2. Түкжегіштер (власеды). Түкжегіштерді мал терісінен табу үшін, олардың жылылықты сүйетінін пайдаланады. Ол үшін дене мүшелерінің бөлігін «Солюкс» шамымен немесе күн сәулесімен, немесе 50º С қыздырылған шүберекпен жабу арқылы қыздырады. Жәндіктер жүн арасынан шығып, жылы шүберекке жиналады. Осы кезде оларды оңай байқауға болады. Биттерді, түкжегіштерді жинау үшін, олардың жүрген жеріндегі тері қыртысын пышақпен қырып, Петри ыдысына немесе шыны түтікке жинап, зерттейді.
3. Ірі-қара оқыра бөгелегін іздестіру. Ауруды анықтау үшін оқыра балаң құрттарын іздейді, олардың аз-көптігін санайды. Жота терісін шоқтығынан бастап, құймышаққа дейін қарап, қолмен санап зерттейді. Балаң құрттардың II-III сатысы орналасқан жеріндегі тері қалың, бүдір-бүдір, төмпешікті болып келеді. Тері температурасы ыстықтау, қолмен басқанда мал ауырсынады. Әр баста 1-ден 200-ге дейін, кейде онан да көп «БҚ» табуға болады. Олардың 90 % дейінгісі жота терісінің астында орналасады. Бір бастан табылған балаңқұрттар саны - инвазиялық интенсивтігін көрсетеді (ИИ). Ал табындағы мал басының оқырамен зақымдалынған процентін инвазияның экстенсивтігі (ИЭ) дейді.
Қойды зерттеу әдістері. Қой терісін эктопаразиттерге тексеру әдістері (битке, түкжегіштерге, қансорғыштарға, вольфарт шыбындары құрттарына). Биттер қойдың аяқ терісіне, мойынына, төсіне, жотасына, құрсағына орналасады. Түкжегіштерді қой төсінен, екі жақ қабырғасынан, жүннің жығылған жерінен іздеу керек. Күн сәулесімен қой терісін қыздырғанда, жыбырлаған жәндіктерді көруге болады. Қансорғыштарды мойын, құрсақ, төс терілерінен іздеу керек. Жазда қой қырқымынан кейін, оларды жақ астынан, мойынның төмен жағынан, көз айналасынан, мүйіз түбінен табуға болады. Оларды шыны түтікке (пробиркаға) пинцентпен жинайды. Вольфарт шыбын құрттарын пинцетпен жарадан суырып алады. Жылы сумен шайып, Барбагалло сұйығы құйылған ыдысқа жинайды (физиологиялық ертіндідегі 3% формалин). Оларды арнайы тақтаға қойып лупамен зерттейді.
Жылқыны зерттеу әдістері. Сифункулятозды анықтау үшін, жылқы денесінен бит немесе олардың сіркелерін іздейді. Қыста, көктемде оларды жылқы құйрығынан, мойыннан, жауырыннан табуға болады. Түкжегіштерді табу үшін мал денесін күнжарығымен немесе «Солюкс» шамымен немесе қыздырылған шүберекті денеге жабу арқы- 54 лы қыздырып қарау керек. Түкжегіштер, тері қылшықтарының бетіне шыққан кезде оларды оңай көруге болады. Қарын және тұмсық бөгелектері балаңқұрттарын жинап, анықтау әдістері: Бұзылмаған, жас жылқы тезегін мұқият қарау керек. Көктемде қарын бөгелектерінің балаңқұрттары тезектен оңай табылады. Тұмсық құрттарында табуға болады. Оларды жылы сумен шайып зерттеу қажет. Гастрофилус тұқымдастығындағы балаңқұрттардың әр буынында 1 немесе 2 қатарлы ілмекшелері болады. Ауыздығы 2 ілгекпен қаруланған. Тұмсық құрттарын танауынан рефлектор арқылы көруге болады. III сатыдағы балаңқұрттардың ұзындығы 20 мм. Олардың денесінің жоғарғы жағы дөңестеу, асты жағы жалпақтау. Ілгекшелері негізінен астыңғы жағына орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |