1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы



бет3/23
Дата07.02.2024
өлшемі69.68 Kb.
#491096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1РК Физио группамен (1)

Корреляция (көне лат. correlatіo – ара қатынас). Оның түрлері:

  1. Биологиялық

  2. Математикалық

  3. Геологиялық

Физиология сабағына қатысты биологиялық корреляция жайлы айта кететін болсақ:
Ол организмнің дамуы және тіршілігі кезіндегі жасушаларының, тіндерінің, органдарының және жүйелерінің құрылысы мен атқаратын қызметтерінің бір-біріне сәйкестілігі, үйлесімділігі болып табылады. Корреляция – организмнің тіршілік жағдайына бейімделуінің нәтижесі. “Корреляция” деген ұғымды француз ғалымы Ж. Кювье ұсынған.
Организм органдарының өзара байланысы олардың онтогенезі мен филогенезінде дамиды.
Реттелу немесе реттеліс. Реттеліс деп организмнің белгілі бір қажеттілігін және ішкі орта тұрақтылығын(гомеостаз) қамтамасыз етуші әрекеттік жүйелердің қызметін өзгеріп, оны бір қалыпқа келтіруді айтады.
Өзін-өзі реттеу – тіршілік үшін маңызды процесті немесе белгілі бір тұрақты жағдайды автоматты түрде сақтау қабілеті. Гомеостазис, изотермия, изоосмия, изоволемия, изогидрия және т.б. өзін-өзі реттеу арқылы өзгертуші және қалпына келтіруші жағдайлар автоматты түрде белгілі қалыпта сақталады.
Реттеліс және өзін-өзі реттеу өте қозғыш, тітіркендіргіштің өте аз күшіне қозатын жүйке жүйесінің қызметі арқылы орындалады.
Рефлекс (лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.



  1. Системогенез. Функционалды жүйелер және гомеостаз. Кері афферентация.

Организмнің жас кезеңдерінде дамуына байланысты, яғни адамның біртұтас өсіп, дамуына байланысты өсу даму қағидалары болады: 1) гетерохронизм – дененің, ағзалар мен жүйелердің жалпы организмнің өсіп дамуының әркелкілігі мен әрмерзімділігі; 2) үйлесімділігі – гармония, дененің тірліктік әрекетінің ширақтығы, сенімділігі және қоршаған ортамен оңтайлы әрекеттесуі болып табылады, ал үшіншісі 3) системогенез – жүйедаму организмнің өажетті кезде барлық әрекеттік жүйелерінің дамып, қызмет атқаруы (П.К. Анохин).
Осыған орай, өсу мен даму кезінде анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан организмнің «секірмелі» 3 кезеңнен өтетін өзгерістерін байқауға болады.
Бірінші, қатерлі немесе аумалы кезең 2-3,5 жаста болады. Бұл кезде балалардың қимыл белсенділігі артады, айналасымен және таныс емес заттармен араласуы, танысуы басталады. Соның әсерінен жарақаттар алып қалады, санасы, сөздік қоры ұлғаяды, жүйке жүйесі, психикасы жиі зақымданады, нәзік келеді.
Екінші, аумалы кезең – 6-8 жас шамасында балалардың мектепке баратын кезеңі. Оқуға байланысты жауапты міндеттер жүктеледі, жаңа ортамен танысады, қимыл белсенділігі азаяды, тез шаршайды, жолдағы көлік зақымдарының қаупі ұлғаяды.
Үшінші, аумалы кезең – балиғаттық шақ (11-15), жасөспірімдердің эндокриндік және жүйке жүйесінде тепе-теңдігі өзгереді, дисфункция (тірліктік өзгеріс) пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет