Ғылым тарихы, социологиясы және психологиясы.
Ғылым тарихы — ғылыми білімнің тарихи дамуын зерттеу болып табылады. Ғылымның дамуы адамзат ақыл–өрісініӊ, жалпы интеллектуалды дамуының қалыптасуыныӊ бір ажырамас бөлігі болды. Сол себепті ғылымның дамуы келесі процесстермен тікелей байланысты:
сөйлеу қабылетінің қалыптасуы;
есептеудіӊ дамуы;
өнердің пайда болуы;
жазудың қалыптастыру;
Әлемнің құрылысы туралы дүниетанымдықтыӊ қалыптасуы (миф);
философияның пайда болуы.
Жалпы білім беруде ғылым тарихы мен философиясы пәнінің басты мақсаты тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, нысана жас маманда эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру.
Ғылыми әлемді танудың ерекшеліктері қандай? Бұл мәселе философиялық және ғылыми ой тарихында бірнеше мәрте көтерілді, оған жауап ғылым қай тұрғыдан қаралғанына байланысты болды. Егер ол натурфилософияға енсе, онда ғылыми әлемді тану айырмашылығы тек танымдық және жалпылық деңгейімен түсіндірілді. Осы негізде Аристотель «Бірінші философия» (кейінгі метафизика) бөліп қараған. Егер ғылым 62 позитивизмге тән басқа әлемді тану түрлеріне қайшы келсе, онда ғылыми әлемді тану адами рухтың, сананың өсуі деп түсіндірілген. Бұл ойды О.Конт және оның жақтастары дамытты, ғылыми әлемді тану адамның бұдан әрі даму мәселелеріне жауап береді дейді. Бұл көзқарастар бір жақты болды және ғылыми әлемді тану спецификасын ескерген жоқ. Ғылыми әлемді тану мәселесі ғылыми ортада талқыланды. Мысалға, Вернадский өзінің қазіргі ғылыми әлемді тану тарихы жөніндегі дәрістерінде (Мәскеу университетінде 1902-1903ж. студенттерге оқылған) ғылыми әлемді танудың басқа әлемді тану түрлерінен айырмашылығын ғана емес, олардың өзара байланысының үздіксіздігі туралы жазған. Ғылыми әлемді тану аяқталған, анық, дайын түрде емес, өзінің қалыптасу, басқа әлемді тану түрлеріне әсер ету үрдісіне философия, дін, өнерге әсерлесетін нақты тарихи түрде қаралған. Вернадскийдің пікірінше, ғылыми әлемді тану шындыққа тән емес. Ақиқатты тек ғылым ғана іздемейді. Сондықтан ғылыми деген таза және алмастырылмайтын ақиқаттың көрінісі деген ой дұрыс емес. Ақиқат – үнемі қол жете бермейтін идеал. Тек нақты дәлелденген деректер мен олардың эмпирикалық жалпыламаларда көрінген ғылыми әлемді танудың біразы ғана ғылыми ақиқат болады, ал гипатетикалық (болжамдық) және теоретикалық құрылымдар – салынған ғылым және ғылыми ақиқат шіркеуінің көмекші «ормандары» ғана болады. Ғылым әлемді тануда мынадай аспектілерді қарастырады: Біріншіден, адамның әлемге сан түрлі қатысынан (байланысынан) ғылым гносеологиялық, субъект – нысандық қатысты іріктеп алады. Ғылымды шындық аспектісінде қараластырады. Екіншіден гносеологиялық қатыстылық негізгі ғылыми зерттеу принциптеріне бағынуы тиіс.
Ғылым өзі көп анықтамалардың иесі, бірақ үш негізде (қырында) көрінеді: қызмет түрінде, пəндік аумақтардың жүйесі, əлеуметтік институт ретінде. Бірінші түрінде, ол қоршаған ортаның заттары мен құбылыстардың байланысын логикалық тұрғыда тануға бағытталған. Қызмет немесе іс-əрекет түрінде, ғылым мақсаттылық пен шешім қабылдау, таңдау, жауапкершілік атқару алаңына кіреді. Осы жағдайға В.И. Вернадский назар аударған: «ғылымның негізгі мағынасы тірі адамдардың ғылыми жұмысынан тұрады». Өзінің екінші мағынасында, ғылым білім жүйесі болып, объективтіліктің өлшеміне сай, шындық пен ақиқаттың көрінісі, дербес позицияны алуға тырысады, саяси жəне əлеуметтік өмірден өзін босатуға тырысады. Ақиқат - ол ғалымдардың арманы да, мақсаты да, өмірлерінің мəні де, ғылымды құрастыратын элемент жəне оның негізгі құндылығы. Үшінші, институционалдық түсінігі бойынша, ғылымды қоғамдық сананың бір түрі деп түсінеді, басқа қоғамдық саналармен (дін, саясат,құқық, өнер т.б.) тығыз қатыста. Ғылым əлеуметтік институт жəне қоғамдық сананың түрі ретінде ғылыми-техникалық білімді өндіреді жəне ғылыми ұжымдар мен ғылыми қоғамдар, жүйе нормалар мен құндылықтар арасындағы байланысты қамтиды. Тек ХХ ғ. шіркеу мен заңгер кəсібіне тең ғалым кəсібі де дамиды. Дж. Бернал ғылым туралы ғылымның салушысы ғылымға анықтама беру үшін келесі жақтарға назар аударуға болады дейді: 1) институт ретінде; 2) əдіс; 3) білім дəстүрінің жинағы; 4) өндірістің даму факторы; 5) адамның дүниеге қатысы жəне сенім тудырудың негізгі факторы.
Қазіргі технократтық ғылымдардың максимасы: «Бəрі ғылымды болмау керек, тек ғылыммен тексеріліп, дəлелдену керек». Сөйтіп, ғылым мəдениетте қалыптасқан дəстүрлер, құндылықтар мен нормаларға бағынады. Танымдық қызмет мəдениет болмысына кіреді. Осыдан, ғылымның мəдени-технологиялық функциясы анық, адам материалын өңдеу. Ғылымның мəдениеттік қызметі тек нəтижеге емес, мəдениеттің мүмкіндігі болып табылады. Ғылымның мəдениеттік қызметі процесуалдылығымен мықты. Ол адамды қызмет пен танымның субъектісі ретінде қалыптастырады. Индивидуалдық таным өзі мəдениетті, қоғамдық түрде өткізіледі. Индивид əлеуметтену барысында дайын əдістер мен құралдарды қолданады. Тарихи тұрғысында адамзат бəріне ортақ тіл, қарулар мен өзгеше анықтамалар, ұғымдарды қолданады. Ғылыми білім адамның қарапайым өміріне толық кіріп, адамдардың санасы мен көзқарастарын қалыптастырып, сөйтіп, қоғамдық ортаның қажетті компоненті, сол ортада тұлғаның қалыптасуы айқын. Ғылым этосы: интеллектуалдық жəне əлеуметтік жауапкершіліктер туралы мəселе; моральдық жəне адамгершілік тұрғысында таңдау жасау; шешім қабылдауда тұлғалық аспект; ғылыми қоғамда адамгершілік жағдайды тудыру. Ғылым қоғамдық процестердің əлеуметтік меңгеру факторы. Осының бəрі білім беру, тəрбие жүйелері арқылы қалыптасады. Біліммен тек 6-8% адамдар айналысады; ХХ ғ. аяғында əлемде ғалымдардың саны 5 млн. астам болады; 15 мың ғылыми пəндер қалыптасқан; қазір ғылыми шоғырлану мен пəнаралық тенденциялар үстемді.
Достарыңызбен бөлісу: |