1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі, мәні және міндеттерін сипаттаңыз. Əлеуметтік камсыздандыру құқығы


Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының функцияларын сипаттаңыз



бет3/23
Дата26.11.2023
өлшемі62.83 Kb.
#484469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҚ СЕССИЯ

6.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының функцияларын сипаттаңыз.
Əлеуметтік қамсыздандырудың мəні келесі функциялардан көрініс табады:
- саяси;
- экономикалық;
- əлеуметтік;
- еңбек;
- демографиялык;
- сауықтыру.
Əлеуметтік камсыздандырудың саяси функциясы əлеуметтік тұрактылыкты сақтаудан жəне халыктың əртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы қоғамдағы əлеуметтік шиеліністі əлсіретуден көрініс табады.
Əлеуметтік қамсыздандырудың əкономикалық функциясы жасына, еңбекке қабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан жəне тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.
Əлеуметгік камсыздандырудың əлеуметтік функциясы əлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жəрдем көрсетуіне мұктаж азаматтар санаттарына оларға қосымша қаржы беру жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.
Əлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы əлеуметтік қамсыздандырудың барлык түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуынан көрініс табады. Олардың даму деңгейіне əлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің барлық буындары тəуелді болады.
Əлеуметтік қамсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халыктың өзге де əлеуметтік тұрғыдан əлсіз топтарының қоғамдык мəртебесін калпына келтіру үшін калыпты жағдайлар жасауда іс табады. Бұл аталған тұлғалардын өздерін қоғамньң толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Əлеуметтік камсыздандырудың демографиялық функциясы елдің халык санының көбеюін көтермелеуге бағытталған.
7. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көзі түсінігін сипаттаңыз.
Əлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада əлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін, əлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті əлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін əлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, құзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады. Əлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары аныктайды. Яғни, əлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттің уəкілетті органдарының құқықты қалыптастыруға, оған зандар, жарлықтар, қаулылар жəне өзге де нормативтік құқыктық актілер нысанын беруге байланысты тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз құқық қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз. Сонымен, əлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының зейнетақы жəне өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығармашылық қызметінің нəтижелерін түсінуге болады. Басқаша айтар болсақ, əлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері - бұл əлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет