Ғылыми танымдағы философияның әдіснамалық қызметі.
Философияның әдіснамалық қызметі (латынша функция — орындау деген сөз) танымның және адамның нағыздықты игеруінің мейлінше жалпылама әдістерінің жиынтығынан болғандықтан да көрінеді. Өзге ғылымдардың әдістері сияқты, философиялық әдістер де адам қызметінің практикасынан бастау алады және де объективті дүниенің даму заңдары мен логикасының шағылуы болып табылады. Бұл, әрине, ғылымға сүйенетін философияға катысты. Афина батыры Тесей және Крит патшасы Миностың қызы Ариадна туралы аңыз ғасырлар тұңғиығынан бізге жетті. Миностың талабы бойынша, афиналықтар патша сарайының астындағы лабиринтте тұратын құбыжық — Минотаврға азыққа жыл сайын жеті жігіт пен жеті қыз беріп тұруға міндетті болады. Тесей өзінің халқын бұл қорлықтан құтқаруды ойлайды, Минотаврды өлтірмек болады. Оған сүйген қызы Ариадна көмекке келеді. Ол Тесейге қылыш пен жіп береді. Жіпті босағаға байлап, Тесей лабиринтке кіреді, Минотаврды өлтіреді. Сонан кейін жіпті бойлап отырып лабиринттен шығады. Осыдан қалған "Ариадна жібі" деген ұғым қазір қиын жағдайда жол табуға көмектесетін идея дегенді білдіреді. Ғылыми таным белгісіз тылсымға бастап апаратын жол сияқты. Ол жолда ғалымды діттеген мақсатына оңай жеткізетін нұсқаулар жоқ. Мұндай жағдайларда не істеу керек? "Қолданып көру және қателесу" әдісін пайдалану керек пе, әлде барлық мүмкіндікті іске қосу керек пе? Мұндай стратегия қараңғыда адасуға алып барады. Ғалымға әрқашан оны жаңа білімге бастап алып баратын идея керек. Оның қайнар көзі философия болып табылады. Ғылымның жетістіктеріне сүйенген философия "Ариаднаның жібі" қызметін атқарады, ғылым лабиринтінде дұрыс бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Философияның әдіснамалық қызметі — ғылыми және әлеуметтік танымды сыннан өткен, тексерілген ережелермен, нормалармен, әрекет әдістермен қамтамасыз етуінде. Бүл әрекет ету әдістерінің жиынтығы ойлай білетін адамға қойылатын талаптар.
2.Таным әдістемелерінің жіктелу түрлері.
Ғылыми таным əдістерін қолданудың басты мақсаты - шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Тағы бір көңіл бөлетін жəйт, зерттеуші ғылыми танымның əдістерін өз қалауы бойынша, қалай болса солай белгілей салмайды. Əдістер зерттелмек болып отырған объектіге тəн ерекшеліктер мен заңдылықтар негізінде таңдап алынады. Бұл тұрғыдан алғанда əдістер объективті сипатта болады, сөйте тұра олар адамның рухани қызметінің нəтижесі болып табылады жəне де ол тек адам санасында өмір сүреді. Сондықтан да əдіс объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігін құрайды. Ғылыми танымның əдістері өте көп əрі сан салалы, себебі танып-білудің объектісі болып табылатын материалдық жəне рухани дүниенің өзі көптүрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық əдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1) жалпылама диалектикалық əдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге жəне таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады;
2) жалпы ғылыми əдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді;
3) жекеше əдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.
Ғылыми танымның жалпы əдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық жəне теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі əр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен əдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Əрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көк жиегін əлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тəжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нəтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең колданылатын ең қарапайым əдіс - бақылау деп аталады. Оның мəні - зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Мысалы, бидайдың бір сортының өсіп-өну ерекшелігін зерттеу мақсатында көктемгі егістен күздегі жиын-терімге дейінгі аралықта дəн топырақтан көктеп өсіп шыққаннан бастап, астықты орып алғанға дейінгі өзгерістері есепке алынып отырады. Сол негізде тиісті ғылыми қорытындылар жасалады. Эксперимент - ғылыми тəжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей əсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші объектіні əр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда экспериментті əлденеше рет қайталауға да болады. Осы заманғы кең пайдаланылатын əдістердің бірі - модельдеу. Модельдеу дегеніміз - эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Модель (латын тілінен аударғанда «үлгі» деген ұғымды білдіреді) - зерттелетін объектімен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, құбылыс.
Ғылыми теория зерттеліп отырған объектінің ішкі, қажетті жақтары мен байланыстарын, оның өмір сүру жəне даму зандылықтарын бейнелейді.
Ғылыми теория мынадай міндеттер атқарады:
1) түсіндіру - объектінің болмысын, мəн-мағынасын, даму зандылықтарын ашу;
2) болжау - теория зерттеу объектісінің ішкі табиғатын ашу арқылы оның болашақтағы даму бағытын көрсете алады;
3) методологиялық міндет - əрбір теория ғылымның сол саласының дамуына жол ашады, танымның ілгерілеуіне негіз болады;
4) практикалық міндет ғылыми теорияны жасау түпкі мақсат емес, ол тəжірибеде қолданылуға тиіс, қоғамдық дамуға, ғылым мен техниканың жетілдірілуіне пайда келтіруі қажет.
Гносеология немесе таным теориясы - қоршаған дүниені, субъект пен объект арасындағы байланысты, шындықты, ақиқатты дұрыс əрі айқын тануды мақсат ететін философияның бөлімі. Таным теориясы адамның əлемге деген танымдық көзқарасын, оның орнын жəне жалпылық негіздерін насихаттайды. Таным теориясы философияның өзіндік бір бөлімі ретінде қарастырылыуымен бірге, теориялық - танымдық көзқарас əрқашанда басқа да философиялық көзқарастармен қатар, яғни тұрмыс табиғаты, этикалық жəне эстетикалық бөлімдерді қарастырды.
Таным теориясында философияның негізгі бағыттары Махизм, Кантшылдық. Танымды зерттеудің арнайы - ғылыми əдістерінің (математикалық логика, семиотика, ақпарат теориясы, психология жəне т.б.) қарқынды дамуы, кейбір позитивистердің жəне позитивті ойлаушылардың пікірінше, таным теориясын философия ғылымы ретінде қарастырады.
Жалпы, ғылыми əдістерге (бүкіл ғылыми салаларда қолдалынатын) сапалық, сандық, құрылымдық - функционалды, жүйелік, кибернетикалық, бағдарламалық, синергетикалық түрлері жатады.
Дəстүрлі жіктелудің түрлері келесі: формальды өлшемдер бойынша: жалпы логикалық əдістер; ал мазмұндық тұрғыдан: эмпириялық пен теориялық зерттеулер əдістеріне бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |