1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет24/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Шошқаны зерттеу әдістері. Шошқа битін гематопинус суис - дейді. Бұлар қанатсыз ірі жәндіктер. Олар негізінен шошқаның шоқтығына, иығына орналасады. Биттер қаптап, көбейіп кеткен жағдайда, олар шошқа жотасы мен саурынында да кездесуі мүмкін. Доңыз биттерін Петри шәшкесіне, шыны пробиркаларға пинцетпен жинайды. Бит салған ыдысқа, этикетка жазып салу керек. Оған қара қарындашпен битті жинаған күнін, шаруашылықтың, мал жынысын, жасын және инвентарлық номерін, шошқашының аты-жөнін жазу керек. Ыдыстың аузын, бит шығып кетпеу үшін тығындайды, аузына парафин немесе воск құйып, лабораторияға жібереді.
Құстарды зерттеу әдістері. Құстарды эктопаразиттерге мұқият тексеру қажет. Оларды сыртқы паразиттерге тірі кезінде немесе сойғаннан кейін тексереді. Қанаттарының, мамықтарының арасын ашып, лупамен немесе жәй көзбен қанаттарының ішкі жағын, төс, мойын терілерін мұқият қарайды. Одан түкжегіштер мен мамықжегіштерді табуға болады.
Жинаған жәндіктерді сақтау, бекіту және этикеткілеу әдістері.
Қанатты ұшатын жәндіктерді мал денесінен, одан тыс жерден ұстап жинайды. Оларды ұстау үшін академик Павловскийдің цилиндрін пайдалану өте ыңғайлы. Бұл диаметрі 30 мм, ұзындығы 120 мм шыны түтік. Түбі сүйірленіп келген, ұшында 8 мм тесік бар. Осы түтік цилиндрмен отырған жәндікті жауып ұстайды. Маса, шіркей, құмытыларды сорғыш приборлармен ұстаған ыңғайлы. Ең қарапайымы эксгаустер. Бұл шыны цилиндр, диаметрі 3-5 см, ұзындығы 12-25 см. Аузында тығыны бар, одан 7 мм диаметрлі екі түтікше шығады. Түтіктің пробирка ішіндегі ұшы капронды торшамен жабылған.
Түтіктің сыртқы ұшы резина түтікшесімен жалғастырылған. Оның ұзындығы 15 см. Трубканың бос ұшына шыны түтікше кіргізіп, сол арқылы жәндіктерді сорады. Бөгелектердің балаңқұрттарын дене мүшелеріне, олардың қуыстарына орналасқан жерінен жинайды. Сыртқы ортада, қуыршақтануға шыққан балаңқұрттарды жерден, еденнен жинайды. Олады зерттеу, сақтау үшін, алдымен сумен шайып, соңынан 12-200 С қайнақ суға салады. Одан кейін барып, Барбагалло сұйығына батырады.
Түтікжегіштер мен мамықжегіштерді, биттерді мал денесіне орналасқан жерлерінен жинайды. Тез жылжығыш мамықжегіштерді құстың денесін хлорофостың 0,5 % ертіндісімен ылғандырған соң жинайды. Етқоректілердің бүргесін жинау үшін, оларға алдымен хлорофостың 1 % ертіндісін шашады. Содан кейін ғана бүргелерді пинцетпен, тарақпен жинайды.
Жәндіктерді сыртқы ортадан жинау үшін, оларды энтомологиялық аумен немесе қолмен дуалдардан, бұғы терілерінен ұстайды. Мұнан басқа ересек бөгелектерді, жетілген, 3-сатыдағы балаңқұрттардан өсіріп алуға болады. Ол үшін балаңқұрттарды шыны ыдысқа (құм салынған) салып қояды. Балаңқұрттар 3-4 күннен кейін қуыршақтанады және 20- 30 күннен соң 18- 25º С имагоға айналады.
Қанаттанған шыбындарды мал қораларынан әртүрлі шыбын ұстағыштармен, жабысқақ қағаздармен аулайды. Ол үшін 1 бөлшек канифолға 2 бөлік кастор майын қосып 60-70º дейін қыздырады, араластырып канифолды толық ерітеді. Алынған затты қатты қағазға жұқағып жағып, шыбынның көп жеріне іліп қояды. Ұсталған жәндіктерді түйрегішпен түйреп немесе 70% - спирт ертіндісіне салып сақтайды.
Шыбындарды хлорофостың 0,2 % ертіндісі қосылған қант, көксүт, нан, квас тағамдары арқылы ұстайды. Шыбындардың ауыз аппараттарын зерттеу үшін тұрақты микропрепараттар дайындайды. Ол үшін шыбынның басын кесіп, әртүрлі күштілікті спирттен өткізіп шыны әйнекке канада бальзамымен қатырады.
Соналарды ұстап, жинау үшін чучело тәрізді (К.Скуфьина) немесе шартәрізді (Р.Павлова) ұстағыштарды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет