1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде


МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ «ҚИЫН» БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫӨ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет11/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
киын бала - дипл

2 МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ «ҚИЫН» БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫӨ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Жеткіншектік жастағы қиын балаларды анықтаудағы психологиялық жұмыстардың мазмұны

Психолог өз қызметін кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс қызметін үш бағытта жүргізеді:


- Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиогностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді.
- Әлеуметтегi әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
- Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігін жоғары болуын қамтамасыз ету.
2. Міндеттері:
- Жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты баланың жеке дамуына кешенді ықпал ету.
- Өзара қарым-қатынаста, оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету.
- Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу.
- Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтардың алдын-алу және болдырмау.
Әлеуметтік педагогтың жеке қызмет міндеттері:
- Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны әлеуметтік қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағарту шараларын жүргізеді.
- Тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын, микро ортаның, психологиялық, медициналық, педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.
- Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез-ауытқушылығын, шиленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.
Оқушы мен мекеменің, отбасының, әлеуметтік ортаның арасындағы келістіруші міндетін атқарады:
- Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани-адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.
- Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді.
- Тәрбиеленушілерді қамқорлыққа алу, оларға көмек көрсету мәселесінде мұғалімдермен, ата-аналармен әлеуметтік қызмет мекемесі мамандарымен тығыз байланыс орнатады.
- Оқушылардың демалысы мен оқу тәрбие процесінің режиміне бақылау жасайды.
- «Медициналық-әлеуметтік» тобына жататын балаларды анықтайды.
- Санитариялық-ағартушылық қызмет жүргізеді.
- Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді.
- Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасыларымен серіктестік, әріптестік қарым қатынастар орнатып, ынтымақтастық пен жұмыс жүргізеді.
- Социумдағы ресми емес қосымша білімнің дамуына әсер етеді.
Әлеуметтік педагог –психолгтың құқығы:
- Баланың педагогикалық және медициналық құжаттарын пайдалану.
- Сабақтарға қатысып отыру.
- Мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің балалар құқығы мен денсаулығын қорғау қоғамдық ұйымдарының алдында көкейкесті мәселелер қою.
- Медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің экспертті шешімдеріне араласу.
- Отбасы мүшелерінің мектеппен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін қою.
- Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқығынан айыру мәселесін ұсынуға балалар мүддесін сотта қорғау.
Әлеуметтік педагог-психолгтың қызметтік құрылымының кезеңдерi:
1-кезең – оқушылардың әлеуметтік өмірін шынайы зерттеу.
2-кезең – зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат, міндеттерді анықтау.
3-кезең – әрбір іспен әлеуметтік педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау.
Әлеуметтік педагог, психолог, педагог, дәргерлердің бірлескен қызметі төмендегідей:
- Отбасына әлеуметтік- психологиялық көмек көрсету.
- Отбасы мен балаларға дәргерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру.
- Балалардың күйзелетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу.
- Мінезінде ауытқушылығы бар жасөспірімдерге психологиялық және диагностикалық коррекция жасау.
- Профилактикалық шаралар ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагогтың кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата- аналарымен жұмысы.
Отбасы-жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы бірқатар өлшемдер мен анықталады.
Әлеуметтік-мәдени өлшемі- ата-аналарының білім денгейі мен қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты.
Әлеуметтік-экономикалық өлшемі- ата-аналарының мүліктік материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Техникалық - гигиеналық тұрмыс жағдайы, үй құрылыс жағдайы, үй құрлысының жабдықталуы, өмір салты ерекшеліктеріне байланысты.
Демографиялық отбасы құрылымына байланыста анықталады Бала дамуының қай жағын қарастырсақ та, барлық жағдайда жас ерекшелігінің кезеңінде отбасының мығымдылығы тиімді және шешушi рөл атқарады.
Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен ынтымақтаса, оларға кәсіби-педагогикалық және психологиялық көмек көрсетеді.
Педагог-психолог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндетінің бірі ата-ананың педагогикалық белсенділік бағытын қалыптастыру болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық, құпия үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог-психолог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оңды тәжірбиесіне сүйенеді. Оны жан-жақты зерттеп, жинақтап таратады, оңды ой-пікірлер күшейтіп, терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады. Сондықтан:
1. Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.
2. Әлеуметтік педагог-психологтың неғұрлым маңызды міндетінің бірі - ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық практикалық ықылымдарын менгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділініне әкеледі. Әлеуметтік педагог-психолог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырады.
Әлеуметтік педагог-психолог отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыру мына мүмкіндіктерді тудырады:
- Өз балаларымен сынып оқушыларын тәрбиелеуге этнопедагогикалық потенциалын анықтау мақсатында отбасымен туысқандарын зерттеу
- Өз балаларымен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік, әулеттілік мүмкіндіктері принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу.
- Халықтық педагогика дәстүрлері незгізінде әлеуметтік педагог-психолог пен ата- аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау.
- Өзара тәрбие қызметіндегі ағымды және ақырғы нәтижелерді зерттеу.
- Баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көп құрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани тәрбие мүмкіншіліктерін, оқушының ата-аналар мен қарым-қатынасын терең түсіну әлеуметтік педагогтың отбасына етене жақындау.
Мұнымен қатар, әлеуметтік педагог-психолог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психологиялық-педагогикалық, диагностикалық, бақылау, байқау, пікірлесу, тестілеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану, т.б. жүргізе алады.
Әлеуметтік педагогикалық психологиялық қызмет баланың жас өмірінің отбасында, мектепте, қоғамда қалыптастыру үшін өзін-өзі ұйымдастыра білу психологиялық көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметінде қамтитын әлеуметтік жұмыс. Балаға шағын ұжым ішінде өзін -өзі көрсете білу ішінде өтірікке жаманшылықтарға, яғни қылмыстық ортаға маскүнемдікке, нашақорлыққа ата-аналар тарапынан болатын қатігездікке қарсы тұра білу үшін де ересектер тарапынан жәрдем болу қажет.
Әлеуметтік педагог-психолгтың функциялары:
1. Баланың жағдайын мектептегі, ауладағы қарым-қатынасын жан-жал жағдайындағы көңіл-күйін зерттеп білу.
2.Қиын жағдайға тап болған балаға көмек көрсету. Кризистік жолдан шығу және балаға көмектесу.
3. Балалардың қоршаған және оған ықпал ететін әртүрлі әлеуметтік салалары сфералары, әлеуметтік тәрбие жағдайын талдау.
4. Әлеуметтік педагог-психолог, содай-ақ позитивті немесе жағымды іс тәжірбиені талдауға қорытындылауға, насихатауға міндетті.
5. Әлеуметтік педагог-психолог жасөспірімнің өзін тәрбиелеуі, өздігінен білім алуға және өз өмірімен іс-әрекетін өз бетімен жағымды түрде үйретуге бағыттайды.
6. Әлеуметтік педагог-психолог баланың проблемаларын шешетін, оның құқығын қорғауға, кризистен шығуына түрлі мамандарды біріктірумен және оның қызметіне координация жасаумен айналысады.
7. Әлеуметтік педагогтар-психолог ұжымдары мен түрлі педагогикалық-психологиялық орталықтардың жұмыстарына талдау жасау.
Бұл функциялардың бәрін біріктіріп айтсақ, оларды үш топқа бөлуге болады:

  1. Әлеуметтік бейімделу.

  2. Әлеуметтік құқық қорғау (мемлекеттің балаға қамқорлығы, құқығын қорғауы).

  3. Әлеуметтік оңалту (мүгедек және психикалық дамуы артта қалған балаларға көмек).

Әлеуметтік педагог-психолгтың незізгі бағыттары:

  1. Бала санасындағы қайырымдылық әділеттілік барлық тіршілік иесіне, іс-әрекетке деген сүйіспеншілік сезімдерін өзара түсінушілікке тәрбиелеу, қалыптастыру.

  2. Кризистен өз күшімен шығуға мақсат қойып, одан шығу жолдарын үйрету.

  3. Қоршаған әлемді, адамды рухани физиологиялық ерекшеліктерін қоғамдағы міндеттерін, құқықтарын ұмтылыстарын дамыту.

  4. Өз-өзін сыйлауға, өзіне сенімді болуға өз еркімен шешімдер қабылдауға үйрету.

  5. Баланы немесе жасөспірімді үлкен және шағын ортада адамдар мен отбасында және мектепте құрбы-құрдастарымен тіл табыса білуге оған ынталы болуы тиіс [8]

Тәжірибелік- зерттеу жұмысы 2011 жылдың қазан айынан бастап жүргізілді. Зерттеу жұмыстары Талдықорған қаласының сауықтыру мектеп- интернатына, Талдықорған қаласының №43 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сыныптарына жүргізілді. Зерттеуде барлығы - 40 оқушылар қатысты.

Кесте 3



Зерттеу жұмысының эксперименттік бөліміне іріктелген таңдау тобы туралы мәліметтер



Топ

Ұл балалар

Қыз балалар

Барлығы

Эксперимент тобына Талдықорған қаласының сауықтыру мектеп- интернатының
8–сынып оқушылары (13-14 жас аралығында)

15

5

20

Бақылау тобы Талдықорған қаласының № 43 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сыныптарына
13-14 жас

14

6

20

Барлығы

29

11

40

1 - кезең (16.10.2011-16.12.2011). Анықтау экспериментінде жасөспірімдермен төмендегідей әдістер мен әдістемелер жүргізілді:

  • Генеалогиялық әдіс.

  • Биографиялық әдіс.

  • Г. Роршахтың проективті әдісі.

  • «Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы» әдістемесі жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет