10. Биологиялық мембраналар, олардың қозу процестеріндегі ролі. Мембраналардың құрылымы туралы қазіргі түсінік. Биологиялық мембраналар- деп цитоплазманы және жасушаны құрайтын көптеген элементтерді шектейтін және каналшалардан, қыртыстардан, қуыстардан тұратын біріктірген жүйені қалыптастыратын бірнеше молекулярлық қабатты функционалды құрылымдарды атайды. Биологиялық мембраналар – табиғаттағы ең алғашқы және универсалды молекула үстілік құрылымдар. Олардың екі өлшеудегі ұзындығы қалындығынан едәуір жоғары. Бірақ, мембрананың қызмет атқару қабілеті үшін жауап беретін механизмдер оның қалыңдығымен байланысты.Биологиялық мембрананың құрылымын және қызметтерін зерттеу медицинада өте маңызды, себебі жасушадағы көптеген потологиялық процестер мембрананың қызметінің бұзылуымен тікелей байланысты. Мүшелер мен ұлпалардағы мембраналардың жалпы ауданы орасан зор көлемге дейін жетеді. Осыған байланысты адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін, мембранада көптеген процестердің жүруі үшін жасушалар жеткілікті көлемде орналасады. Адам ағзасының мембраналарының жалпы ауданы – бірнеше жүз гектар. Биологиялық мембраналардың қалыңдығы 10 нм. жоғары болмайды, бірақ та оның құрамында негізгі молекулярлық элементтер /липидтер, ақуыздар/ көп болғандықтан олардың салмағы жасушаның салмағының жартысынан көбірек болады.Мембраналар тек қана жартылай өткізетін, пассивті қабықтар емес, олар жасушаның бүкіл маңызды қызметтеріне қатысады, олар бүкіл органеллалардың құрамына кіреді.
МЕМБРАНА ҚЫЗМЕТТЕРІ.Тірі жасушаның өмірсүруінде мембрана алуан түрлі қызмет атқарады. Барьерлік– қоршаған орта мен таңдамалы, реттелінетін, белсенсіз және белсенді зат алмасуды қамтамасыз етеді (селективті - таңдамалы; реттелінетін – заттар үшін мембрана өтімділігі жасуша жағдайына және геномға байланысты), яғни мембрана арқылы заттардың бос тасмалдануы үшін биомембраналық бөгеттің құрылуы. Кейбір заттар үшін биомембрана қиын бөгет туғызса, ал кей заттар ол арқылы жеңіл, сондай-ақ мембрананың құрылымына қарай тек белгілі бір бағытта ғана өтеді. Әртүрлі заттардың мембрана арқылы тасмалдану жылдамдығы бірдей емес. Биологиялық мембрананың барьерлік қызметі оның таңдамалылығымен байланысты. Мембраналар жасуша ішіндегі цитоплазмадағы компартменттерді құрайды. Жасушалық органоидтар – компартменттер ретінде қарастырылады.
Мембраналардың тосқауыл қасиеттері мен иондарды жасуша мен жасушааралық кеңістіктің арасындағы тепе-тең емес үйлестірілуі жасушаның ішіндегі реттеу процестері мен жасушалар арасында сигналдарды электр импульс түрінде өткізу қабілеттігінің негізіне жатады.