17. Жәрдемақы тағайындау мерзімдерін атап көрсетіңіз
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңдарында жәрдемақылардың мөлшерін анықтаудың бірыңғай тәртібі анықталмаған, сол себепті жәрдемақылардың мөлшерін анықтау ұшін бірнеше тәсілдер көзделген.
1тәсіл – жәрдемақының мөлшерін негіздік сомада анықтау. Бұл тәсілмен, негізінен, уақытша жоғалтылған жалақыны өтеуге бағытталған және табыстың өзге көздерімен бірге төленетін жәрдемақылардың мөлшері анықталады.
Жәрдемақының мөлшерін анықтау үшін негіздік сома ретінде айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
2-тәсіл – жәрдемақының мөлшерін өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне немесе кедейліктің шегіне қарай анықтау. Мемлекет жәрдемақылардың жекелеген түрлерінің мөлшерін, өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне қарай анықтайды. Бұл жәрдемақылар көмекке мұқтаж азаматтарды қандай да бір өмір сүру көзімен қамтамасыз ету мақсатында беріледі.
3-тәсіл – бұл жәрдемақының мөлшерін оны алушының жалақысына қарай анықтау. Осы тәсіл арқылы жәрдемақы алушының уақытша жоғалтылған жалақысын толығымен немесе ішінара өтеуі тиіс жәрдемақылардың мөлшері анықталады. Мысалы, жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты, жәрдемақылар орташа айлық жалақы есебінде төленеді.
18.Мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі атап көрсетіңіз.
Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар МӘС бөлімшесі бeлгілeгeн мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.
Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектік тобы өзгертілген күннен бастап жүзеге асырылады. Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда, жәрдемақы ол еңбекке қабілетті деп танылған айды қоса алғанда төленеді.
Егер мүгедек адам қайта куәландыруға осы үшін тағайындалған мерзімде МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, бұл тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін қайта басталады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |