Иксодид (жайылым) кенелері - бұл бір топ уақытша тоғышар және әр түрлі арулардың тасымалдаушылары ретінде айқындалған кенелер.
Алғаш рет 1874-1878 жылдары орыс ғалымдары Григорий Николаевич Минх пен Осип Осипович Мочутковскийлер буынаяқтылардың трансмиссивтік қасиетін анықтайтын деректерді жинаған.
Республикада жануарлардың пироплазмидоздарының кең таралуына ауру қоздырушыларын тасымалдаушы паразитиформдық кенелер екенін дәлелдеп, ғылымға салмақты үлес қосқан ғалымдар М.М.Татушин, Лариса Михайловна Целищева, М.В.Хван, Р.Д.Карабаева және т.б. Ал Қазақстанның барлық табиғи аймақтарында иксодид кенелерін түбегейлі зерттеген ғалым паразитолог, ҚазССР ҒА академигі Илларион Григорьевич Галузо.
Жіктелуі:
Топтамасы: Arthropoda, Тап: Arachnoidea, Тегі: Parasitihormes
Тұқымдасы: Ixodidae
Туыстары: 1 Hyalomma - шыны көзді кене
2 Ixodes - жабысқақ кене
3 Dermacentor - тері кескіш кене
4 Haemaphysalis - қан сүйгіш кене
5 Rhipicephalus - желпеуіш басты кене
6 Boophylys – ірі қара кенесі
Иксодид кенелерінің жалпы морфо-биологиялық сипаттамасы.
Морфологиясы. Иксодид кенелердің 4 морфологиялық сатысы бар:
1. Имаго; 2. Жұмыртқа; 3. Балаң кене; 4. Нимфа
1.Имаго (жынысыжетілген ересек сатысы). Тұрқы 2-7 мм, денесі (идиосома) біртұтас,хитинді қабықшамен қапталған, скутумы, төрт жұп аяғы бар, 2-жұп аяғының тұсынан жыныс тесігі, 4-жұп аяқтарынан төмендеу анал тесігі, стигмалары ашылады.
Тұмсығы (гнатосома) қысқа, не ұзын, екі жоғары жақтан (хелицер), бірігіп біткен астыңғы жақтан (гипостом), онда көптеген тісшелері орналасқан, шетінде пальпалары бар. Иксодид кенелердің кейбіреулерінің көздері бар, жоқ, жетілмегендері де бар. Мысалы, Гиаломма кенсінің көзі жақсы дамыған; Дермацентор кенсінде нашар жетілген; Иксодес кенсінің көзі жоқ.
2. Жұмыртқа – қоңыр-сарғыш түсті, 0,5 мм шамасында.
3. Балаңкене – 1 мм шамасында, 3 жұп аяқты. Жыныс, тыныч алу тесігі жетілмеген, қан сорады.
Достарыңызбен бөлісу: |