Гимнастикалық
терминдер
жаттығушының
біліктілігіне
қарай
қолданылады.
Сауықтыру топтарында, радио және телесеанстарда ауыз екі және әдеби
сөздермен қоса ең қарапайым, қол жетімді
гимнастикалық терминдер
қолданылады.
«Аяқты алшақ қойып тұру» терминінің орнына
«аяғымызды ашамыз»
және
«аяқтарымыз иық деңгейінде», «отыру» терминінің орнына
«отырамыз» сөздері қолданылуы мүмкін.
Балалармен жаттыққанда образдарға жүгінеміз:
«ұшақ секілді», «қоян
секілді» және т.б..
Барлық гимнастикалық терминдер екі негізгі топтарға бөлінеді:
жалпы
және нақты терминдер.
Жалпы терминдер мына кездерде қолданылады:
а) жалпы түсініктер, мысалы:
элемент, қосылу, біріктіру;
б)
жаттығулар топтарында, мысалы:
саптық жаттығулар, аралас
тіректер, әр атаулы сермеулер.
Нақты терминдер
Нақты терминдер белгілі бір жаттығулардың белгілерін көрсетеді. Өз
кезегінде олар
негізгі және қосымша деп екі топқа бөлінеді:
а) сол немесе басқа топтағы жаттығулардың құрылымдық ерекшеліктерін
беретін негізгі терминдер:
тік тұру, іліну, тірек, отыру, айналу және т.б.;
б) қосымша терминдер нақты бір қозғалу қызметі туралы ақпаратты
нақтылайды, нұсқайды:
қимыл бағытын, мысалы:
алға, солға, сыртқа, жанымен;
орындалу әдісі, мысалы:
бүге, сермей, айналып;
тірек шарты, мысалы:
жауырынмен,білекпен, ішпен, оңмен (оң аяқпен);
орындалу
сипатына қарай, мысалы:
баяу (айналу), денені бос ұстау,
серпінді;
біршама
сандық сипатамалы, мысалы:
екі рет (сальто), 270° айналып.
Әдебиет
1. Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподавания: учебник для
ин-ов физ. культ.- М: Физкультура и спорт, 1987.
2. Петров П.К. методика преподавания гимнастики в школе: учебник для
ин-ов физ. культ.- М.: Физкультура и спорт, 2000.
3. Брыкин А.Т. Гимнастическая тарминология.М.: ФиС, 1969.-190с.
4.Шлемин А.М. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ.культ.–изд.2-е. М.,
1979.
5. Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподования . Учебник для
ин-тов физ. культ.–Изд.3. М., ФиС, 1987.
6. Меньшиков Н.К. Гимнастика и методика преподования . Учебник для
ин-тов физ. культ. М., ФиС, 1990.
7. Журавин М.Л. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ. культ. –Изд.2. М.,
ФиС, 2001.