1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет28/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Ірі кенелерді зерттеу. Спиртпен немесе формалинмен бекіткен кенелерді алдымен шыны түтіктен алып, сорғыш қағаз үстіне орналастырады. Одан кейін кенені анатомиялық немесе көз қысқышымен (пинцет) ұстап, бүйіріне бағытталған жарықпен қарап, лупамен зерттейді. Кене морфологиялық құрылымын стереоскопиялық микроскоппен зерттеген өте қолайлы. Бұл микроскоп арқылы кененің көлемін тез анықтап, әртүрлі құрылымдары жөнінде құнды мәліметтер алуға болады.
Ұсақ кенелерді алдымен Фора-Берлезе сұйығына салып, орнықтырады. Сонан кейін, микроскоптың кіші көрсеткішімен зерттейді.
Паразит ауруларының табиғи ошағында паразит популяциясының құрамы, сандық көрсеткіші осы ошақтағы иксодид кенелерінің құрамына, өсімталдығына, тіршілік ерекшелігіне байланысты. Осыны ескере отырып, паразитформды кенелердің биоценотикалық байланысын анықтаудың маңызы зор. Иксодид кенелерінің белгілі бір мекенде, ауданда, аймақта, т.б. түр құрамын (фаунасын), сандық көрсеткішінің динамикасын анықтау үшін, кенелердің ересек, балаңкене, нимфа сатыларын жоспарлы түрде сол мекенде немесе аймақта мекендейтін малдардан жинайды. Ол үшін, алдын - ала график жасап, әр 5 күнде 1 рет жыл бойы сондағы малдардан кене жинайды. Малдың әр түрінен 10-20 бас таңдап алып, оларды зерттейтін жайылымға бағады. Малдар жайылымның барлық бөлігінде жайылуы қажет. Бұл малдарды басқа жайылымға ауыстыруға жол берілмейді, өйткені кенелердің саны, маусымдық динамикасы тек белгіленген жерде ғана зерттелінуі керек. Әр ай сайынға жиналған көрсеткіші жыл соңында кесте, график немесе диаграмма түрінде картаға енгізіп, сондағы кенелер тасымалдайтын паразиттер популяциясын анықтау үшін пайдаланады.



  1. Эктопаразиттерді жою әдістері. Инсектоакарицидтердің қажетті мөлшерін есептеп шығару.

Иксодид кенелерге қарсы қолданатын шаралар: кенелерді биотоптарда жою; кенелерді мал денесінде жою.
І. Кенелерді биотоптарда жою.

  1. Тың жерлерді жыртып, оның орнына жасанды жайылымдарды игеру.

  2. Жайылымды ауыстыру.

  3. Кенелер көбейген кезде малды таудағы шұрайлы кең жайылымдарға ауыстыру.

  4. Қораларда дезакаринизацияны жасау. Бұл шараларды жылына екі рет өткізеді.

  1. көктемде ересек кенелер шықпай тұрғанда;

  2. шілде – тамыз айларында майда ұрықшалар мен нимфаларға қарсы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет