5.2. Жолды жөндеу және күту жөніндегі қауіпсіздік техникасына
негізгі талаптар.
Қолданылып жатқан машиналар, механизмдер, жабдықтар мен саймандардың техникалық жағдайы жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін шараларына сай келуі керек. Жүріс бөлігінде және жаяу жүргіншілер жолында жұмыс істейтіндер, механизмдер операторлары мен жол машиналарының жүргізушілері ашық-сары түстегі сигналды жилеттер киюі керек. Тәуліктің қараңғы уақытындағы жүмыстар кезінде жарық шағылыстырғыш бояуы бар жилеттерді қолдану керек.
Жолдағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын тек қана қоршауларды орнатқаннан кейін және арнайы белгілерді қойғаннан кейін орындау қажет. Жол белгісін жөндеуге дейін жүріс бөлігіне жол-құрылыс материалдарын және өнімдерін әкелуге, машиналар мен механизмдерді және жабдықтарды қоюға тиым салынады.
Жол жұмыстарының өндірісі және ұйымдастыру кезінде бақытсыз жағдайлардың алдын-алу және үздіксіз технологиялық процесті қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану қажет. Жол жұмыстарының өндіріс жоспарының негізіне жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін нақты іс-шаралар кіргізілуі керек.
Жұмысшылардың, жол машиналар жүргізушілердің және механизмдер операторларының іс-әрекеттері жұмыс өндірісінің басында келісіліп қойылады.
Бұл кезде технологиялық транспорттың, механизмдер мен машиналар жұмыстарының технологиялық зоналары, жұмысшылардың қозғалуының қауіпсіз зоналары көрсетіледі, саймандар мен материалдардың қоймалық орындары, машиналар мен механизмдердің қолданылу сипаты, технологиялық операцияларды орындау тәртібі, жүмысшылармен, жүргізушілермен және операторлармен берілетін белгілер анықталады.
Жолды жөндеу кезіндегі технологиялық операциялар тек қана қоршалған зона шегінде орындалады. Машиналар мен механизмдер бір-бірінен қауіпсіз ара-қашықтықта жұмыс жасауы керек. Ол қозғалысты дыбыстық сигналдан кейін істеу керек. Бұл кезде, артқа қарай қозғалыс тек қана осы жұмыстарға қатысып отырған адамдардың бұйрығымен ғана бастауға рұқсат етіледі. Машиналар мен механизмдердің жұмысшыларға кемінде 3м қашықтыққа жақындауға тиым салынады. Механикаландырылған бөлімшенің жұмыс зонасында жұмысшылар болмау керек. Машиналардан және механизмдерден түсуді және мінуді, сонымен қатар тіркелген агрегаттарды ағытуды немесе жабдықтарды шешуді тек қана олар тоқтағаннан кейін орындау қажет.
Қия жол бөліктерінде, доңғалақты базасы технологиялық жабдықтар мен көмекші құралдарды орнату кезінде доңғалақтардың өзінен-өзі тербелу мүмкіндігін жоятын шаралар қолдану қажет. Жұмыстар өндірісінің зонасынан жол машиналарының, механизмдерінің және технологиялық транспорттардың шығуы тек қана жұмысшы-реттеуші сигналы бойынша және жол қозғалысы Ережелерін бүзбай жүзеге асырылуы керек. Ерекше сақтылықты көшелер мен жолдарды механикаландырылған жинау кезінде сақтау қажет, себебі бұл жұмыстарды технологиялық зонаны қоршаусыз, транспорт ағынымен өзара әсерлессе қозғала отыра орындайды. Жұмыс процесінде жинау машиналары біркелкі жылдамдықпен қозғалып отыруы керек және мүмкіндігінше жүріс бөлігінің ені бойынша өзінің орнын өзгертпеу керек. Жүріс бөлігінде тұрған автомобильдерді айналып өтуді, асықпай, көрші жолаққа тез шықпай жүзеге асыру керек.
Жол жабындарын жинау технологиясы, қар артушылардан басқа, жол машиналарының транспорттық ағынға қарсы қозғалмауы керек, қар артушылар белгіленбеген жерлерден айналып өтпеуі керек. Жүріс бөлігінің арығында жатқан қарларды арту кезінде, қар артушылар транспорт ағынына қарсы қозғалуы керек. Ал тасуға бара жатқан машиналар қардан тазартылған жолақ бойынша артушының артынан артқы жүріспен жүріп, артып біткеннен кейін транспорт ағынын қиып отпей оған сіңіп кетуі керек.
Қар үйінідісі жүріс бөлігінің өсінде орналасқан кезде, қар артушы кез-келген бағытта қозғала алады, ал қар тиелген машиналар тек қана оңға қарай бұрылып, транспорт ағынына кіріп кете алады. Қар артушы мен машина жүргізушілерінің арасындағы байланысты реттеуші-жұмысшы жүзеге асырады. Осы арықтан қарды жинау кезінде қар артушының жанында жаяу жүргіншілер жолында түру керек, ал қар артушының жүріс бөлігінің ортасындағы жұмысы кезінде, реттеуші-жұмысшы қозғалып келе жатқан транспорт құралдарына қарсы бетте, тиеуге келе жатқан машинаның оң жағында тұруы керек. Түнгі уақытта, жүріс бөлігінде орналасқан жұмысшы-реттеушінің орны мен қар үйіндісі қар артушының жарық көздерімен жарықтандырылуы керек.
Нақты жол және комуналды машиналармен және механикаландырылған механизмдермен, технологиялық жабдықтармен және механикаландырылған саймандармен жұмыс жасау кезінде, оларды пайдалану бойынша инструкцияларға сай арнайы техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек.
Егерде жаяу жүргіншілердің, жұмысшылардың денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жағдайлар немесе транспорт құралдарының қозғалысында авариялық жағдайлар туа қалса, жұмыстарды қауіпті жойғанға дейін тоқтату қажет. Орындалуы кезінде бақытсыз жағдайларға алып келетін техника қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келетін жұмыстарды орындауға тиым салынады.
5.3. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету
кезіндегі техника қауіпсіздігі.
Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету зонасында тиым салынады:
- Қозғалтқыштарды, агрегаттарды, бөлшектер мен детальдарды тез тұтанатын сұйықтармен(бензин, еріткіш және т.с.с.) жууға;
- Тез тұтанатын және жанатын сұйықтарды, кышқылдарды, кальций
корбидін және тағы басқаларды сақтауға;
- Автомобильдерге отын құюға;
- Таза, сүртетін материалдарды, қолданылғандармен бірге сақтауға...
Автомобильді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қажетті құрылғылармен, приборлармен, инвентарьмен, саймандармен жабдықталған арнайы орындарда жасалады. Жөндеу және техникалық қызмет көрсетубекеттерінің орналасуы, осы бекеттерде қойылған автомобильдер арасындағы ара-қашықтық, сонымен қатар автомобильдер мен ғимарат конструкциялары арасындағы қашықтықтар ОНТП-01-86-ге сай келуі керек.
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету бекеттеріне жіберілген автомобильдер лайдан және қардан тазаланып, жуылуы керек.
Көтергіште автомобильге қызмет көрсету кезінде(гидровликалық, электрлік) көтергіштің басқару тетігінде «Тиіспе автомобиль астында адамдар жұмыс жасап жатыр» деген жазу ілінуі керек.
Автомобильге жөндеу және қызмет көрсетуші жұмысшылар арнайы құрал-саймандармен жабдықталуы керек.
Жұмыс орнын шаңнан, ағаш үгіндісінен, басқа металл, үгіндісінен тазарту тек қана щеткалармен рұқсат етіледі. Шаңды, ағаш және металл үгінділерін қысылған ауамен үрлеуге тиым салынады.
Салмағы 15 кг немесе одан да көп агрегаттар мен бөлшектерді шенгу немесе орнату кезінде арнайы құралдармен шепгуге жабдықталған көтеруші транспорттық механизмдерді қолдану қажет.
Жылжымалы құрамның жабдықтарына және техникалық жағдайына талаптар.
Автомобиль кабиналарына келесі талаптар қойылады:
- Беттік және жандық терезелерінде көруді қиындататын
қараңғылық және сызат болмауы керек;
- Жандық терезелер қолменен немесе арнайы механизмдермен
қозғалуы қажет;
- Жүк автомобильдерінің кабинасында және жеңіл
автомобильдердің кузовында салон ішінде және автобус кабинасында зиянды заттардың құрамы төмендегідей
тағайындалған санитарлы нормалардан аспауы керек:
Оттегі тотығы - 20 мг/м3; акролеин - 0,2; азот тотығы - 5; бензпирен
- 0,00015; бензин буы - 100; бутан - 200; пропан - 180.
Қоректендіру, майлау және салқындату жүйелерінде отын, май, антифрид және су ақпау керек.
Капот астындағы кеңістікке газды жібермейтіндей, қозғалтқыш вентиляциясы жақсы жүмыс істеуі керек.
Шыққан газдағы зиянды заттардың құрамы МЕСТ 17,2,2,03-87 тағайындалған мөлшерден аспауы керек.
Доңғалақ дискілері ступицаға мықты қатырылуы керек. Доңғалақ дискілерінің майысқанына, сызат түсуіне жол бермеу керек.
Адамдарды тасымалдауға және осы мақсаттарға арнайы жабдықталған жүк автомобильдері мен автобустары қосымша екінші өрт сөндіргішпен жабдықталуы керек. Бұл кезде бірінші өрт сөндіргіш жүргізуші кабинасында тұрса, екіншісі - автобустың жолаушылар салонында немесе автомобиль кузовында орналасуы керек.
5.4. Автотранспорттық тұрақтарындағы және гараждарындағы
өрт қауіпсіздігі шаралары.
Автомобильдерді гараждарда, бастырма астындағы тұрақта, арнайы алаңдарда орналастыру, гаражсыз сақтау үшін гараждар құрылыстық нормаларға сай келуі керек.
Гаражда, автомобильді жөндеуде, сонымен қатар бастырма астындағы автомобиль тұрақтарында және ашық алаңдарда тиым салынады:
1.Ашық отты қолдануға, темекі шегуге және күйдіргіш лампалармен,
қозғалмалы пісіру аппараттармен жұмыс істеуге;
2. Бензо багінің қақпағы ашық автомобильді ұстауға;
3. Аккумулятор батареяларын зарядкілеуге;
4. Осы орындарға қатысты жабдықтардан басқа да қандай да бір
заттарды және материалдарды сақтауға;
5. Автомобиль кузовын және детальдарын бензин немесе керосинмен
жуу;
6. Автомобиль бактарында бензиннен басқа жанармайларды сақтауға.
Тез тұтанғыш сұйықтарды таситын автоцистернаны сақтау орындары басқа орындардан алшақ тұруы керек.
Автомобильге отын құю, ЖЖМ қоймасы жанындағы арнайы алынған алаңда жүргізілуі керек.
Автомобиль саны 5-ке дейін гараждарда детальдарды керосинмен жуу, қажетті өрт қауіпсіздігінің шараларын сақтай отырып, автомобильдерді жөндейтін арнайы орындарда жүргізіледі.
Автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсетудің барлық орындарында келесі өрт қауіпсіздігі шаралары сдкталуы тиіс:
-
автомобильдердің тұрақтан желіге шыққанан кейін және әр смена
жұмысы соңынан кейін бөлмелерде және қарау шұңқырларында
қалдық және қоқымдарды жинап алу керек.
-
төгілген май және отындар дер кезінде құм немесе ағаш үгіндісі
көмегімен тазалап, қолданылған құмды және ағаш үгіндісін жинап гараж сыртында орналасқан кақпағы бар арнайы темір жәшіктерге тастау керек.
Машиналарды қыздыру үшін ашық отты қолдануға тиым салынады. Бұл үшін ыстық су мен бу қолданылады. Гараждарда қолданылатын қозғалмалы лампалардың кернеуі 36 В-тан аспауы керек.
Бақытсыз жағдайлар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек.
Аптечканы тек қана жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету үшін ғана пайдалану керек.
Бақытсыз жағдайдың куәгері болған немесе жарақаттанушыны тауып алған жұмысшы міндетті:
1. жарақаттанушы фактордың әсерінен жарақаттанушыны босату
шараларын жасауға;
2. жарақаттанушыны дәрігерлік пунктіне жеткізу керек, ал оны жеткізу
мүмкін болмаған жағдайда дәрігерді оқиға орнына шақырады;
3. дәрігерлік пункт жоқ болған кезде «жедел жәрдемді» Дереу шақыру керек.
Автомобиль транспорттық әр жұмысшысы алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге, жарақаттанушыны транспорттау әдістеріне, аптечканың құрамын және орналасқан жерін білуге үйретілуі керек.
Улы және зиянды заттармен байланысты жұмыс орындарындағы аптечкаларда жалпы медикамент түрлерінен басқа ас содасының, бор және лимон қышқылы ерітіндісі, комфора, күйдірілген магнезия, глаубер тұзы болуы керек.
Жарықтандыру және электро-қауіпсіздік.
Өндірістік, көмекші және тұрмыстық орындарда кәдімгі жарықтандыру 11-4-79 ҚНжЕ-дің талаптарына сай келуі керек.
Күн жаққа қарайтын терезелер тіке күн сәулелерінен қорғайтын құрылғылармен жабдықталуы керек. Терезелерді және басқа да жарық саңлақтарын материалдармен, жабдықтармен т.с.с бекітуге тиым салынады.
Жоғары фонарлардың жарық саңлақтары торланған шынымен жабылу керек немесе фонарь астында кездейсоқ түсетін шыныдан сақтайтын металл тор ілініп тұру керек. Шыныларды тазалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы құрылғыларды пайдалану керек(саты, көпірше).
Қолдан жарықтандыру, электро-жабдықтар және сымдар.
Бөлмелер және жұмыс орындары, жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін жеткілікті жарықтармен қамтамасыз етілу керек. Адамның қауіпсіз болу және қозғалуы ҚНжЕ П-4-79, ҚНжЕ 3.05.06.-85 талаптарын қанағаттандырады. Өндірістің жұмыс орындарын жарықтандыру кемінде 5 л.к. болу керек. Барлық элетрожабдықтар сенімді жерленуі керек.
Табиғи жарықты түсуіне байланысты 3 жүйеге: жанымен, жоғарыдан және қиыстырылған болып бөлінеді.
Нормалық өлшем ретінде салыстырмалы өлшем бірлігі және табиғи жарықтану коэффициенті (ТЖК) алынады.
Ол бөлме ішінде берілген нүктенің жарықталуының Е б.і. сол мезеттегі сыртқы горизонталь, сәуленің ауада шашырап таралуымен пайда болған, жарықталуына Еа қатынасымен, процентпен көрсетеді:
ТЖК = Е б.і. /Е а*100%
Мен есептегелі отырған Оңтүстік Қазақстан Ішкі Істер басқармасы Жол полиция басқармасының ғимаратындағы «Техника қауіпсіздігі» бөлмесінің табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) төмендегіше анықталады:
ТЖК = Е б.і. /Е а*100% 100% = 12,8 = 13%
Аспан жарығын төмендегіше анықтаймыз:
Е. = 2[Еа + (l2% Е а)+ (35%Ә Е а )+ (50:75% Е а )],
мұндағы 12% - терезенің ластануын түзету;
35% - терезенің үстіңгі жағындағы қолхон түзету;
50% - жазда талдардың көлеңкесіне түзеті;
75% - қыста талдардың көлеңкесіне түзету.
Радиациялық, химиялық барлаулың құралдары.
Барлау жұмыстары үзіліссіз жүргізілуі - оның жоспарлары, жүйелі түрде күндіз-түні, ауа-райына, жер жағдайына қарамастан қамтамасыз етілуі.
Барлаудың тез арада жүргізілуі, оның белгілі уақытта АҚ штабын барлау бөлімдерінің жинаған мәліметтерінің қажеттілігіне қарай тез арада штабтарға жеткізілуі.
Барлауды жинақтылығы - болған жағдайды толық қамту. Барлау шынайлығы - жағдай бірнеше жолдармен тексеріледі, жиналған мәліметтерді салыстыра отырып, оның дәлдігіне жеткізіледі.
Бейбітшілік кездегі төтенше жағдайда:
-
ауаның, судың, топырақтың, өсімдіктердің және басқа да объектілер-
дің улы, радиоактивті заттармен ластанғанын бақылап, лаборато-
риялық талдаудан өткізіп отыру;
-
табиғат дүлейіне не ірі апатқа ұшыраған аймақтың көлемін, қолайсыз
эпидемиялық не эпизоттық жағдайға үшыраған аудандарды анық-
тайды;
-
елді мекенді көшіретін жағдайда жолдың, жол бойындағы құрылым-
дардың жайын, апатқа ұшырау қауіпі бар объектілерге жол-қатынас
мүмкіндігін зерттейді;
-
барлаушылар соғыс сипатын, жаппай қарып-жою қаруларын және
қару түрін, апат ошақтарын, химиялық қару жарылған зақымданудың
бар-жоғын, деңгейін, улы заттардың түсін анықтайды.
Әуе барлауы ұшақ пен тікүшақтардың қаытсуымен жүргізіледі. Бұл барлау арқылы ядролық жарылыстың ортасын, бұл жердегі радиация деңгейі мен радиоактивті бұлттың жылжу бағытын, радиоактивті заттармен ластанған жерлердің шекарасын анықтайды. Өрттің көлемін, сипатын белгі-лейді. Ұшақ арқылы радиацияның деңгейі анықталады, кейбір аудандарды фотосуретке түсіріп алады.
Теңіз, өзен су арқылы барлау. Мұндай барлау жүмыстары теплоход-тармен, катерлермен, маторлы қайықтармен жүргізіледі. Теңіз, өзен жағалауындағы радиацияның деңгейін, улы заттардың концентрациясын, таралу бағыты мен көлемін және басқа да ластанудың дәрежесін зерттейді.
Құрлықтағы барлауға - азаматтық қорғаныстың күштері олардың барлаушылары түгел қатыса алады. Бұл қызметке арнайы барлау бекеттері, зертханалық бақылаулар қатысады. Өз қызметін аяқтап шыққаннан кейін, оларға арналған пунктке барып орналасады, ондай пунктер - химиялық заттармен, радияациямен ластанбаған ауданда болуы керек.
Радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құралдарды дозиметриялық құралдар деп атайды. Бұл құралдар арқылы радиоактивті заттардың түсе бастағанын, жердің, техниканың, әртүрлі мүліктің адамның қанша ластанғанын анықтауға болады.
Жұқтырылған территорияда 6 сағ. жұмыста технологиялық факультеттің құтқарушы команд аның жалпы сәулелендіру мөлшерін анықтау. Жарылыстан кейін 2 сағат өткен соң факультет территориясында радиация деңгейі 60 р/сағ. тең болатыны белгілі болса, құтқарушылар жүмысқа 10 сағаттан кейін. Құтқарушылар 7 қорғаныс коэффициентпен жұмыс істеді.
Ең алдымен жарылыстан кейін 10 жэне 6 сағат өткен соң радиация деңгейін мына формуламен анықтаймыз (жүмыстың басында немесе соңында):
Р1= Р0хК1t,
мұнда Р0-t0 уақытындағы сағат жаралысытан соң, радиация деңгейі;
К1 - жаралыстан кейінгі түрлі уақыттағы радиация деңгейін
есептеу үшін коэффициент, ол келесідей формуламен есептеледі:
К1 = (t/ t0) -1,2 ; K10 = (10/2)-1,2 = 0,145; К16 = (16/2)-1,2 = 0,082;
Р10 =60*0,145 = 8,7 р/сағ.; Р16 =60*0,082 = 4,95 р/сағ.
Сәулелендірудің жалпы мөлшерін есептеу үшін мына формула қолда-нылады:
D = Pср xt/K осл ; Pср = (Pн tн +Pк tк )/2,
мұнда Рн және Рк - жұмыстың басы мен соңындағы радиация деңгейі;
t - жұқтырылған территориядағы немесе жердегі тұрған уақыт.
Немесе сәулеленудің жалпы мөлшерін мынадай формула бойынша есептеуге болады:
D = 5х(Рн xt +Pк xtк )/Косл,
D = 5*(8,7*10-5*4,95*16)/7 = 5,57P.
Р - жұтқырлыған территорияда болған 6 сағаттағы жұмысшылар мен қызметшілердің алатын экспозициялық мөлшері.
6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қазақстан Республикасында бұл проблема мемлекеттік деңгейде шешілуде. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары мен қарарлары, ел Президентінің жарлықтары мен арнайы бағдарламалары қабылданып, олар іске асырылуда. Бұлардың ішінен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңың Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңын атап өтуге болады. Сонымен қатар 2004 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі бойынша бағдарлама» қабылданып, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 жарлығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы мен Тараз қаласы үшін негізгі проблемалардың бірі ол транспорт қүралдарының ескіруі, сатылудағы жанар-жағар майлардың төменгі сапасы сапасы болып, ол қоршаған ортаның өте жоғары деңгейде ластануына әсер етеді. Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша Республикамыздың аса ірі өнеркәсіп қалалары үшін атмосфералық ауаның ластану деңғейі шамамен 13,6 құрайды.
Іштен жану қозғалтқыштарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын улы заттарының арасында пайдаланылған газдар мен картерлік газдардың және де карбюратор мен жанармай багынен шығатын жанармай буының алатын орыны ерекше. Улы газдардың негізгі бөлігі сыртқы қоршаған ортаға негізінен іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарымен шығарылады. Ал картерлік газдар мен карбюратор мен жанармай багынен шығатын жанармай буымен сыртқы қоршаған ортаға CnHm көмірсутегілерінің шамамен 45 пайызы шығарылады.
Қазақстан Республикасында бұл проблема мемлекеттік деңгейде шешілуде. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасы үкіметінің қаулылары мен қарарлары, ел Президентінің жарлықтары мен арнайы бағдарламалары қабылданып, олар іске асырылуда. Бұлардың ішінен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңын атап өтуге болады. Сонымен қатар 2004 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі бойынша бағдарлама» қабылданып, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 жарлығымен бекітілген.
Қазіргі кезде Қазақстанның Алматы, Шымкент, Семей сияқты ірі қалаларында ауаның ластнауының 80 пайызға жуығы автомобиль транспортының үлесіне тиеді.
Ауа ортасының ластануы өте шиелініскен және тез шешілуге тиісті проблем болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыс біткелі бері тазаланбаған түтінді ауаға шығарудың көлемі 2000 пайызға өсті.
Қоршаған орталық ластануына автомобиль көлігінің қосқан үлесі өте
үлкен. БҰҰ мәліметтері бойынша автомобильдің жалпы саны 2000 жылы 700
млн.асып түсті.
Дүниежүзілік автомобильдер паркі жылына шамамен 500 млн. тоннадай жанар-жағар май пайдаланады және қоршаған ортаға 300 млн.тоннадай улы заттар, соның ішінде 260 млн. тонна көмірсутегі тотығын, 40 млн. тонна көмірсутегілер және 10 млн. тоннадай азот тотықтарын шығарып тастайды.
Іштен жану қозғалткыштарының сыртқы қоршаған ортаға шығаратын пайдалынған газдарын сараптау нәтижелері көрсетіп отырғанындай олардың құрамында бірнеше ондаған түрлі улы компонештер болып, олардың негізгілері 6.1-кестеде келтірілген.
Күкірттің қос тотығы пайдаланылған газдардың құрамында тек қана егер күкірт пайдаланушы жанармай құрамында болса ғана болады /дизель отыны/.
.1.-кесте
Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарының құрамы
Компоненттер
|
Компоненттер есебімен
құрамы, %
|
Бензиндік қозғалтқышта
Р
|
Дизельдік қозғалтқышта
Р
|
Улылығы
|
Улы емес
|
N2
|
74-77
|
76-78
|
NO2
|
0,3-8
|
2-18
|
Н2О
|
3,0-5,5
|
0,5-4,0
|
СО2
|
5,0-12,0
|
1,0-10,0
|
Н2
|
0-0,05
|
|
Улы
|
CO
|
0,5-12,0
|
0,01-0,5
|
NOX
|
0,8
|
0,0002-0,5
|
CnHm
|
0,2-0,3
|
0,009-0,5
|
Альдегидтер
|
0,2 мг/м3
|
0,001-0,09 мг/мЗ
|
Бензопирен
|
10-20 мг/мЗ
|
10 мкг/мЗ
|
түтін
|
0,-0,4 г/мЗ
|
0,01-1,1 мг/мЗ
|
6.1-кестеде келтірілген іштен жану қозғалқыштарының пайдаланылған газдарының құрамын сараптау нәтижесі көрсеткеніндей карбюраторлық қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарының улылық деңгейі жоғары.
Себебі олардың құрамындағы көміртек тотығының, азот тотықтарының және көмірсутегілерінің пайыздық үлесі жоғары.
Пайдаланылған газдардың улы компоненттері адамдар өміріне кері әсерін тигізеді, тыныс алу жолдарының әртүрлі ауруларының пайда болуын көбейтеді, әртүрлі қауіпті аурулардың пайда болуы мен дамуына әсерін тигізеді.
Сыртқы қоршаған ортаның автомобиль транспортының әсерінен ластануын азайту проблемасы шешу мәселесі - тек қана Қазақстан Республикасының бүгінгі күннің басты да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Дизельдік қозғалтқыштар сыртқы қоршаған ортаға негізінен түтінді немесе бос көміртегіні аса көп мөлшерде шығарғанымен бос көміртегінің өзі аса улы емес.
Бірақ бос көміртегінің бөлшектері жұту мүмкіндігінің жоғары қабілетіне ие бола отырып, өздерінің бойларымен улы заттардың, соның ішінде канцорегендік заттардың, бөліктерін алып жүреді. Бос көміртегі ауада бос күйінде үшып жүріп улы заттардың адамға тигізетін кері әсерін ұлғайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |