76. Киеңкіауруы (диагностикасы).
Диагнозы. Ауруды анықтау үшін эпизоотологиялық деректерді, клиникалық белгілерін еске ала отырып, микроскопиялық жəне серологиялық (КБР, иммунофлуоресценция) зерттеулер жүргізеді. Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, ауырған биенің қынабынан, айғырдың уретрасынан қырынды алып, пəн шынысына бір тамшысын тамызып, жапқыш əйнекпен қысып көруге болады. Кейбір ауырған малдардан паразит табылмауы мүмкін. Сол себептен де қосымша қан сарысуын серологиялық реакциямен тексереді. Киеңкі шыққан жылқы табыны арасында клиникалық, микроскопиялық жəне КБР əдістерімен зерттеулер жүргізіп, оның нəтижесін ескере келіп, оларды 4 топқа бөледі.
1)Аурулар тобы: КБР əдісімен 1 рет болса да оң реакция (титрі 1:10 жəне жоғары) берген немесе жыныс мүшелерінен трипанасома табылған жылқы;
2)КБР əдісімен 2-3 рет күдікті нəтиже берген жылқы;
3)Денесінде шығырық пішінді ісіктері, салдану жəне жартылай салдану белгілері бар жылқы;
4) КБР əдісімен теріс реакция берген, бірақ ауруға тəн клиникалық белгілері бар жылқы;
ІІ. Ауруға күдіктілер тобына мыналар жатады:
1) Үш рет КБР əдісімен теріс реакция берген, бірақ аурудың көмескі болса да белгісі бар жылқы;
2) 3 рет КБР əдісімен зерттегенде, 1 рет күдікті реакция берген, бірақ ауру белгілері жоқ жылқы;
3) Аурудан сау емес топтағы көтерем жылқы.
ІІІ. Күдіктілер тобына аурудан сау емес үйірде шағылыста болған жылқы жатады.
ІУ. Ауру топқа қатыспаған, ауруға күдікті жəне ауру жылқымен шағылыспаған мал сау деп саналады.
77. Киеңкіауруы (еміжәнепрофилактикасы).
Емі. Ауру жылқының күре тамырына 0,015 г/кг мөлшерінде физиологиялық ерітіндіге езілген 10 % наганин құйылады. 15-20 күннен соң препаратты осы əдіспен қайта қолданады. Дəрінің уытын қайтару үшін емдеген соң жылқыны жеңіл тер шыққанша күніне 3-4 рет желдіртіп алу шарт. Киеңкіні емдеу үшін азидин дəрісі де қолданылады. Ол үшін азидинді 3-5 мг/кг мөлшерінде 7 % ерітінді түрінде бұлшық етке егеді. Емді 24 ағаттан соң осы дозада қайталайды. Емдеуден кейін 5-6 айдан соң жылқыны барлық анықтау тəсілдерімен зерттейді. Теріс реакция берген жылқыны сау деп есептейді. Ауру қайталанса, жылқыны етке жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |