1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Мұрын қуысы- кеңсірік шеміршегі арқылы оң



бет50/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Мұрын қуысы- кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұптанау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Мұрын қуысы арқылы дем алу ауызбен дем алғаннан гөрі организмге ауаны 25%-ға көбірек өткізетін көрінеді. Бұл оның қабырғасындағы өкпенің жұмысын қоздыратын жүйке талшықтарының болуына байланысты. Қазіргі кезде ауру тудыратын микроорганизмдердің “қақпасы” – тыныс жолдары екені толық дәлелденген. Сондықтан тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ – ас қорыту жүйесінің мүшесі.
Көмей ІҮ-ҮІ мойын омыртқасының тұсында мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Оны алдыңғы жағынан бұлшықеттер жауып тұрады, екі жағында қалқанша бездің бөліктері орналасқан, ал артқы жағында жұтқыншақ жатады. Көмей тыныс алуға және дыбыс шығаруға қатысады.

  • Көмейдің жалғасы кеңірдек- жартылай сақина пішінді іші қуысты мүше, кеңірдектің ұзындығы 10 – 11 см. Жартылай шеміршекті сақиналардың саны 16-20.

  • ІҮ-Ү арқа омыртқаларының тұсында кеңірдек екі бұтаққа сол және оң бронхыларға бөлінеді.

Тыныс алу орны өкпеге енген бронхылар тармақталып, майда ұсақ альвеолалар (ауатамырлар) түзеді.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет