Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше өлшем қолданалады яғни қозу табалдырығы,әсердің пайдалы уақыты, хронаксия, лабилдік, аккомодация жылдамдығы.
Қозу табалдырығы – қозу үдерісін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады, Тін неғүрлым қозғыш болса, оның қозу табалдырығы соғұрлым төмен болады. Тітіркендіргіш ретінде электр тогы қолданылса, табалдырығын реобаза дейді.
Әсердің пайдалы уақыты - тітіркендіргіштің әсері, оның күшіне ғана байлансыты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады.
Тітіркендіргіштің күші мен әсердің ұзақтығы арасындағы байланысты қисық сызық арқылы көрсетеді. Ол күш пен уақыт сызығы деп аталады.
Хронаксия - тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтады. Қозғыш тіннің хронаксиясы қысқа болады.Оның мөлшері хронаксиметрмен аспабымен өлшнеді,сигма есебімен белгіленеді. Хронаксиметр аспабымен адам тіндрінің әрбір морфологиялық элементтеріңінің қозу дәрежесін өлшеуге болады. Бұл медицинада кең қолданаылады. Мысалы көздің тор қабатындағы фотоқабылдағыштардың , ішкі құлақта орналасқан есту қабылдағышы Корти мүшесінің хронаксиясын өлшеп білуге болады.
Аккомадация жылдамдығы - латынша бейімделу мағынасын білдіреді. Белгілі бір тінді немесе ағзаны қоздыратын токтың әсері оның күшіне , әсер еткен уақытына ғана байланысты емес тоутығ үдеу жылдамдығына да байланысты. Егер әсер ететін токтың күшін біртіндеп жә» күшейтсе, ол көп жоғарылатсада тін қозбауы мүмкін. Ток күшінің үдеуіне тін бейімделіп үлгереді. Қозғыш тін ток күшінің үдеруіне бейімделгіш келеді. Демек, аккомадация жылдамдығы тіннің қозғыш дәрежесін сипайттай алады.
Сонымен аккомадация жылдамдығы тінді қоздыратын тітіркендіргіштердің үдеу қарқынының ең аз уақытымен өлшенеді . Аккомадация кезінде тіннің қозу өасиеті төмендейді.
Лабилдік – белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсететін өлшемдердің бірі. Лабилдік деп тітіпкендіру жиілігіне сәйкес 1 секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы әркеттік ширақтығын айтады. Ол Герц өлшеміміен өлшенеді. Мысалы жүйкенің лабилдігі 1000 герц болса онда жүйке секундына 1200 рет тітікендірілседе бұдан пайда болатын қозу саны 1000 нан аспайды. Тін неғұрлым қозғыш болса , оның лабилдігі соғұрлым жоғары болады.
Лабилдік қозу үрдісінің ең қараапайым физиолгиялық әсерленістің қаншалықты ұзақ екенін көрсетеді. Қозу үрдісі қысқарса белгілі уақыт ішнде көбейетін қозу саны пайда боладыда ьігн лабилдігі арта түседі. Әдетте , 1 секунд ішінде пайда болатын қозу саны тітіркендіру санына немесе күшіне сәйкес.
Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті құлдырап төмендеп, қаншама әсерлі болсада , біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды.Бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең деп аталады.
Кезең ұзақтығы жүйке талшығында 4-5 мс , ал ет жүйке байланысында 8-10 мс. Қозғыш құрылымның абсолюттік рефракт ерлік кезеңі қысқа болады. Бұл кезең аяқтала салысымен қозғышытқ қасиет өайта пайда болып біртіндеп әдеттегі қалпына келеді . Былайша айтқанда тін қозғыштығы біраз уақыт әдеттегі қалпынан төмен болады. Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік кезең деп аталады.Бұл кезеңде тітіркендірудің ең аз мөлшері қозу табалдырығына жауап бере алмайды. Жауап әсерленісі туу үшін тітіркендіргіштің күші табалдырық күшініен жоғары болуы керек. Бұл кезең аяқталарда қозғыштық қасиет жоғарылап, біраз уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу қасиетінңң осы күшею қас иетін супернормалды кезең деп аталады. Мұнда тітіркендіру қозу табалдырығынан төмен болсад тін оған жауап бере алады. Бұл кезең өткен соң қозғышытқ қайтадан төмендеп барып қозу үрдісі тоқталарда әдеттегі қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайща қалыптан төмендейтін кезі субнормалды кезең деп аталады. Сонымен әрбір қозу үрдісі мезгілінде қозғышытық қасиеті бұлшықеттің аталған кезеңдері бірінен бірі қайталанып отырады. Қозғышытқтың аталған кезеңдерін қисық сызықпен көрспетуге болады . Қозғыштықтың кезеңдерінің ұзақтығы әр кезеңде әртүрлі.
Достарыңызбен бөлісу: |