81. Лейшманиоз, диагностикасы.
Лейшманиоз - Leichmania туысына жататын, бишікті қарапайым-
дылар тудыратын ит пен жабайы жануарлардың, сондай-ақ адамның
трансмиссивтік табиғи-ошақты протозооз ауыруы. Паразиттің зақымдау
ағзаларына байланысты тері және висцеральды лейшманиозы боп, екі
түрге бөлінеді.
L.tropіca - тері лейшманиозының қоздырғышы, L.donovanі - ішкі,
висцеральды лейшманиозды қоздырады.
Тұрқы мен құрылысы жағынан лейшманиа түрлері бір-біріне өте
ұқсас. Оларды тек зоогеографиялық, экологиялық, зілділік, иммундік
қасиеттері бойынша ажырата алады.
Микроскопиялық балау. Тері лейшманиозын анықтау үшін жағын-
дыларды жара қырындысынан дайындайды. Висцеральдық лейшма-
ниозды балау үшін жілік майы немесе лимфа безінен сорынды алады.
Жағынды мен сорындыны (пунктатты) Романовский-Гимза әдісімен
бояп, микроскопиялық тексеруден өткізеді.
Серологиялық балау. Иттерді лейшманиозға жаппай тексеруге
серологиялық реакциялар қолданылады: комплемент байланыстыру
реакциясы, иммунды флуоресценттік реакциясы, иммунды ферменттік
талдау.
82.Ірі қара трихомонозын балау.
Трихомоноздар-сүтқоректілер мен құстардың ауруы,
қоздырғыштары əртүрлі трихомонодалар. Олар мұрын қойнауларында,
асқазан жолда-рында, ішкі жəне жыныс мүшелерінде мекендеп, əртүрлі
клиникалық белгілер тудырады.
Трихомонодалардың пішіні алмұрт тəрізді, цитоплазмадан жəне
торшаның алдыңғы жағына орналасқан ядродан тұрады. Алдыңғы
жағында орналасқан түпкі түйірлерден алға 3-4 бишік, ал біреуі кейін
қарай толқынды жарғақты орап кетеді. Түпкі денелер жиынтығы
блефаропласт (кинетопласт), одан аксостиль басталады да, ол бүкіл дене
арқылы өтіп, дене сыртына жуан тікен тəрізді шығып тұрады.
Бишіктер жəне толқынды жарғақ көмегімен трихомонадтар өзінің
орталық кіндігінің маңында айналып алға жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: |