витамині - түссіз, кристалды зат, суда жақсы ериді, спиртте нашар ериді. С витаминінің тотықсыздандырғыш қасиеті бар, əсіресе, сілтілі ортада. Аскорбин қышқылының негізгі қасиеті мынадай: ол сутегі атомдарын бөліп шығарып жəне қосып алып оңай тотығады жəне тотықсызданады. Коллаген синтезi кезінде пролин мен лизин қалдықтарының гидроксилдену реакциясына С витамині қатысады, ол гексокиназа, фосфоглюкомутаза, амилаза, ар гиназа сияқты ферменттер əсepінің активтілігін арттырады, фенилаланин, тирозин, липидтердің тотығу процесіне қатысады.
С-авитаминозының өзіне тəн белгісі – құрқұлақ (цинга немесе скорбут) ауруы. Мұндай аурумен тек адамдар, маймылдар жəне теңіз шошқалары ауырады. Мұның себебі, бұл аталғандардың ағзасында глюкозаның аскорбин қышқылына айналуындағы соңғы реакциялардың бірін катализдейтін фермент болмайды. 108 С витамині ұзақ уақыт бойы жетіспеген жағдайда капиллярдың өткізгіштігі артады, терінің астына нүктеленіп қан құйылады, ондай қан құйылу бұлшық еттерде жəне ішкі қуыстарында байқалады. Құрқұлақтың белгісі – тістің қызыл иегі қанай бастайды, одан əрі тic босап түciп қалады. Көбіне сүйектер морт сынғыш күйге түседі. Сонымен бірге, көптеген ұлпалар: байланыстырушы ұлпа, шеміршектер, созылмалы ұлпа, сүйек, тіс дентині зақымданады. Жыныс бездерінің бауырдың, бүйректің қызметі бұзылады. Қыстың соңына таман жəне ерте көктемде адамда гиповитаминоз құбылысы байқалады. Мұндай жағдайда адам ағзасының əртүрлі жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді, тез шаршағыш келеді, басы ауырады, асқа тəбеті болмайды. C витамині едəуір мөлшерде жас жемістерде, көкөністерде кездеседі. Итмұрын, шырғанақ, қарақат, шетен, бұрыш, құлмақ, лимон, апельсин, алма жемістері осы витаминге бай. Жануар тектес өнімдерден С витамині бауырда, сүтте, қымызда болады.
Аскорбин қышқылының бір тəуліктегі ересек адамға қажетті мөлшері 50-100 мг, балаларға қажетті 30-70 мг. Бұл витамин адам ағзасында жиналмайды, сондықтан оны күн сайын пайдалану қажeт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет