1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі, мәні және міндеттерін сипаттаңыз. Əлеуметтік камсыздандыру құқығы


Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ерекшелігін түсіндіріңіз



бет6/23
Дата26.11.2023
өлшемі62.83 Kb.
#484469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҚ СЕССИЯ

12.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ерекшелігін түсіндіріңіз.
Азаматтардың еңбекке қабылетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелестен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін кездері болады. Мұндай кездерде мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді
Жәрдемақылар, әлеуметтік көмек сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүруінің жалғыз көзі болып табылған кездері болған. Бұл 90-жылдарда әлеуметтік күйзеліс пен жұмыссыздық белең алған кезде, әсіресе, көпбалалы жас отбасылар үшін аса қажет болды..
Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты – отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған кезде мемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.
13.Жәрдемақы тағайындау шартын түсіндіріңіз.
Жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін. Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде, адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін МӘС бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға өтінішті жәрдемақыға құқығы бар өтініш беруші тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға береді. Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда мүгедектігі бойынша жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет