1. Жалпы ережелер


 Сақтандыру шартын жасасу тәртібі



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата18.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#489318
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
nschoice rules kaz

12. Сақтандыру шартын жасасу тәртібі 
71. Сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру объектісі туралы 
нақты және толық мәліметтерді сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және 
ықтимал залалдардың мөлшерін айқындау үшін елеулі маңызы бар барлық белгілі мән-
жайларды, егер бұл мән-жайлар сақтандырушыға белгілі болмаса және белгілі болуға тиіс 
болмаса, хабарлауға міндетті. 
72. Сақтандыру шартын жасасу үшін Сақтанушы (Сақтандырылушы) заңды тұлғаның өтінішін 
толтырады (Сақтандыру шартына 4-қосымша). 
73. Сақтандыру шартын ресімдеу үшін Сақтандырушы Сақтанушыдан (Сақтандырылушыдан) 
өтініште көрсетілген және сақтандыру тәуекелін сипаттайтын мәліметтерді растайтын 
қосымша ақпаратты талап етуге, сондай-ақ жеке тұлға үшін өтінішті толтыруды талап етуге 
құқылы (Сақтандыру шартына 5-қосымша). Егер сақтандыруға бір Сақтандыру шарты 
бойынша 10 (он) және одан көп тұлға қабылданған жағдайда жеке тұлға үшін өтініш әрбір 
Сақтандырылушыға толтырылмайды. 
74. Сақтанушы Сақтандырушыға берілетін ақпараттың анықтығы мен дұрыстығы үшін жауапты 
болады. 
75. Сақтандыру шарты жазбаша түрде мынадай жолдармен жасалады: 
1) Тараптардың Сақтандыру шартын жасауы; 
2) Сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандырудың 
үлгілік талаптарына не Сақтандырушы біржақты тәртіппен (қосылу шарты) әзірлеген 
сақтандыру ережелеріне қосылған және Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру полисін 
ресімдеген жағдайларда, Сақтандырушының сақтандыру полисін қосуы мүмкін. 
76. Сақтанушының немесе оның өкілінің Сақтандыру шартындағы қолы оның Сақтандыру 
шартының талаптарымен және Сақтандыру шартын қағаз тасығышта, оның ішінде 
Сақтандырушының бланкісінде ресімдеу кезіндегі Ережелермен толық келісуінің расталуы 
болып табылады. 
Сақтандыру шартын Сақтандырушының және/немесе оның серіктестерінің интернет-
ресурсында ресімдеу кезінде Сақтанушы Сақтандыру шартын жасасқанға дейін 


 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 15
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
Сақтандырушы біржақты тәртіппен әзірлеген осы Ережелермен танысқанын және оларға 
қосылғанын растайды. 
77. Сақтандыру полисін беру арқылы Сақтандыру шартын жасасу үшін Сақтанушыға: 
1) Сақтандырушының немесе оның серіктесінің интернет-ресурсында орналастырылған 
ережелермен танысу керек; 
2) Сақтандырушының және/немесе оның серіктестерінің интернет-ресурсына арналған 
сақтандыруға өтініштің электрондық нысанының жолдарын толтыру арқылы Сақтандыру 
шартын жасасу туралы өтініш беру қажет. Осы өтініш 24 (жиырма төрт) сағат ішінде жарамды 
болады;
3) Интернет-ресурста ұсынылған қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандарын пайдалана 
отырып, сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндетті. 
Процессингтік жүйеден транзакцияның сәтті өткені туралы ақпарат келіп түскеннен кейін 
Сақтандырушы Сақтанушыға ол көрсеткен электрондық пошта мекенжайына Сақтандыру 
шартын жасасу туралы электрондық хабарлама түріндегі ақпаратты жібереді. 
78. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына әкеп соғады. 
79. Сақтанушы Сақтандырушыға Сақтандыру шартын жасасу үшін көрінеу жалған мәліметтерді 
(ақпаратты) хабарлаған кезде Сақтандырушы басталған сақтандыру жағдайы бойынша 
сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға немесе қолданыстағы заңнамада белгіленген 
тәртіппен Сақтандыру шартын жарамсыз деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы. 
80. Сақтандырушы Сақтанушымен Сақтандыру шартын жасасудан бас тарту себептерін 
түсіндірместен бас тартуға құқылы. 
81. Сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық еместігі үшін Сақтандырушы 
жауапты болады. Дау туындаған жағдайда, оның салдарынан Сақтандыру шарты бойынша 
оның жекелеген талаптарының толық болмауы кезінде, дау Сақтанушының пайдасына 
шешіледі.
82. Егер Сақтандыру шартының талаптары бойынша Сақтанушы болып табылмайтын 
Сақтандырылушыға белгілі бір міндеттер жүктелсе, Сақтанушы Сақтандырылушының 
Сақтандыру шартын жасасуға жазбаша келісімін алуға тиіс.
83. Сақтандырылушының пайдасына Сақтандыру шартын жасасу Сақтанушыны осы Сақтандыру 
шарты бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды. 
84. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша өтініші 
негізінде оған Сақтандыру шартының телнұсқасын береді, содан кейін жоғалған Сақтандыру 
шарты жойылды деп есептеледі және ол бойынша сақтандыру төлемдері жүргізілмейді. 
Сақтанушы Сақтандыру шартын қайта жоғалтқан жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушыдан 
Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеу және беру жөніндегі шығындарды, бірақ 
телнұсқа берілген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,1%-ынан аспайтын 
мөлшерде өндіріп алуға құқылы. 
85. Сақтандыру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Сақтанушының өтінішін 
Сақтандыру шартын жасасудың тиісті нысаны негізінде, Сақтандырушының Сақтандыру 
шартына қосымша келісімді ресімдеуі жолымен жүргізіледі. Егер сақтандыру сақтандыру 
полисін беру арқылы ресімделсе, онда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде 
сақтандыру полисі мерзімінен бұрын тоқтатылуға және жаңасын ресімдеуге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет