1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні



Pdf көрінісі
бет38/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

Бір бірін көтеріп апару 
Арқалап тасу (31 сурет). Тасылушы тасушының артына тұрып оны 
иығынан құшақтайды; тасушы алға еңкейіп және тізесін сәл бүгіп, 
тасылушының балтырынан жоғарырақ (санынан) ұстап және, тіктеліп ап 
қимылдайды. 
Иықпен көтеріп апару (32 сурет). Тасылушы жолдастарына арқасын 
беріп аяғын алшақ ұстап тұрады. Тасушы бір тізерлеп тұрады да 
тасылушыны иығына отырғызады. Тасылушы орнынан тұрып, қимылды 


бастаған тасушының арқасын аяғының ұшымен тіреп, жолдасының басынан 
ұстанады. 
 
 
 
 
 
 
31 сурет. 32 сурет.
Екі қол қолдаумен тасымалдау (33 сурет). Тасылушы шалқасынан 
жатады, тасушы бір қолын тасылушының арқасына бір қолын тізесінің 
астына салады, ал тасылушы тасушының мойнынан ұстайды. Тасушы 
орнынан тұрып, қимылын. 
Бір қол қолдаумен тасымалдау (34 сурет). Тасылушы жерге қарап 
жатады, ал жолдасы оған қырымен тұрып, еңкейіп, бір қолымен ішінен 
айналдырып ұстап, тасылушыны өзіне қарай тартып құшақтайды және, 
қимылын жалғастырады. 
33 сурет. 34 сурет 
 5 Еңбектеу жаттығулары 
Кырымен еңбектеу (35 сурет). Иық пен келесі қол шынтағын тіреп, аттас 
аяқ санына, жерде жатқан балтыр және өкшемен сүйеніп, келесі аяқ тізесі 
жоғарыға бүгіліп, өкшесі жерген тірелген.
Ішке жатып еңбектеу (36 сурет). Кеудемен жатып, алшақ қойылған 
аяққа сүйену, бір аяқ тік, екінші бүгілген, қол сүйектері мен білек бүгілген, 
шынтақтар жанда).
Арқадағы серіктеспен еңбектеу (37 сурет). Бұл жерде серіктес қолдан 
келген көмегін береді.
35 
сурет.
36сурет. 37 сурет. 
6. Жәй секіру 
Қарапайым секірулерге орында тұрып, ұзындыққа, тереңдікке, көпірден 
лақтырылған, «терегезе», қысқа және ұзын секіртпеден секірулер жатады.
Секірулер екпін алудан, екі немесе бір аяқпен серпілуден, ұшу және 
жерге түсуден тұрады.
Орында тұрып секірулер бір немесе екі аяқпен орындалады.


Биіктікке секіру орында тұрып, тура және қисық екпін алумен, жерден 
бір немесе екі аяқпен серпілумен, кәдімгі немесе серіппелі көпірден 
орындалады.
Ұзындыққа секіру орында немесе екпін алып, жерден бір немесе екі 
аяқпен серпілумен, қатты немесе жұмсақ көпірден орындалып, 
бұрылулармен, қол қимылдарымен, көрсетілген жерге түсумен күрделенеді.
Тереңдікке секіруде гимнастикалық орындықты, қабырғаны, бөренені, 
ағаш атты, төсеніштер үйіндісін және т.б. жабдықтарды қолданады.
Лақтыратын (серіппелі) көпірден секіру орында тұрып немесе екпінмен 
келіп орындалады.
«Терезеге» секірулер жандары қадалармен, ал үсті мен асты түрлі 
биіктіктегі арқандармен шектелген кеңістікте орындалады.
Ұзын және қысқа секіртпеден секіру — жүгілулермен, секіріп 
түсулермен, топпен немесе кезектесіп жүгіріп кіру мен жүгіріп шығулармен
және т.б. орындалады.

Әдебиет 
1. Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподавания: учебник для 
ин-ов физ. культ.- М: Физкультура и спорт, 1987. 
2. Петров П.К. методика преподавания гимнастики в школе: учебник для 
ин-ов физ. культ.- М.: Физкультура и спорт, 2000. 
3. Брыкин А.Т. Гимнастическая тарминология.М.: ФиС, 1969.-190с. 
4.Шлемин А.М. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ.культ.–изд.2-е. М., 
1979. 
5. Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподования . Учебник для 
ин-тов физ. культ.–Изд.3. М., ФиС, 1987.
6. Меньшиков Н.К. Гимнастика и методика преподования . Учебник для 
ин-тов физ. культ. М., ФиС, 1990. 
7. Журавин М.Л. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ. культ. –Изд.2. М., 
ФиС, 2001.
№ 9 Дәріс тақырыбы. Акробатикалық жаттығуларды оқыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет