4.Тәрбие процесінің турлері
1 Педагогикалық тәрбие шыккан Педагогика өзінің атауын гректің « paidadodas » - баланы жетектеуші сөзінен. Ең алғашқыда бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие- қоғамның кейінгі ұрпақтарга өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір болашак ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейп улгайган сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде киындай түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс - әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені уйрену үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіред іжане де ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана ақиқатының нақтылы сол ғылымды зерттеуге алатын саласы. Пән бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысы ғылым. Демек, педагогикалық іс әрекет оъективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады
2 Ұлттық тәрбие Қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы ол халықтық педагогика. Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет ол оқушының ұлттық сана сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтың педагогикасы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл. дін, тәрбие, ұлттық салт дәстер, үлгі өнегені сіңірту яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлері алуан . Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің, ата аналармен қосылып уйымдастырган шараларына байланысты, өйткені ол бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы отбасында, екіншіден, мектепте болғандықтан, ата ана мен мектеп болып бірігіп жұмыс атқару біздің ен басты миндетимиз болып табылады . Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған жас ұрпактарымызды тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуімиз кажет. Жас ұрпаққа сапалы білім мен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзекті маселе болып калган. Өскен ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан ұрпаққа жағаласып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдык пен сапалы білімді дарыту қазіргі кезде ен манызды мәселенің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |