1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Тыныс тізбегі. Митохондриядағы фосфорлана тотығу процесі



бет16/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
биохимия ответы

30. Тыныс тізбегі. Митохондриядағы фосфорлана тотығу процесі.
Ферменттердің митохондриялық ТАТ жинақталуы. Тынысалуға бақылау.

Тыныс алу тізбегі митохондрияда орналасқан тыныс алу ферменттерінің комплекстерінен тұрады.



Тыныс алу тізбегінің құрамы:



  1. Оксидоредуктаза классының ферменттері жатады. Бұл ферменттің ақуыздық емес бөлімін, яғни коферменті ролін РР дәруменнің туындысы НАД атқарады.

  2. Тотықсызданған НАДН*Н электрондар мен протондар флавопротеидтер немесе флавинді фермент, НАДН дегидрогеназа қабылдайды. Бұл ферменттің коферменті В2 дәруменінің туындысы-ФМН немесе ФАД болып табылады.

  3. Тыныс алу тізбегінің келесі звеносы убихинон ферменті. Ол майда еритін дәрумен, мембрананың липидтік қабатынан еркін өте алады, ақуызбен байланысқан немесе байланыспаған күйде кездеседі.

  4. Убихиноннан оттегіне электрондар цитохромдар арқылы тасымалданады. Цитохромдар-гем тәрізді құрылымнан тұратын күрделі ақуыздар.

Митохондриядағы тыныс алу қарқынының АДФ концентрациясына тәуелділігін тыныс алуды бақылау деп аталады. Тыныс алуды бақылау механизмі өте жоғары дәлдігімен сипатталады және өте маңызды. Себебі, оның әсер ету нәтижесінде АТФ синтезінің жылдамдығы жасушаның энергияға мұқтаждығына сәйкес келеді. Жасушада АТФ қоры болмайды. АТФ/АДФ салыстырмалы концентрациясы ұлпаларда өте аз мөлшерде өзгереді, ал жасушаның энергияға мұқтаждығы, яғни АТФ ондаған есеге өзгеруі мүмкін. Организмдегі АТФ мөлшері 30-50 г, бірақ АТФ-тың рәбір молекуласы жасушада бір минуттан аз өмір сүре алады. Тәудігіне, адам организмінде 40-60 кг-ға дейін АТФ синтезделіп, сонша АТФ ыдырайды. АДФ концентрациясының артуы бірден тыныс алуды және фосфорлануды жылдамдатады.


31. Углеводтардың қорытылуы. Ыдырау өнімдерінің сіңуі;
Углеводтар — алифатты полиоксикарбонилды қосылыстар және олардың көптеген туындылары (моносахаридтер, олигосахаридтер, полисахаридтер).[1]
АТФ молекуласының шығуы.
1) Гликолиз процесінде глюкозаның бір молекуласының тотығуы екі АТФ молекуласын береді.
2) Гликолиз кезінде түзілген НАД-Н екі молекуласы тыныстану тізбегінде тотығады да, 2x3 = 6 АТФ молекуласын береді.
3) Пируват ацетил-А-коферментіне айналу кезінде түзілген НАД-Н екі молекуласы тыныстану тізбегінде тотығып, 2x3=6 АТФ молекуласын береді.
4) Ацетил-А-коферментінің екі молекуласы лимон қышқылы циклында тотыққаннан кейін, өзінің электрондарын тыныстану тізбегіне береді және 24 АТФ молекуласы түзіледі. Осындай төрт түрлі жолмен барлығы 38 АТФ молекуласы түзіледі.
Әрбір АТФ молекуласының бос энергиясы G01 = —7,3 ккал-моль шамасына тең, ал 38 АТФ молекуласы 38x7,3 = 277,4 ккал береді. Сөйтіп бір моль глюкозадан АТФ түзілудің термодинамикалық тиімділігі:
болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет