1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Жүрек-қан тамырлар жүйесінің құрылысы, қызметі. үлкен және кіші қан айналу шеңбері



бет48/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

42.Жүрек-қан тамырлар жүйесінің құрылысы, қызметі. үлкен және кіші қан айналу шеңбері.
Жүрек – кеуденің ішкі сол жағында орналасқан бұлшықетті мүше. 4 камерадан тұрады: 2 жүрекше және 2 қарынша.Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 гр. Минутына 70 рет соққанда тамыр арнасына 4-5 литр қан айдайды. Денеге жүктеме түскен кезде қан ағымы 4-5 есе көбейеді. Дене еңбегімен айналыспайтын адамның жүрегі тоқтамастан тәулігіне 10 тонна, жылына 3650 мың, өмір бойы 300 мың тонна қан жүгіртеді. Бұл барлық мүшелерге қорек және оттегі жеткізіп тұратын тамыр мен артерияларда қан қозғалысын қамтамасыз ететін сорғымен тең. Қан жүретін тамырлар жүректен тарайды.

Қан жүргізіп, нәр бергізіп, жүректі оттегімен байытып тұратын қан жүретін тамырларды коронарлы артерия дейді. Қалыпты нормада тамырлар созылымды болады. Тамыр қабырғаларында май шоғыры жиналып қалса, тамыр қысылады, май шоғыры бұзылған кезде тромбоциттер бүлінген жерге жабысып, тромб пайда болады. Қан ағымы жүрек немесе миға жетпей тарылып немесе бітеліп қалады. Осылайша, жүрек-қантамыр аурулары пайда болады.
Қанайналым шеңберлері - адам мен жануарлар организмдерінде кіші және үлкен қанайналым шеңберлері ажыратылады.
Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады.
Адам мен жануарлар ұрығының эмбриондық дамуы кезеңінде іштегі нәресте мен жануарлар іштөлі организмдері қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі ауыстырып отырып жетілетін екі: сарыуыздық және ұрықжолдастық (плаценталық) қанайналым шеңберлері болады.
Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе, өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет