4. Нимфа – ірілеу, 0,6 – 1,2 мм -дей., 4 жұп аяқты, имагодан айырмашылығы жыныс мүшелері толығымен жетілмеген.
БИОЛОГИЯСЫ
Иксодид кенелердің даму айналымы толық метаморфозды, олар 4 сатыдан өтеді: жұмыртқа балаңкене нимфа имаго.
Қанға тойынған аналық кене сыртқы ореада 5-15 мың. жұмыртқа салады да, өздері өледі. 10-12 д күнде балаңкене шығып 2-4 күндей қан сорады да – нимфа сатысына ауысады, ол 4–6 күндей қан сорып – имагоға айналады.
Даму айналымы түріне қарай 3–4 майдан 2–4 жылға дейін созылуы мүмкін. Мысалы, Boophylus туысындағы кененің даму айналымы 2-3-4 айда аяқталады да, жылына 3-4 генерация (ұрпақ) береді. Ixodes туысы кенесі өңтүстік аймақта 2 жылға, ал солтүстікте 4 жылға созылады, бұл кенелер 2 немес 4 жылда бір рет ұрпақ береді. Кенелердің қалған 4-туысы (Hyalomma, Dermacentor,Haemaphysalis,Rhipicephalus) дамуы 1 жылға созылады, жылына бір генерация береді.
Жануарларға шабуыл жасауына қоректену ерекшелігіне байланысты иксодид кенелері 3 топқа бөлінеді:
1. Біриелі кенелер – кенелердің барлық сатысы бір иенің ғана қанын сорады (Boophylus, Hyalommascupense тусы).
2. Екіиелі кенелер – балаңкене мен нимфа бір түрлі малдың, ал имаго екінші түрлі малдың (Rhipicephalusbursa, HyalommaplumbeumH. detifum).
3. Үшиелі кенелер – әр түрлі малдың қанын сорады (Hyalomma аnatolicum, Rhipicephalusturanicus, Dermacentor, род Ixodes).
Иксодид кенелер инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып табылады, олар механикалық және биологиялық тасымалдаушылар болуы мүмкін.
Механикалық тасымалдаушлар – тасымалдаушының организмінде қоздырғыш өзгермейді, сол күйінде сау малға жұғады. М: трипаносомоз (Trypanosomaevansi).
Биологиялық тасымалдаушылар – тасымалдаушының организмінде қоздырғыш бір сатыдан екіншісіне ауысады. Мысалы - пироплазмоз, бабезиоз, тейлериоз, нутталиоз қоздырғыштары иксодид кене денесінде-тасымалдаушыда жынысты жолмен дамиды.
Иксодид кенелері ауру қоздырғышын 2-жолмен таратады: трансфазды және трансовариалды.
Достарыңызбен бөлісу: |