1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет36/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Дәрістер жинағы

Жер шарының ең терең көлдері







Көл аты

Тереңдігі, м



Көл аты

Тереңдігі, м

1.

Байкал

1620

6.

Жоғарғы

393

2.

Танганьика

1470

7.

Титикака

304

3.

Каспий

1025

8.

Мичиган

281

4.

Ньяса

706

9.

Маракайбо

250

5.

Ыстықкөл

668

10.

Онега

127

Судың құрлықпен шектелген сызықтарының ұзындығы жағалау сызығының ұзындығы деп аталады.


Көл суының балансы. Табиғаттағы кез-келген көлге физикалық-географиялық тұрғыда сипаттама бергенде, көл суының балансын анықтаудың маңызы зор. Көл суының балансы судың кірісі мен шығысы арқылы сипатталады.

Көл суының кірісі: атмосферадан келіп түскен ылғал мен беткі және жер асты ағынынан құралады. Атмосфералық ылғал екі түрлі болып келеді: біріншісі, көл бетіне атмосферадан келіп түскен жауын-шашын, екіншісі, көл суы температурасының, қоршаған орта температурасынан төмен жағдайында жүретін су буының конденсациясы.


Көл суының шығысы: көл бетінен булану мен беткі және жер асты ағынынан құралады.
Көл суы көлемінің өзгерісі, оның кірісі мен шығысының айырмасына байланысты. Көлдің су балансы оның деңгейінің ауытқуын анықтайды, оң баланста су деңгейі көтеріледі, теріс баланста су деңгейі төмендейді (29-сурет).





29- сурет. Көл суының балансы

Жер шары көлдері су балансының ерекшелігіне қарай: ағынды және тұйық болып бөлінеді. Егер көлге өзен құйып, қайтадан өзен ағып шығатын болса, ағынды көл деп аталады. Мысалы, Байкал, Онега, Ильмень, Женева көлдері.


Егер көлге өзен құйып, қайтадан көлден өзен ағып шықпаса тұйық көл деп аталады. Мысалы, Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлі. Әдетте, ағынды көлдер суы тұщы, ағынсыз көлдер суы тұзды болып келеді.
Көл суы құрамындағы еріген тұздарының химиялық құрамына қарай: хлоридті, карбонатты және сульфатты болып бөлінеді. Тұзды көлдердің тұздылық концентрациясы 24– 26 ‰ шамасында болады. Жер шарындағы суының тұздылығы жоғары көлдер – Гюсгунтаг (374 ‰) пен Өлі теңіз (270 ‰).
Жер шарында тұзды көлдер арасында хлоридті көлдер кең тараған. Мұндай көлдерден ас тұзын өндіреді. Мысалы, Эльтон, Басқұншақ, Арал теңіз және т.б.
Көлдер жер шарының барлық бөлігінде дерлік таралған, бірақ құрлықтар бойынша біркелкі таралмаған. Көлдердің ең көп тарағаны – Солтүстік Америка материгі, мұнда көлдер жалпы жер бетінің 2-ын алады. Материктің ірі көлдеріне: Ұлы көлдер, Үлкен аюлы, Үлкен, Еріксіздер, Винипег, Атабаска және т.б. жатады.
Екінші орында Азия құрлығы, мұнда көлдер жалпы жер бетінің 1,4%-ын көлдер алып жатса, одан әрі Африка (0,7%), Еуропа (0,6%), Аустралия мен Оңтүстік Америка (0,3%) алады. Финляндия мен Швеция елдерін “мыңдаған көлдер елі” деп атайды. Кең байтақ республикамыз да көлдерге бай.
Қазақстанда 48 262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45 002 км2. Әлемдегі ең үлкен көл– Каспий теңізі Қазақстан аумағында орналасқан.
Көлдердің шарушылық маңызы. Көлдер – табиғаттағы тұщы суы қоры. Көл суын адам баласы ықылым заманнан, күнделікті ауыз су ретінде тұтынады. Ауыл шаруашылығында–мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының барлық салаларында да кеңінен пайдаланады. Көлдер су көлігі қатынасы үшін маңызды роль атқарады. Мысалы, Каспий теңізі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран мемлекеттері арасында тұрақты байланыс орнаса, Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер (Жоғарғы көл, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио) АҚШ пен Канада елдері арасындағы негізгі су жолы қызметін атқарады. Ресейдегі Онега мен Ладога көлдерінде де кеме қатынасы үзілмейді. Көлдердің кәсіптік маңызы да ерекше, оның су қойнауы түрлі жануарлар мен өсімдіктерге, әсіресе, алуан түрлі балық түрлері тіршілік етеді. Тұйық көлдерден ас тұзы өндіріледі, мысалы, Арал, Басқұншақ.
Көлдер – табиғаттағы адам баласының дем алып, бой жазып, сергіп, тынығатын және денсаулығын қалпына келтіретін туристік-рекреациялық ресурстар: минералды суын ішу, суға шомылу, балық аулау сияқты емдік-сауықтыру орны саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет