ол, тіл-барлық адамзатқа ортақ индивид адамның рухани шығармашылығы,
құндылығы. Ал рухани творчество ол əрқашанда эстетикалық мəнге ие.
Эстетизмді зерттеуші ғалымдар тілді жеке тұлға қалыптастырады, құрайды
деген. Ал жеке адамдардың тұлғалық тілін өзіміз білетіндей стилистика
саласы қарастырады. Стилистика да эстетиканың бір бағыты. Осы
факторларға сүйене келе эстетик ғалымдардың бірқатары жалпы тіл білімі
эстетиканың үзілмейтін бір бөлшегі деген тұжырым жасаған. Эстетизм
мектебінде эстетизмді кейбір уақытта индивидуальзммен қатар қойып, атап
жатады.
20. Неолингвизм
Неолингвизм бағыты 20 ғасырдың бірінші жарты жылдығында пайда болып,
дамыды. Бұл мектептің ерекшелігі олар жас грамматизм мектебіне
қарсылығы. Неолингвизм сөзі жаңа деген мағынаны білдіреді. Яғни, жаңа
лингвистикалық бағыттағы мектеп. Аталмыш мектепке эклектикалық
неологизм деген атау берілген. Ол дегеніміз айтарлықтай тосын жаңалықтың
болмауы, өздеріне дейінгі пайда болған ой-пікірлерді, түрлі көзқарастарды
саралап, қайталаған. Оның арасында бір-біріне қайшы келетін де пікір,
тұжырымдамалар баршылық. Неолингвисттер тіл дегеніміз не деген сауалға
дəл эстетиктер дің пікірімен жауап берген. Тіл жеке индивидтің
творчествосы деген жауап қатқан. Олардың өкілдеріне м.Бартоли, Дж.
Бартони, Дж. Бонфантені жатқыза аламыз. М. Бартоли мен Дж. Бартонидің
1925 жылы жарыққа шыққан Неолингвистиканың қысқаша очеркі айтты
еңбегі бар. Неолингвисттер басқа да өкілдер секілді тілдің қоғамдағы мəніне
дейін қоймаған, елемеген. Тілдегі элементтерді зерттеу кезінде тілдің
таралған ортасы, географиялық аймағына көбірек мəн берген.
Достарыңызбен бөлісу: