16.Қозғыш ұлпалардың түрлері. Тітіркендіргіштердің жіктелуі
Тірі организмде тіндерді «қозғыш», «қозбайтын» деп екі топқа бөлуге болады.Қозғыш тіндерге жүйке, бұлшықеттер ,сөл бөлетін бездер.Ал қозбайтын тіндерге дәнекер тін, шеміршек, терінің беткей тіндер эпителийі жатады.
Қозғыш тін тітіркендірілсеғ оған жауап ретінде қозу үрдісі пайда болады,яғни тін тыныштық қалпынан қызмет қалпына көшеді,белсенділігі жоғарылай түседі.Тіннің тітікендіргіш әсеріне жауап беруі оның қозғыштық қасиеті болып табылады.
Тітіркендіру әсерінен қозғыш тінде қозу үрдісі туады.Ол өте күрделі құбылыс. Ол көптеген физиологиялық, биохимиялық, және морфологиялық құрылымдық өзгерітермен сипатталады,яғни тітіркендіргіштік осылай бөлінеді.
Физиологиялық қасиеті қозғышытығы өзгереді,жасушалардың мембраналық шамасы әрекет потенциалына айналады.Әрекет потенциалы қозудың ең көрнекті түрі,яғни қозу үрдісінің туғанын әрекет потенциалының туғанынан байқауға болады.Тін қозған кезде заттар алмасуды әдеттегідіен күшейте түседі.Осыған орай жылу шығару деңгейі артады, қимыл әрекеттері туады.
Қозған тін өзіне қатысты әпекет жасай бастайды яғни ет жиырылады, ширығады, жүйке қозу, бездер сөл шығарады.Сонымен қозатын тін тітіркендіруге жауап беру қабілеті қозғыштық , ал оның жауап беруі қозу үрдісі.
Тіннің қозғышытқ дәрежесі тітіркендіру арқылы анықталады.Физиологияда қолданатылатын тітіркендіргіштер адекватты және адекватсыз болып екі топқа бөлінеді.
Барабар тітіркендіргіштерді қабылдайтын арнайы қабылдағыштары болмайды. Мысалы көздің торлы қабығындағы көру қабылдағыштары сәулені қабылдамайды, яғни сәуленің әсеріне қозады,оның нәтижесінен жарық сезу түйсігі пайда болады.Көру қабылдағыштары үшін сәуле адекватты тітіркендіргіш.Бұл қабылдағыштар бейбарабар тітіркендіргіштерге де қоззады. Бірақ одан пайда болған қозу үрдісі тұрпайы келеді, ал сезім сапасы төмен болады.Адекватты әсерлерге арнайы қабылдағыштар қозғыш болады.
17. Қозғыштық параметрлері: тітіркену табалдырығы,пайдалы уақыт, хронаксия, лабильдік,рефрактерлік, аккомадация.
Достарыңызбен бөлісу: |