1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы



бет8/23
Дата07.02.2024
өлшемі69.68 Kb.
#491096
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
1РК Физио группамен (1)

Матрицалық– мембранадағы ақуыздардың белгілі ретпен орналасуын, олардың бағытын, ұтымды әсерлесуін (мысалы, мембрана ферменттерінің әсерлесуін) қамтамасыз етеді. Олар электрондарды тасу ансамльдерін, энергияны жинақтау комплекстерін, жарықты рецепциялау, гормондармен және медиаторлармен реттеу комплекстерін құрайды.Жасушаның ішінде түрлі төмен- және жоғары молекулалық қосылыстар құрылады. Олар түрлі ферментативтік реакциялардың нәтижесінде пайда болады. Ферменттер өздері де жасушада құрылады. Кейбір жасушалық ферменттер трансмембраналық реакцияларды катализдейді /реагенттер мембрананың екі жағында орналасады немесе катализдік акт молекулалардың алмасуымен бірге жүреді/. Басқа ферменттер комплекстерді құрайды. Олар реакциялар тізбегін жүзеге асырады. Ферменттер мембрананың жазықтығында орналасқаннан процестердің нәтижелігі өседі. Кейбір ферменттер мембраналармен байланысқан субстраттармен әрекеттесіп, биомбраналардың биосинтезіне қатысады. Мембраналардың қатысуымен прокариотикалық ДНҚ репликациясы, ақуыздардың биосинтезі мен бөлінуі, биоэнергетикалық процестер және гормондық жауап процестері жүреді.
Механикалық – ішкі жасушалық құрылымдардың беріктігін, автономдығын қамтамасыз етеді. Яғни морфологиялық тұтастықтың және ішкі органоидтардың тұрақтылығы сақталады. Ол мембрананың механикалық құрылымына негізделген.
Энергетикалық– митохондрияның ішкі мембраналарында АТФ синтезі, хлоропласт мембранасында фотосинтездеу (өсімдіктерде). Жасушалың ашық жүйесінде ағып жатқан процестер, бір жағынан энергияны жұмсайды, бірақ та жасуша өзі энергияның қорландыруы мен өндіруіне қатысады. Жасуша химиялық энергияны жинайды да (АТФ түрінде), оны химиялық, электрлік, осмотикалық және механикалық жұмыстарға трансформациялайды. Биоэнергетикалық және биосинтездік функциялар зат алмасуымен байланысты.
Рецепторлық– механикалық, акустикалық, иіс сезу, жылу рецепциясы.
МЕМБРАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР. СИНГЕР МЕН НИКОЛЬСОННЫҢ СҰЙЫҚ КРИСТАЛЛ МОДЕЛІ.
Алынған физикалық және химиялық зерттеулер нәтижесінің жиынтығы жаңа сұйық мозайкалық моделді ұсынуға мүмкіндік берді (Сингер және Никольсон, 1972 ж.). Биологиялық мембрананың негізін ақуыздармен оюланған, фосфолипидтердің екі қабаты құрайды. Биологиялық мембранада фосфолипид пен ақуыздан басқа да химиялық қосылыстар бар. Жануарлар жасушасының мембранасында холестерин көп. Мембранада гликолипидтер, гликопротеидтер бар.
Моделде биологиялық мембрана липидтері сұйық күйде болады, липидте ақуыздары жүзіп жүреді, бірақ ақуыздар липидте үнемі бос жүзбейді, ішкі (цитоплазмалық) жасушалық құрылымға зәкірленеді. Бұндай құрылымға микрофиламенттер және микротүтікшелер жатады.
Микротүтікшелер – жасуша қызметінде маңызды роль атқаратын диаметрі 300 нм болатын, іші қуыс цилиндрлі ерекше ақуыздан (тубулин) тұрады.
Сонымен қатар, мембранадағы липидтердің барлығы биқабат принципі бойынша орналаспаған. Физикалық әдістер негізінде, мембрананың орналасатын бөліктері бар екендігін көрсетті. Мембрананың құрылысының, мембрана ақуыздарының және басқа да заттардың күрделі химиялық құрамын зерттеумен биохимия айналысады. Биофизика мембрананың негізгі құрылымын, нақтырақ фосфолипидті молекуланың биқабатын зерттейді.
12. Заттарды мембрана арқылы тасымалдау. Иондардың белсенді және
пассивті тасымалы. Мембраналық насостардың жұмыс істеу принциптері.
Заттардың бүкіл тіршілік әрекеті мембраналардың өткізгіштігіне байланысты болады. Жасушаның өткізгіштігі-зартты іші мен сыртына қарай тасмалдау, қалыпты жағдайда оларды мембрана астына , үстіне таратып бөлу тетіктерінен тұрады. Тасымал жасушаға керекті қоректік заттардың келуін, қалдық өнімдер мен биологиялық дәртті нәрселердің одан шығарылуын, иондардың алмасуын қамтамасыз етеді. Тасымалдың түрлері: диффузия, белсенді, экзо- және эндоцитоз.
Диффузия- бұл заттардың мөлшері көп жағынан аз жағына қарай, яғни мөлшерлік айырмашылығына сәйкес келуі. Мембрана арқылы оттек және көмір қышқыл газы осы тәсілмен өтеді. АЛ иондар, глюкоза, амин қышқылдары, майлар баяу өтеді. 47-53 беттер Сәтбаевада



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет