1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні


Жүк немесе әріптеспен өрмелеу



Pdf көрінісі
бет36/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

Жүк немесе әріптеспен өрмелеу. 
Өрмелеудің бұл түрі гимнастикалық қабырғада, арқанда, сырық пен 
сатыда тік, көлденең және көлбеу қалыпта қолданылады.
Өрмелеу жүк тасу (немесе жолдасыңды) және асып түсумен үйлеседі. 
Жүк ретінде рюкзакқа салынған кез келген затты алуға болады. 
Әріптеспен өрмелеу кезінде серіктес арқада немесе иықта арқаны аяқ 
ұшымен орап отырады
Екеуі де жабдықты қолымен ұстап тұрады: арқан, сырық, қабырға немесе 
саты, жоғарыдағы адам төмендегіге күш түсірмей, жұмысын жеңілдету үшін 
ептеп қолмен тартылып тұрады. 
Әріптеспен өрмелеу. Әдістің орындалуы төмендегі серіктестің бұйрығымен 
іске асырылады (23 сурет). 
 
23 сурет 
Кедергіден өту жаттығулары. 
Кедергіден түрлі әдістермен өтуге болады: секірулер, асып түсу, 
еңбектеп өту және бұзып өту.
Кедергіден өту әдістері:
а) басып өту — оқушылар екпін алу кезінде бір аяғымен серпіліп, екінші 
аяғымен кедергіні басады және қарама-қарсы бағытқа секіреді.
б) кеудеге сүйеніпшарбаққа кеудемен ілініп, бір қолмен жоғарғы 
шетінен, екінші қолмен шарбақтың екінші төменгі жағынан ұстап, аяқ пен 
дене шарбақтың келесі бетіне лақтырылады.
в) ілгекпен — қолмен шарбақтың жоғарғы шетінен ұстап, аяқпен ілініп
тіреліп шығып және келесі бетке қарғып түсу.
г) күшпен — қолмен жоғарыға тартылып, серпіліп бір қолды тіреп, одан 
соң келесісін қою, тіреліп шығып және келесі бетке қарғып түсу
д) көмекпен— серіктестің көмегімен шарбақтың жоғарғы жаығын ұстап, 
жоғарыда аталған басып өту әдісінен басқа тәсілдерді


3 . Лақтыру және қағып алу жаттығулары 
Лақтыру және қағып алу жаттығулары күш, жылдамдық, ептілік, 
қимыл үйлесімділігі, көздеу және басқа да қимыл қабілеттерін дамытады.
Затты лақтыру үйлесімділігі қағып алуға қарағанда оңайырақ.
Лақтыру және қағып алу жаттығулары классификацияланады:
- алысқа лақтыру  
- көздеп лақтырыу және қозғалып тұрған бұйымға лақтыру  
- лақтыру және қағып алу
- асырып лақтыру
- жонглерлік ету 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет