дәл берілген жүйесi, сонымен қатар терминдердің пайда болу және қолдану
ережелері, шартты қысқартулар мен жаттығулардың жазылу формалары.
Гимнастикада
термин деп кез-келген қимылдың қысқаша шартты атауын
немесе адам қызметінің осы саладағы басқа да ұғымдарының атауын айтады.
Гимнастикалық терминдерге келесі талаптар қойылады:
1)
қысқалық — ұзыннан ұзақ сөз тіркесін ауыстыруға,
жаттығудың
барлығын емес қажетті сипаттамасын айтуға мүмкіндік береді;
2)
нақтылық — зерттелетiн жаттығу туралы айқын түсінік береді, оның
мәнiне бiр мағыналы анықтама бередi немесе ерекшелiгін көрсетеді;
3)
қол жетімділік — ана тілінің сөздік қоры мен тілдік заңнамаларын,
шектес ғылымдар терминдерін, осы сала тәжірибесінде қолданылып жүрген
және халықаралық терминдерді қолдану арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: