1. Жалпы ережелер


 Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі мен орны



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата18.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#489318
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
nschoice rules kaz

13. Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі мен орны 
86. Сақтандыру шарты 12 (он екі) айға дейінгі мерзімге жасалады. 
87. 12 (он екі) айдан аз мерзімге сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысы жылдық 
сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен пайызбен есептеледі, бұл ретте толық емес ай 
толық болып есептеледі: 


 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 16
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
Сақтандыру мерзімі Жылдық 
сақтандыру 
сыйлықақысынан 
%-бен 
Сақтандыру мерзімі Жылдық 
сақтандыру 
сыйлықақысынан 
%-бен 
1 ай 
20% 
7 ай 
75% 
2 ай 
30% 
8 ай 
80% 
3 ай 
40% 
9 ай 
85% 
4 ай 
50% 
10 ай 
90% 
5 ай 
60% 
11 ай 
95% 
6 ай 
70% 
88. Сақтандыру шарты Сақтандыру шартында көрсетілген күннен бастап күшіне енеді және 
тараптар үшін міндетті болады. 
89. Егер Сақтандыру шартының талаптарында өзге жағдайлар көзделмесе, сақтандыру арқылы 
қорғау әрекетінің кезеңі Сақтандыру шартының қолданылу мерзімімен сәйкес келеді. 
90. Сақтандыру аумағы тек Сақтандыру шартында көрсетілген аумақпен ғана шектеледі. 
14. Сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату талаптары 
91. Шарт мынадай жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі: 
1) оның қолданылу мерзімі өткен;
2) Сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған; 
3) 3) Сақтандырушының Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшеріндегі 
міндеттемелері орындалған. 
92. Міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, Сақтандыру шарты келесі жағдайларда 
мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) Сақтандыру объектісі болған кезде;
2) Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушы оны алмастырмаған кезде қайтыс 
болған жағдайда;
3) Сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылғанда және сақтандыру тәуекелінің 
болуы сақтандыру жағдайынан өзге мән-жайлар бойынша тоқтатылғанда
4) "Сақтандыру 
қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, Сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды 
күшіне енген жағдайларда; 
5) Егер Сақтандыру шарты Ережелерге қосылу және Сақтанушыға сақтандыру полисін беру 
арқылы жасалған болса, сақтандыру полисіне енгізілген талаптар мен мәліметтердің 
өзгеруі; 
6) "Сақтандыру 
қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 
жағдайларда. 
93. Көрсетілген жағдайларда Сақтандыру шарты Сақтандыру шартын тоқтату үшін негіз ретінде 
көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі, бұл туралы 
мүдделі Тарап екінші Тарапты дереу хабардар етуге тиіс. 
94. Тараптар Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға құқылы, Сақтандыру шартының 
қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы тараптар бір-бірін шартты тоқтатудың 
болжамды күніне дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын хабардар етуге міндетті. 
Сақтандыру шартын бұзу туралы келісім жазбаша түрде жасалады.
95. Осы Ережелердің 92-тармағында көзделген мән-жайлар бойынша 12 ай мерзімге жасалған 
Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде Сақтандырушының әкімшілік 
шығыстарға Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының 10%-ын, сондай-ақ 
Сақтандыру шартының қолданылу мерзімінің өткен кезеңіне пропорционалды түрде 
сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ұстап қалуға құқығы бар. 


 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 17
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
96. Сақтандырушы таратылған кезде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару 
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында 
белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге 
асырылады. 
97. Сақтанушы Сақтандыру шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Сақтанушы 
Сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, егер бұл осы Ережелердің 92-тармағында 
көрсетілген мән-жайларға байланысты болмаса, Сақтандырушыға төленген сақтандыру 
сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды. 
98. Егер Сақтандыру шарты ол бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін 
мерзімінен бұрын тоқтатылса, сақтандыру сыйлықақысы (оның бір бөлігі) қайтарылуға 
жатпайды. 
99. Сақтандыру шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы Сақтандырушының кінәсінен оның 
талаптарының орындалмауынан туындаған жағдайларда, соңғысы Сақтанушыға ол төлеген 
сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға міндетті. 
100. 
Егер Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын немесе бірінші/кезекті сақтандыру жарнасын 
толық төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) 
күнтізбелік күн ішінде сақтандыру сыйлықақысын немесе бірінші/кезекті сақтандыру 
жарнасын толық төлеу жүргізілмесе, Сақтандырушы біржақты тәртіппен Сақтанушы 
сақтандыру сыйлықақысын немесе сақтандыру жарнасын төлеу жөніндегі міндеттемені 
орындамаған күннен кейінгі күннен бастап Сақтандыру шартын орындаудан бас тартады. Бұл 
ретте, Сақтандырушы Сақтанушыны Сақтандыру шартынан бас тарту себептерін, Сақтандыру 
шарты бұзылған мерзімді көрсете отырып, хабарлама жіберу арқылы Сақтандыру шартынан 
бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет