1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері


 Тіл дамуының заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ

34 Тіл дамуының заңдылықтары


Тіл дамуында өзіне тəн заңдылықтар бар. Даму болған соң өзгеріс те орын
алады. Оның өзгеруіне себепші болатын түрлі жағдайлары болады. Бұл
өзгерістердің дені тлді пайдаланушы қоғамнан бөлек, тілдің ішкі дамуына
байланысты болады .Тіл дамуындағы жалпы заңдылықтар мыналар:
1.
Тілдің біртіндеп эволюциялық жолымен дамуы
2.
Тіл қабаттары өмір талабына жіне жағдайға сəйкес бола отырып, түрлі
қарқынмен дамиды. Əр жеке қабатта болған өзгеріс тілдің жүйесіне белгілі
мөлшерде өз əсерін береді.
3.
Тіл үнемі даму барысында болғандықтан, оны тарихтан алдыңғы
немесе тарихтан кейінгі деп бөле алмаймыз
4.
Тіл мен қоғамның дамуы тығыз байланыста . Бірақ тілге өзгеріс
қоғамадағыдай бірден емес, біртіндеп отырып сіңіседі.
5.
Қоғамда өзгеріс болған сайын, тіл де өте тез дами түседі. Ал тілде
өзгеріс болмаған дəуірлерде тілдің дамуы да мейлінше баяулай түседі екен.
6.
ТІлдегі сөздер өзгеріске ұшырай алады. Демек бір кездегі деректі
болған сөздер уақыт өте дерексізденеді. Толық мағынадағы сөздер уақыт
жылжи келе морфемаға айналып кете алады. Нақты мағынадағы сөздер
ауыспалы мағынасында жұмсалынады.
7.
Тіл дамуына əсер ететін келесі заңдылық- дифференциялану құбылысы.
8.
Дифференциялану құбылысына қарама-қарсы интеграциялану
құбылысы.
9.
Ең соңғы заңдылық- аналогиялық құбылыс. Яғни, тілдегі ежелден бар
тұлғаға ,тəсілге сүйене отырып, осыған ұқсайтын жаңа туындылар жасалыну
құбылысы.
35.Тілдік факторлар : ішкі жəне сыртқы лингвистикалық
мінберлер.
Тіл дамуының ішкі саласы- яғни интралингвистика- бұл тілдегі ішкі жүйелік
құрылымды ,сонымен қатар осы жүйенің элементтері арасындағы бір-бірімен
қатынастарын зерттейді. ИНтралингвистиканың басты салаларына -фонетика
мен лексикология жəне грамматика жатады.
Экстралингвистика - сыртқы факторы. Яғни, тілдің өз ішіндегі емес
сырттағы дүниемен, қоғаммен байланысын негізге алады. Осы себептен
экстралингвистиканы социологиялық лингвистика немесе металингвистика
деп екі бөлікке бөліп қарастырады. Экстралингвистикалық фактор- қоғамдық
құбылыс болып табылады.Демек. экстралингвистиканың дамуы коғам
дамуымен тығыз байланыста деген сөз.
Тілде болатын өзгерістердің біршамасы интралингвистиканың əсерінен
болады.Яғни тілдің өз ішінде болатын заңдары тілге өзгерістер ікеледі.


Мəселен : бұрын толық мағыналы болған сөздің қазір қосымша айналуы.
Мысалы : келіп тұратын- келетін. Сонымен қатар тілді жеңілдету заңы да
интралингвистикаға келеді: Мəселен : Сарыарқа -Сарарқа.
Экстралингвистикалық фактордың дамуына əсер ететін тағы бір əрекет:
тілдердің бір-бірімен байланысы болып табылады. Яғни бір- бірінде жоқ
сөздерді алып сөздің құрамды дамытып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет