1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы



бет5/23
Дата07.02.2024
өлшемі69.68 Kb.
#491096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1РК Физио группамен (1)

8.Физиологиялық зерттеу әдістері.
Физиологиялык процесстер өте үдемелі түрде өзгеріп отырады және олар физиологияның даму кезеңдеріне сәйкес және физиологиямен тығыз байланысты ғылымдардың жетістіктерінің арқасында қалыптасты. Оларды бірнеше бағытқа бөліп қарастырсақ болады:
1) Бакылау әдістері - физиологиялык кұбылыстарды калыпты жағдайда және әртүрлі әсерлерден кейін визуалды түрде қадағалап отыруға негізделген әдіс. Алайда, құбылысты бақылау белгілі бір физиологиялық процесс немесе функция «қалай жүзеге асырылады?» деген сұраққа жауап бере алмайды.
2) Тіркеу әдістері - физиологиялық қүбылыстарды механикалык жане электрлік тәсілдермен жазып алады.
3) Тітіркендіру әдістері - тірі құрылымдардың, агзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялык (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышкылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр агыны, температура т.б.) факторлар әсерін қолданады.
4) Электрофизиологиялык әдістер – қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т.б.) тіркегіштер мен күшейткіштер қолдану арқылы тіркеу әдістері.
5) Өткір тәжірибе әдістері – бұлар, қысқа мерзімде орындалатын эксперименттер, яғни, жануарларға вивисекция жасау (тірі жануарлардың ішін ақтару арқылы жүргізілетін эксперименттер), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін окшаулау әдістері.
6) Созылмалы тәжірибе әдістері – бұлар, ұзақ уақыт қажет ететін эксперименттер (күн, апта, ай, жыл), яғни, бұл әдіс кезінде жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уакыт бақылайды. Бұл әдісті И.П.Павлов енгізен болатын, сөйтіп ол организмді бөлшектеп караудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтетездік) тексеруге мүмкіндік жасады.
7) Аспаптық әдістер - физиологиялык зерттеулер нәтижесінде медицинага әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар арқылы орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет