11. Е витамині Құрылысы және биологиялық қызметі. Е витамині (токоферолдар, антистерил немесе өсіп-өну витамині) немесе токоферол сары түсті май тəріздес сұйықтық. 1938 жылы Каррердің лабораториясында синтез жолымен алынған болатын. Бұл витаминнің химиялық құрылым негізіне токол спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады, ол тізбек қаныққан изопрен қалдықтарынан тұрады. Токоферол бензолда, спиртте жəне басқа да май еріткіштерінде ериді.
Е витаминінің құрылымына жақын жəне сол сияқты əсер етуші төрт түрлі зат алынды. Олар α-, β-, γ жəне δ -токоферолдар (грекше tocos- ұрпақ, phero – əкелу) деп аталады. Олардың ішінде, əсіресе, активтісі α-токоферол. Басқа токоферолдардың активтігі α - токоферолдікінен 5-10 есе төмен. Токоферолдардың негізгі қызметі мынадай: олар қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы антиоксиданттар болып табылады. Сол сияқты олар липидтік мембраналарды бос радикалдардан қорғайды, сөйтіп, оттегінің əсерінен ферментсіз жүретін реакция тізбегін түзеді. Токоферолдар бос радикалдармен ұстасып, реакция тізбегін түзетін болуы керек деген жорамал бар. Жасушаларда токоферолдармен қатар А жəне С витамині, сондай-ақ глутатион да антиоксидант қызметін атқарады. Токоферолдар жетіспеген жағдайда жануарлар ұрпақсыздық дертіне шалдығады, бұлшық еттері əлсізденіп, қоректенуі 93 бұзылады, бауыр циррозына ұшырауы мүмкін. Ағзадағы мұн дай бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеидтік компо ненттердің зақымдануымен байланысты. Е авитаминозы кезінде жануарлар еркегінің сперматозоидтары нашар қозғалады, олардың жіпше құйыршығы жойылып кетеді, сөйтіп ұрықтандыру қабілетінен айырылады. Ал осындай авитаминоз құбылысына ұшыраған ұрғашы ұрықтану қабілетін сақтайды, бірақ іште пайда болған жаңа ұрпақ туу мезгіліне жете алмай, өзінен-өзі жойылып, ағзаға сіңіп кетеді немесе түсік болып түсіп қалады. Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, күріш майы, мақта майы сияқтылар токоферолдың бай табиғи қоры болып табылады, Жануар тектес өнімдерде Е витамині шағын мөлшерде кездеседі.
Адамға қажетті Е витаминінің мөлшері тəулігіне 30-50 мг шамасындай болу керек жəне қабылданатын полиқанықпаған май қышқылдарының əр грамына 0,6 мг