№1 ДӘріс заманауи педагогтың КӘсіби дамуындағы педагогикалық зерттеудің РӨлі мен маңызы жоспар


Педагогтың ұйымдастырушылык іскерлігі



бет7/10
Дата08.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#476982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Педагогикалық зерттеулер Лекция 1

Педагогтың ұйымдастырушылык іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалім еңбегінен ажырамайтын, бөлінбейтін, үнемі қатар жүретін тұтас педагогикалық үдерісті басқарудың негізгі шарты. Бұл іскерліктің өзіндік ерекшеліктері бар: жұмыс түрін анықтау, мақсатын белгілеу, жұмыстың орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын үйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ыкпал жасау, басқаларды бір іске жұмылдыра алу іс-әрекеттерінен құралады.
Педагогтың зерттеушілік іскерлігі. Зерттеушілік іскерлік мұғалімнің әрбір әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуын, іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізе алуын, сонымен қатар озық тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға ғылыми-теориялық, практикалық талдау жасай алуын және мектеп өміріне енгізе білуін қамтиды.
Педагогтың жобалау (проективтік) іскерлігі–оқыту және тәрбие үдерісінің перспективалық міндеттерін терең түсіне отырып, оған жетудің стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу үдерісінің жаңа жобасын құрастырып, оны іске асырудың тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның орындалуында ата-аналардың, оқушылардың қатысуын қарастыруы, қоғаммен байланыстылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып табылады.
Педагогтың рефлексивтік іскерлігі. Өз іс-әрекеттерін бақылап бағалау, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдау, өзін басқалармен салыстыра отырып, нені өзгертудің қажеттілігін түсіну арқылы педагогтың кәсіби тәжірибесі жетіле түсетіні анық.
Қарастырылып отырған іскерліктер бір-бірімен тығыз байланысып келеді және өзара бірін бірі күшейте түсіп отырады.
6. Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті - педагог-зерттеушінің кәсіби дамуының негізі педагогтің кәсіби шеберлігін арттырудағы педагогикалық, желілік қауымдастықтар мен ынтымақтастықтың рөлі.
Кез-келген зерттеу жүргізудегі ең маңызды компонент – зерттеу этикасы.
Зерттеу этикасы зерттеу процесін жүргізу барысында зерттеуші немесе зерттеушілер тобы басшылыққа алуы тиіс қағидалар. Мұндай этиканың болуы маңыздылығы көп жағдайда 2 аргументпен негізделеді:
Біріншіден, зерттеуге қатысушы тұлғаларға қандай да бір физикалық немесе психологиялық теріс ықпал (зақым) келтіруге жол бермеуді ескеру үшін қажет;
Екіншіден, зерттеуді сапалы жүргізу тұрғысынан өзекті. Осыған байланысты зерттеушілер арасында этикалық нормаларды зерттеу стратегиясының ішінде қарастыру дәстүрі қалыптасқан.
Зерттеу жүргізу кезінде зерттеушілердің белгілі бір этикалық қағидаларды ұстануы сынаққа қатысушылардың қауіпсіздігін сақтауды, оларға теріс әсерді азайтуды ойластырғанын аңғартады. Бұл білім саласында, оның ішінде кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты зерттеу жүргізушілер міндетті түрде назарға алуы тиіс зерттеу стратегиясының компоненті. Ал, орта білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогтердің зерттеу нысаны негізінен білім алушылар болатыны анық. Сол себепті зерттеу жүргізгісі келген педагогтердің ғылымда орныққан этикалық ережелермен таныс болуы қажет.
Зерттеу этикасы белгілі бір нормалар мен қағидалар жиынтығын құрайды. Олар зерттеудің практикалық кезеңі басталмай тұрып алдын ала белгіленеді. Басқаша айтқанда зерттеу стратегиясын әзірлеу барысында бұл этикалық нормалар айқындалуы тиіс. Зерттеудің одан кейінгі барлық кезеңдерінде айқындалған этикалық нормалар басшылыққа алынады.
Кез-келген зерттеуші алдымен өз саласындағы қоғамдастық ішінде қалыптасқан зерттеу этикасымен таныс болуы тиіс.
Елімізде «Білім саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігі әзірлеген Қазақстандағы білімді зерттеушілердің этикалық кодексі бар (Бұдан әрі – Этикалық кодекс). Зерттеу жүргізгісі келген педагогтың осы Этикалық кодекспен танысуы, ондағы нормаларды білуі маңызды, тіпті міндет. Одан кейінгі назар аударылуы тиіс мәселе зерттеу тақырыбына, нысанына және әдіснамаға қарай этикалық нормаларды қалыптастыру. Бұл тұста осы тақырыпта, бағытта зерттеушілер ұстанған, осы тәсілді қолданушы ғалымдар ұсынған этикалық аспектілерді зерделеу керек. Ол этикалық 19 аспектілер ғылыми қоғамдастық арасында орныққан немесе ғалымдар өз тәжірибесінде кездескен мәселелерді ескере отырып жасаған ұсынымдар болып табылады. Бұл үшін педагогтерге этика мен зерттеу практикасы бойынша жазылған ғылыми жарияланымдарды қарау ұсынылады.
Этикалық мәселе бойынша жарияланған академиялық публикацияларда оқу нәтижесінде және оларға сілтеме жасай отырып зерттеуші өзі ұстанатын этикалық нормаларды негіздей алады.
Осы тұста ескерілуі тиіс маңызды мәселе – ол зерттеу тәсіліне қарай этикалық нормалар мен зерттеушіге қойылатын талаптардың қаталдығы өзгереді. Сандық тәсіл арқылы жүргізілетін зерттеулер көп жағдайда зерттеуші мен зерттеу объектісі (зерттеуге қатысушылар) арасында тікелей қарым-қатынас болуына, респонденттердің жеке басына қатысты мәліметтерді көбірек жинауға жол бермейді. Осыған байланысты мұндай тәсілмен зерттеу жүргізетіндер ұстанатын этикалық қағидалар сапалық тәсілмен зерттеушілер басшылыққа алатын нормаларға қарағанда салыстырмалы түрде жеңілдеу келеді.
Ал, сапалық тәсілді қолданатын зерттеушілер көп жағдайда мәліметтерді зерттеуге қатысушы респонденттермен тікелей байланысу, жүзбе-жүз кездесу арқылы жинайтындықтан оларға қойылатын этикалық нормалар қаталдау.
Себебі тікелей байланыс барысында зерттеуші респонденттің жеке өміріне, денсаулығына, басқа индивидтермен қарымқатынасына, психологиялық-эмоциялық жағдайына, коммуникативтік-сөйлеу мәнеріне, физикалық-антропологиялық келбетіне, имидждік-стильдік ұстанымына қатысты ақпарат алады және бақылау жасау мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, зерттеуге қатысушының қоғам, қоршаған орта, басқа индивидтер жалпы сыртқы әлем туралы көзқарасын біле алады. Зерттеуге қатысушының ішкі жан дүниесіне қатысты және өзі сыртқы ортамен бөлісуге келісім бермеген ақпаратты ешкімнің тарату құқығы жоқ. Зерттеушілер осыны ескеріп, тек қатысушы келісім берген ақпаратты ғана пайдаланып, қалған ақпаратты ешкіммен бөліспеуі тиіс.
Ал, зерттеуге қатысушылар кәмелет жасына толмағандар болса, онда тіпті күрделі. Мұндай жағдайда ғылыми қоғамдастық ішінде қалыптасқан талаптар зерттеушіден ата-анасының немесе қамқоршысының келісімін алуды міндеттейді және өзіндік тұлға ретінде енді қалыптасып келе жатқан жастың жағдайын ойлауын ұсынады. Жалпы, ғылыми ізденіс жүргізгісі келген педагогтер зерттеу тәсілі мен қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты академиялық ортада қабылданған дәстүр туралы материалдарды, ғалымдар арасындағы дискуссияларды қарағаны жөн.
Жеке тұлға өзінің саналылығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның дайын заттарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның өзгеруіне, қоғамның дамуына зор ықпал ете алады. Адамзаттың қоғамдық тарихи даму үдерісінде қалыптасқан материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы мәдениет ұғымымен анықталады.
Тұлға мәдениеті зерттеуші-ғалымдардың пікірінше мынандай бағыттарды қамтиды:
- ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана білу;
    • материалдық құндылықтардың рухани құндылықтарды жоғары бағалай білу;
    • жан-жақты дамыған, қызығушылықтары кең, рухани қажеттіліктеріне сай ұстанымдарын қалыптастыру;
    • өз Отанының, туған өлкенің даму тарихын, халық салт-дәстүрлерін, ауыз әдебиетін, халық өнерін біліп бағалау;
    • мәдениеттің барлық саласынан хабардар болып, ондағы шығармашылықты бағалай білуі (музыка, сәулет өнері, театр, дизайн, би т.б.);
    • әр маманның өзін-өзі ұйымдастыру, өздігінен даму мәдениетін меңгеруі.

Адамзат қоғамына қатысты мәдениет түрлі қызметтер атқарады: адамды калыптастыру, мұрагерлік, танымдық, реттеу, коммуникативтік, қарым-қатынастық, т.б. қызметтері бар. Жоғарыда аталып отырған қызметтер арасында мәдениеттің қарым-қатынастық қызметінің ерекше көрініс табуының бірден бір себебі-адамдардың әлеуметтік қатынастар субъектісі ретіндегі өзектілігі.
Жеке тұлға бір жағынан, мәдениет туындысы болса, екінші жағынан,мәдениетті жасаушы, өңдеуші, түрлендіруші, қалыптастырушы ретінде қарастырылады.
Мәдениетті меңгеру арқылы жеке тұлғаның рухани құндылықтары қалыптасады (ақыл, сенім, дүниетаным, сезім, ерік, т.с.с.).
Мәдениет кеңістігінде әр жеке тұлғаның өмірге деген қатынасы арқылы оның рухани құндылықтары, өмірлік ұстанымдары айқын көрініс тауып, өзінің құндылықтық бағдары мен қабілеттеріне сай бір кәсіби саланы таңдайды. Осыдан кез келген кәсіптің өзіндік құрылымы бар екенін аңғаруға болады:кәсіби іс-әрекет пәні, құралы, нәтижесі. Әр кәсіби іс-әрекет өзіндік мақсаты, міндеттері, мазмұны, құндылығы, әдістер мен әдістемелерімен ерекшеленеді. Бір кәсіп төңірегінде қызығушылықтары, бейімділіктері ұқсас адамдар, бір кәсіпті таңдап, бір кәсіби топ мүшелері атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет