1. «Машиналар механизмдерінің теориясы» пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттері


Ассур топтары және олардың классификациясы



бет7/17
Дата20.05.2022
өлшемі1.15 Mb.
#458195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Термех сессия теория ответ 22

11. Ассур топтары және олардың классификациясы.
XVIII – ғасырдың соңынан бастап ғалымдар механизмдердің әр түрлі белгілерін бөлуге негізделген, әр түрлі классификация жүйелерін ұсынған: 1) буын қозғалысының сипатына байланысты; 2) жылдамдықтарды түрлендіру белгілеріне байланысты; 3) белгілі бағытта тағайындалуына байланысты және т.с.с. Осы классификация жүйелерінің біреуі де бар механизмдерді толық қамти алмады. 1914 жылы Петербург политехникалық институты профессоры Ассур механизм классификациясы жүйесін ұсынды. Бұл механизм және машина теориясы дамуына елеулі әсерін тигізді. Ассур классификациясы құрамына тек төменгі кинематикалық жұп енетін жазық механизм бағынады.
Ассур классификациясы жүйесінің негізгі түйіні мынадай: 1) механизмдердің пайда болуына жол көрсетеді; 2) кинематикалық және кинетостатикалық әдістерімен механизмдерді зерттеу көрсетіледі, яғни Ассур классификациясы жүйесінде әрбір механизм тобына анықталған зерттеулер сәйкес келеді.
Қозғалыс дәрежесі механизмнің еркіндік дәрежесіне тең механизм тобы (кинематикалық тізбек) Бастапқы буындардың тобы деп аталады. Қозғалыс дәрежесі нөлге тең кинематикалық тізбек Ассур тобы деп аталады. Сонымен, кез келген механизмді бір бастапқы буындардың тобынан және бір немесе бірнеше Ассур тобынан құрастырылады деп көз алдыға елестетуге болады.
12. Планетарлық механизмдер. Виллис тәсілі.
Айналмалы қозғалысты түрлендіру үшін сонымен қатар, қозғалмалы осьті тісті берілістерді қолданады. Қозғалмалы осьті көпсатылы тісті берілістерді планетарлық механизмдер деп атайды. Егер планетарлық механизмдер бірден үлкен қозғалыс дәрежесіне ие болса, онда олар дифференциалдық механизмдер деп аталынады. 5 - суретте 2 және 2' доңғалақтарынан құралған тістергіш блогының осі қозғалмалы және Н жетектеуішпен бірге айналатын планетарлық механизм көрсетілген.


14-сурет. Планетарлық механизм
Планетарлық механизмнің беріліс қатынасын анықтау үшін қозғалысты айналу әдісін қолданайық. Механизмнің барлық буындарына жетектеуіштің бұрыштық жылдамдығына тең, бірақ қарама-қарсы бағыттағы бұрыштық жылдамдықты (-) береміз. Сонда механизм буындарының бұрыштық жылдамдықтары басқа мәндерге ие қозғалмайтын осьті механизмге айналады, яғни толығырақ айтқанда: доңғалақтың 1 бұрыштық жылдамдығы (жақшадағы индекс қозғалмайтын буын нөмірін көрсетеді, доңғалақ 1 шарт бойынша қозғалмайды); серіктің (сателлиттің) бұрыштық жылдамдығы: ; 3-нші буынның бұрыштық жылдамдығы:
.
Сонда, айналдырылған механизмнің қозғалмайтын осьті беріліс қатынасы (5) формула көмегімен анықталуы мүмкін:
.
Осы формуладан планетарлық редуктордың беріліс қатынасы үшін өрнек алуға болады:
. (6 )
Айналдырылған механизм қозғалмайтын осьті механизм болып табылатындықтан оның беріліс қатынасы тісті доңғалақтың тістер санының қатынасы арқылы анықталуы мүмкін. Жоғарыда анықталғандай,
. (7)
(6) және (7) теңдіктерін бірігіп шешуі планетарлық механизмнің беріліс қатынасы үшін қажетті бастапқы мәнін береді. Басқа түрлі планетарлық механизмдердің беріліс қатынастарын қозғалысты айналдыру негізінде осындай белгілерді жүргізу арқылы табуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет