ҮІІІ-ДӘРІС: Тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы, комбинаторлық өзгерістері. Ассимиляция және диссимиляция, аккомадация, редукция құбылыстары. Дыбыс үндестігі. Фонема ұғымы. Дыбыс және фонема, Фонеманың қызметі. Орфоэпия жайлы ұғым. Тіл-тілде сөздің құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғы бүтін бір сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс болады. Ондай құбылыс барлық тілге бірдей ортақ болмайды, бір не туыстас тілдер тобына ғана, тән болады. Қазақ (түркі) тіліне тән мұндай құбылыс – үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы (сингармонизм заңы). Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үйлесуі немесе үндестік заңы дейміз. Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселерінің біріне жатады. Ассимиляция мен диссимиляция. Ассимиляция – морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі. Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын 3 (прогрессивті, регрессивті, тоғыспалы) бөліп қараған дұрыс. Диссимиляция – дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі ұқсастығы жоқ дыбыспен алмасады, яғни диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.
Дыбыстардың алмасуы және ішкі флексия тәсілі. Дыбыстардың алмасуы дегеніміз – әр түрлі қолданыстарға байланысты морфема құрамындағы белгілі бір дыбыстың екінші бір дыбыспен ауыстырылуы. Олар: грамматикалық алмасулар, тарихи дәстүрлі алмасуар, позициялық алмасулар, фонетикалық алмасулар. Тарихи алмасулар – дыбыстың позициясына қатысты емес, тілдің бір кездегі тарихи даму кезеңдерінің көрінісі. Тарихи алмасуларды морфологиялық алмасулар деп те атйды. Морфологиялық алмасулар грамматикалық формалар жасайды. Тарихи алмасулар дәстүрлі алмасулар деп те атайды. Өйткені, ондай алмасу ертеден бергі қалыптасқан дәстүрді қатаң сақтайды. Сондықтан ондайлар тілдің қазіргі кездегі заң-жүйесіне бағынбайды, өзі қалыптасқан қалпында қолданылады. Дыбыстардың грамматикалық алмасуы дегеніміз – ішкі флексия. Бұл, негізінен, сөз ішіндегі дауыстылардың алмасуы. Ішкі флексия – тіл-тілдегі синтетикалық тәсілдің бірі. Ішкі флексия дегеніміз, сондай-ақ сөз түбіріндегі дыбыстық құрамның өзгеріске түсіп, соның нәтижесінде белгілі бір грамматикалық мағына білдіріуі. Мәселен, орысша убирать – убрать, посылать – послать – посол, деген сөздердегі ; жекешелік мағына білдіріп тұрған – сөз ішіндегі бауыстылардың алмасуы, яғни ішкі флексия тәсілінің нәтижесі. Ішкі флексияның дыбыстардың фонетикалық және тарихи алмасуларынан үлкен айырмашылығы бар: ішкі флексия дыбыстардың фонерикалық позициясына байланысты да емес, бағынышты да емес. Сондықтан да ішкі флексия деп сөз түбірі немесе сөз негізі ішіндегі дыбыстардың белгілі бір заңдылықтар бойынша ғана өзгеріп, белгілі бір грамматикалық мағына білдіру тәсілін айтады. Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды. Мысалы: қырғыз, неміс, ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды. Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес. Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ. Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене - сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ауыз қуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Достарыңызбен бөлісу: |