1. Жалпы ережелер


 Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата18.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#489318
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
nschoice rules kaz

10. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау 
55. Егер сақтандыру шартында өзге жағдайлар ескертілмесе, онда сақтандыру жағдайлары 
бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері былайша айқындалады: 
Тәуекел 
Сақтандыру төлемінің мөлшері 
Сақтандырылушының 
жалпы 
еңбекке 
қабілеттілігін 
уақытша 
жоғалтуы 
Сақтандыру шартында көрсетілген мөлшерде. 
Сақтандырылушыға мүгедектікті белгілей отырып, Сақтандырылушының жалпы еңбекке 
қабілеттілігінен тұрақты айырылуы: 
1 топтағы мүгедектік
Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 100% 
ІІ топтағы мүгедектік 
Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 70% 
ІІІ топтағы мүгедектік 
Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 30% 
Қаза болу 
Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 100% 
Мадициналық шығындар
Нақты жұмсалған шығындар мөлшерінде, бірақ сақтандыру 
шартында айтылған сомадан артық емес. 
Емдеуге жатқызу бойынша 
шығындар 
Нақты жұмсалған шығындар мөлшерінде, бірақ Сақтандыру 
шартында айтылған сомадан артық емес. 
Репатриация 
бойынша 
шығындар 
Нақты жұмсалған шығындар мөлшерінде, бірақ Сақтандыру 
шартында айтылған сомадан артық емес. 
 
56. Әрбір Сақтандырылушымен Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде болған бір немесе 
бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы әрбір 
Сақтандырылушы бойынша Сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспауға 
тиіс. 
57. Егер сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Сақтандырылушыға мүгедектік не 
мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленсе не сол сақтандыру жағдайынан туындаған 
жағдайдан Сақтандырылушы қайтыс болса, онда бұрын жүргізілген төлем сомасы осы мән-
жайлар жазатайым оқиға басталғаннан кейін 12 (он екі) ай ішінде болған жағдайда, осы 
жағдайда тиесілі сақтандыру төлемінен ұсталады. 


 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 13
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
58. Сақтандырушы Сақтанушыға (Пайда алушыға), егер сақтандыру жағдайы сақтандыру 
жағдайының салдарынан орын алса, сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға 
құқылы: 
1) Сақтанушының, Сақтандырылушының және/немесе Пайда алушының сақтандыру 
жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-
әрекеттері; 
2) заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыста 
болатын қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған 
Сақтанушының, Сақтандырылушының және (немесе) Пайда алушының іс-әрекеттері.
59. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да негіз болуы 
мүмкін: 
1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру 
жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы; 
2) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-
тексеруде және оған келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуде кедергі келтіруі; 
3) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу не уақтылы 
хабардар етпеу; 
4) кезекті сақтандыру жарнасын немесе сақтандыру қызметтерін көрсеткені үшін төлемді 
уақтылы енгізбеу; 
5) осы Ережелерде және сақтандыру шартында көрсетілген өзге де жағдайлар.
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайлар. 
60. Сақтандырушыны Сақтанушының заңсыз іс-әрекеттері себептері бойынша оның алдындағы 
сақтандыру жауапкершілігінен босату, бір мезгілде Сақтандырушыны Сақтандырылушыға 
немесе пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет