10. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы құқықтық қатынас субъектілерін түсіндіріңіз.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері болып мыналар табылады:
1. жеке тұлға (немесе отбасы);
2. мемлекеттік органдар.
Əлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың субъектілері болып келесі жеке тұлғалар табылады:
• Қазакстан Республикасының азаматтары;
• асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылық құқықтық қатынастар болған жағдайда - отбасы;
• егер заңдарда жəне халықаралык шарттарда ерекше көзделмесе, Қазакстан Республикасының аумағында тұракты түрде тұратын шетелдік азаматтар;
• егер заңдарда жəне халықаралык шарттарда ерекше көзделмесе, Қазакстан Республикасының аумағында тұракты түрде тұратын азаматтығы жок тұлғалар.
Əлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың тағы бір субъектісі болып мемлекеттік органдар табылады.
Оларға мыналар жатады:
• халықты əлеуметтік қорғау органдары, бұлар жəрдемақыларды, зейнетақыларды төлейді, қызмет көрсетеді жəне т.б.;
• жекелеген министрліктер мен ведомстволардың арнайы зейнетақы қызметтері (мысалы, ішкі істер органдары, прокуратура, Əділет министрлігі жəне т.б.);
• зейнетақылық төлемдерді жүзеге асыратын əртүрлі жинақтаушы зейнетақы қорлары; халықты жұмыспен қамту органдары. Олардың құзыретіне жəрде-мақылар төлеу, адрестік əлеуметтік көмек көрсету, біліктілікті көтеру жəне жұмыссыздарды қайта дайындау жəне т.б. жатады;
• денсаулык қорғау органдары, бұлар мемлекеттік мекемелерде зей-неткерлердің жекелеген санаттарына тегін медициналық қызмет көрсетеді;
• халыққа білім беру мекемелері, бұлар ата-аналарының қорғаншылығынан жəне қамкоршылығынан айырылған балаларды интернаттарға жəне т.б. балалар мекемелеріне орналастыруға жауап береді.
11. Жәрдемақы түсінігі және түрлерін түсіндіріңіз.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы жәрдемақылар – бұл заңдарда көзделген жағдайларда берілетін, азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету сипатына не мерзімдік ақшалай әлеуметтік төлемдер.
Жәрдемақылардың түрлері:
Мүгедектілігіне байланысты жәрдемақылар;
Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақылар;
Жасына байланысты жәрдемақылар;
Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар;
Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар;
Бала туған кезде берілетін жәрдемақылар;
Балалары бар азаматтарға берілетін жәрдемақылар;
Оралмандарға берілетін жәрдемақылар;
Қолайсыз аудандарда тұратын азаматтарға берілетін жәрдемақылар;
Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін өзге де жәрдемақылар.
Достарыңызбен бөлісу: |