12. Айлық, жылдық тәрбие жоспарын құрылымы.
Тәрбие жоспарының бөліктерінің бірі – айлық жоспар. Бұл педагог қызметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Терең түсінік пен талапты дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Жұмыс переспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысының белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға көмектеседі. Жоспар жасау – тәрбие жұмысының барлық барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай апталық, айлық, жылдық бойынша қаралатын жұмыстарды ойластырып, бір жүйеге келтіріп, қағаз бетіне түсіру болып табылады. Ол жұмысымыздың нәтижесін бала бойынан көре білуіміз қажет. Айлық жоспар белгілі талаптарға сүйене отырып жасалады.
1. Нақтылық
2. Оқушылардың жас мөлшеріне сәйкестігі
3. Тәрбиенің барлық саласының қамтылуы
4. Мақсаттылығы
Айлық жоспар негізінен жылдық жоспардың ішіндегі көрсетілген тақырыптардан алынады. Құрылымын 9 жіктейміз
1. Сыныпқа қатысты. Сынып ұжымын уйымдастыру (сынып сағаты)
2. Оқушыларды пәндік үйірмеге жоспарлау
3. Ата – анасымен жұмыс, байланыс орнату.
4. Жеке оқушылармен жұмыс (сабақ үлгерімі, тәртібіне қатысты)
5. Мектептегі болып жатқан қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, жоспарымен, жұмыс түрімен таныстырып отыру.
6. Жас ерекшеліктеріне байланысты мақсат міндеттерін анықтау.
7. Пән үйірмелеріне қатысуларын қадағалау. Сыныптағы тазалық жұмыстарына жұмылдыру.
8. Алдағы мерзімдегі айтулы мерекелерге, пән олимпиадаларына қатысуын қамту.
9. Топсеруенмен баратын жерлерді, мәдени ошақтарды белгілеу. Сыныппен ата – аналардың, мектеп басшыларының келісімімен.
Жоспарда көрсетілген жұмыстар сынып сағаты ретінде немесе сыныптан тыс жүргізіледі. (0% плагиат)
13. Бастауыш сынып оқушыларды жүріс- тұрыс мәдениетіне тәрбиелеудің маңызы.
Бастауыш сынып оқушыларының өзінен үлкендермен, жасы кішілермен араласуы, көшеде, қоршаған ортада, көлікте, үйінде өзін-өзі ұстауы, сонымен қатар сыртқы келбеті, нақты айтқанда киінуі,шаш үлгісі, қимыл-қозғалысы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады. Қоғамда адам мінез-құлқына, жүріс-тұрысына және сөйлеуге қатысты этикалық нормалар қалыптасқан.
Әрбір баланың сол әдепті ұстануына байланысты оның адамгершілігі, имандылығы, талім тәрбиесі бағаланады. Сондықтан оқушының тұлғалық беделіне ерекше мән беру – ұстаздар мен ата-аналар алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Оқушылардың жалпы мәдениетінің маңызды жақтары жауапкершілік, ұқыптылық, сыйластық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қоршаған ортамен эстетикасы, дұрыс киіну эстетикасы, үйдегі қарым-қатынас эстетикасы, манера, іс қимылы т.б. жатады. Эстетикалық тәрбиенің негізі – мектептегі ата-аналармен, оқушылармен және мұғалімдермен және басқа адамдармен эстетикалық тәрбие беру. Бұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс — әрекетінде қалыптасады. Әртүрлі үй шаруашылық заттары өз орнында әдемі, таза тұруы керек. Үйде балаларды үйдегі жеке заттарын сақтауға, күтуге, жинауға, үй жинауға үйретеді. Мұндай жұмыстың барлық түріне балаларды қатыстыру – әке мен шешенің, үлкендердің басты міндеті. Киім эстетикасына кетін болсақ ол біздің сыртқы айнамыз. Эстетикалық киіну қазіргі өмір талабына сай болуды талап етеді. Сәнді заттар - сұлулықтың қайнар көзі. Оқушынын жүріс-тұрыс әдебі ата-анасының жауапкершілігіне жатады. (0% плагиат)
Достарыңызбен бөлісу: |