1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет47/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Тропомиозин – таяқша тəрізді фибриллярлы белок. Ол жіпшелерді қосып, ажыратып тұратын механизм. Тропонин – глобулярлы белок үш суббірліктен тұрады – І,С,Т. Мысалы, Тропонин Т– тропонинді тропомиозинмен байланысты. Тропонин С – Са++ ионына өте сезімтал, оның қосылысы түседі. Ал тропонин І – актинмен миозин арасындағы өзара əсерлегішті төмендетіп отырады. Актиннің осы екі көмекші бөлігі миозинмен əрекетке Са++ ионы болмаған жағдайда да түсе береді.


Бұлшық жиырылу механизмі
Биологиялық қозғалыс процестерімен байланысты: жануарлар бұлшықеттерінің жиырылуы, жасушалардың өсіуі, жасушалардың бөлініуі кезіндегі ондаған хромосомалардың қозғалысы пайда болады. Бұл процестер химиялық процестермен қамтамасыз етіледі және АТФ энергетикалық түрінде пайда болады.
Бұлшықеттердің жиырылуы –оның сакромерлерінің қысқаруынан туады. Сакромерлерінің қысқаруы қалай жүреді? Ол актиндік, миозиндік жіпшелердің бойымен М- пластинкасына бағытталып қозғалуы арқылы жүреді.
Ал актиндік жіпшелердің қозғалуы негізгі миофибрил белоктарының – миозиннің, актиннің, тропомиозиннің және тропониннің өзара әрекеттесуі нәтижесінде іске асады. Саркомердің қысқаруы АТФ- тың гидролизі және Са² қатысуымен жүреді. Яғни Са² бұлшықеттердің жиырылуы процесінің аллостериялық жолмен физиологиялық реттеушісі болып табылады. Нервтік импульс м.б. деполяризация → Са² → тропонин → тропоминоз → актин → миозин →актомиозин → Са² ыдырауы Са² АТФ- аза → эндоплазмалық ретикулум. Нервтік импульс мембрананың деполяризациясын туғызып Са² эндоплазмалық ретикулумнан босап шығуына жағдай жасайды. Са² тропонинимен байланысып оның конформациясын өзгертеді, бұл өзгеріс әрі қарай торпомиозинге және актинге жетеді. Миозинмен актин әрекеттесіп, АТФ гидролизге ұшырайды. Сонан соң Са² босайды, тропомиозин актиннің миозинмен байланысуын тежейді. Соның арқасында бұлшықеттің жиырылуы тоқтап, қайтадан орнына келеді. Са² цитоплазмадан қайтадан эндоплазмалық ретикулумге енуі АТФ- аза насосы арқылы іске асады. Ол үшін энергия жұмсалады. 2Са² үшін I молекула АТФ жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет