1-дәріс. Гляциологияның мазмұны мен негізгі бағыттары



бет6/15
Дата16.11.2022
өлшемі246.15 Kb.
#464962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәрістер ГН

Сұрақтар:

  1. Қар ұлпаларының қалыптасу заңдылықтары мен жағдайлары

  2. Қар классификациясы


6-дәріс. Мұздықтардың қалыптасу факторлары мен жағдайлары, олардың құрамы мен
гляциоклиматтық көрсеткіштері

Жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды мұз шоғырын(қорын) мұздық деп атайды. Олар таулы өлкелерде тек қарлы шеқарадан жоғары аймақтарда түзіледі. Мысалы, Іле Алатауында қар жиегі 3700-4000 м. биіктікте орналасқан. Алайда динамикалық процеске орай мұздықтар бұл шекарадан төмен түсе алады. Көлемі үлкен мұздықтар өз салмағынан жəне иілгіштік (пластичность) қасиеттерінің əсерінен таудан төмен қарай жылжиды. Мұздықтардың жылжу жылдамдығы тəулікте бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін жетеді.


Мұздықтардың негізгі сипаттамаларына оның кқлемі, ауданы, ұзындығы жатады. Мұздықтар аэрофтот және ғарыштық суреттерде айқын көрінеді. 1966-82жж «Каталог ледников СССР» жарияланып, онда барлық мұздықтардық толық сипаттамасы беріліп бір жүйеге келтірілді.
Мұздықтардың қалыңдығы радиозондирлеу әдісі арқылы анықталады. Радиолакациялық өлшеулер ұшақтан, тікұшақтан дистанционды түрдежер бетілік шағысытушылар және электромагниттік қабылдағыштар арқылы жүргізіледі. Мұздықтардың қоректенуі оның бетіне қар түрінде түсетін атмосфералық жауын-шашын есебінен, жел арқылы айдап алып келген жəне тау баурайларынан құлаған қардан, сонымен қатар мұздың үстінде ауадағы булардың суға айналуынан жүзеге асады.
Судың қатты фазасының, яғни қардың, фирнның, мұздың балансы жағдайларына қарай мұздықтың өзі аккумуляция жəне абляция зонасына бөлінеді. Мұздық массасының еру жəне булану арқылы кемуі абляция деп аталады. Абляция мұздықтың шеткі бөлігі қалыңдығының жұқаруына əкеліп соғады. Абляцияның қарқындылығы ауа температурасына тікелей байла-нысты. Температураның ауытқуымен қатар абляция да ауытқып тұрады. Сондықтан мұздықтың алдыңғы жиегі тұрақты орнында қалмай өзгеріп тұрады. Оның сəл ғана алға қозғалуы мен артқа шегінуі осциляция деп аталады. Мұздықтардың негізгі түрлері туралы айтсақ, ең алдымен ажырата белгілейтініміз, жамылғы мұздықтар немесе материктік мұздықтар жəне таулық мұздықтар. Таулық мұздықтар көбінесе биік тау беткейлерінде жəне аңғарлардың бастауында тараған. Мұздықтардың осы екі негізгі түрлерімен қатар тау етегі мұздықтары мен шельфтік мұздықтарды атап айтуға болады.
Жамылғы мұздықтар миллиондаған шаршы километр аумақтарды алып жатады жəне үсті жайпақ дөңестеу келеді. Мұндағы мұздар мұздықтың ортасынан шетке қарай жылжиды. Қазіргі кезде Жер шарында бар-жоғы екі материктік жамылғы мұздықтар бар. Олар Гренландия мен Антарктиданың мұз жамылғылары. Таулы өлкелердегі мұздық түрлері орографиялық орналасу жəне қоректену жағдайларына байланысты сан алуан түрлі. И.С.Щукин тау мұздықтарының мынандай түрлерін ажытарады:



  1. Қарлы мұздық (фирн) жəне қар дақтары - қар деңгейінен биігірек орналасқан өңірлерде таудың жайпақтау келген беткейлерінің ойпауытты жерлерінде түзелген мұздықтар. Бұл қар түскен күйінде жан-жағынан қоршаулы болғандықтан, доғалданып, қатып ірі түйірлі қарлар мен мұздардың (линза тəрізді) жиынтығы. Олар мұз басудың алғашқы сатысы болып саналады, немесе үлкен мұздықтардың кішіреюі салдарынан сақталып қалған кіші-гірім мұздықтар;

  2. Құламалы көлеңкелі беткейлердің етегінде қар көшкіндерінен жиналған баспалдақ тəрізді мұздықтар

  3. Ілінбелі немесе аспалы мұздықтар (висячие ледники) - таудың құламалы беткейлерінде кіші-гірім шұңқырларды толтырады да одан шағын тілденіп қана шығады. Егер мұздықтар қабақтан асып кетсе, онда төмен құлдырап, жолындағының барлығын қиратып, едəуір апат туғызуы ықтимал.

  4. Қарлық мұздықтар (каровые ледники) - тау басындағы беткейлерде орындыққа ұқсас шұңқырлардың түбінде түзелген шағын мұздықтар.

  5. Аңғарлық мұздықтар (долинные ледники) қар жəне жауын-шашын өте мол жағдайда пайда болады. Бұлар мұздық цирктерінен басталып негізгі аңғар арқылы төмен қарай созылып көптеген бүйірлік тарамдармен бірге косылып, бүкіл аңғарды алып жататын күрделі мұздық. Мұздықтың орта тұсындағы қалындығы жүздеген метрге дейін болады, төменгі тұсында сүйірленіп кемиді.

  6. Сөнген жанартау кальдерінде орналасқан кальдерлік мұздықтар (кальдерные ледники);

  7. Жанартау конустарының төбесін жауып жатқан мұздықтық бөрік (Кавказдағы Эльбрус пен Қазыбектің төбесіндегі мұздықтық бөрік жəне т.б.);

  8. Екі биік тау жотасынын, арасынан қоректенген екі жағына бірдей жылжып ағатын қоржын мұздықтар (переметные ледники).

  9. Норвегия немесе Скандинавия мұздықтарына ұқсас мұздықтар - таулы мұздықтар мен жамылғы мұздықтар арасындағы өтпелі мұздықтар (переход-ные ледники). Мұздықтардың мұндай түрлері үстірт тəрізді тегістелген тау өлкесін алып жатады. Кіндік ортасынан жан-жаққа таралған мұздық тау өлкесінің шетіне жеткенде жеке мұздықтық тілдерге (ледниковые языки) бөлініп, төмен қарай жылжиды.

  10. Қайта түзілген мұздықтар (возрожденные лединки) – мұздық жолында биіктеу келген жар қабақты кертпештерге кездескен кезде мұздықтың тұтастығы бұзылып, төменгі етегіне кесек-кесек мұз сенгірлеріне бөлініп түседі. Егер осы мұз кесектері еріп үлгермесе, олар бір-біріне жабысып, төмен гипсометриялық деңгейде жаңадан мұздықтар құрайды.

Тауда мұздықтардың пайда болуы қар жұрнағынан немесе фирн дақтары қалыптасу кезеңінен басталады. Қар шекарасына сəл жоғары тау басындағы беткейлердің ойпауытты жерлерде қыстай жиналған қар жазда еріп үлгермейді. Келесі жылы мұнда тағы да жаңа қар түседі. Сөйтіп қар біртіндеп фирнге, кейін мұзға айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет