1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі, мәні және міндеттерін сипаттаңыз. Əлеуметтік камсыздандыру құқығы


Әлеуметік қамсыздандыру құқығының жүйесі түсіндіріңіз



бет4/23
Дата26.11.2023
өлшемі62.83 Kb.
#484469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҚ СЕССИЯ

8. Әлеуметік қамсыздандыру құқығының жүйесі түсіндіріңіз.
Əлеуметтік қамсыздандыру құқығы, кез келген құқық саласы сияқты, қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл құқыктык нормалар өзара белгілі бір байланыста болады жəне түрлі институттарды құрайды. Сол себепті, əлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі - бұл белгілі бір, ғылыми негізделген кезектілікте орналасқан, объективті түрде өзара байланыста болатын құқыктық институттар мен нормалардың жиынтығы. Əлеуметтік .қамсыздандыру құқығы» оку курсының жүйесі - бұл үш бөліктен (жалпы, ерекше жəне арнайы) тұратын құқықгық нормалардың ғылыми негізделген түрлері жəне құрылымы.
Жалпы бөлім мыналарды көрсететін нормалардан тұрады:
• қағидалар мен міндеттер;
• азаматтардың əлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі құқықтары;
• мемлекеттің, зейнетақылық қорлардың жəне жергілікті өзін-өзі баскару органдарының əлеуметтік қамсыздандыруды құкықтык реттеуге қатысты кұзыретін ажырату.
Əлеуметтік қамсыздандыру құқығының ерекше бөлімінің кұрылымын келесідей көрсетуге болады (институттар бойынша):
• азаматтарды жасына карай əлеуметтік қамсыздандыруға құқықтарын қорғау жəне сақтау;
• жасына байланысты зейнетақылар;
• мүгедектігі бойынша зейнетақылар;
• еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
• əлеуметтік зейнетақылар;
• асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар:
• еңбек зейнетақыларын тағайындаудың, есептеудің жəне төлеудің тəртібі;
• қарттарға жəне мүгедектерге əлеуметтік қызмет көрсету;
• жұмыссыздығына байланысты жəрдемақылар;
• еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жəрдемақылар жəне т.б.
9. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды түсіндіріңіз.
Əлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар қоғамдык қатынастардың бір түрі болып табылады. Олар бір мезетте əлеуметтік қорғану құқығын жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады. Кез келген құқықтық қатынастар сиякты əлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың əсерімен туындайды, өзгереді жəне токтатылады. Сол себепті, құқықтық қатына-стар ретінде қатынастар қатысушылары (субъектілері) арасындағы байланыстар, сонымен қатар, олардың өзара құқықтары мен міндеттері аталады.
Əлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқыктық қатынастардың элементтеріне мыналар жатады:
• құқықтық қатынастардың субъектілері;
• құқықтық қатынастардың объектілері;
• құқықтық қатынастардың мазмұны;
• құқықтық қатынастардың туындау. өзгеру немесе токтатылу негіздері (заңды фактілер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет