1. «Машиналар механизмдерінің теориясы» пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттері


Машиналар және олардың классификациясы



бет2/17
Дата20.05.2022
өлшемі1.15 Mb.
#458195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Термех сессия теория ответ 22

2. Машиналар және олардың классификациясы.
Машина деп ( франц. machine, лат. machine) энергияны өзгерту үшін қажетті анықталған қозғалысқа келтіретін (энергетикалық машина), пішінін, қасиетін, жағдайын және еңбек сайманның орнын өзгертетін (жұмыс машинасы), жинау, өңдеу және ақпаратты пайдалану үшін (ақпараттық машина) арналған механизмді немесе санаулы механизмдерді айтады.
1. Энергетикалық машина.Энергияның кез келген түрін механикалық энергияға айналдыратын машинаны Энергетикалық машинадеп атайды. Оларға негізінен қозғалтқыштар жатады. Бұл машиналарға электр қозғалтқыштар, іштен жанатын қозғалтқыштар, турбиналар, бу машиналары, электр генераторлары т.б. жатады.
2. Жұмыс машиналары. Материалдарды өзгерту, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын жұмыс машиналарының технологиялық машиналар және көлік машиналары деген екі түрі болады.
Технологиялық машиналар материалдардың пішінін, қасиетін, күйін өзгерту, өңдеу үшін қолданылады. Өңделетін материалдар қатты денелер, сұйықтықтар және газ күйінде болуы мүмкін. Технологиялық машиналарға металл өңдейтін станоктар, прокат станогы, тоқыма станогы, құйма араластырғыш, үсақтағыш машиналар және т.б. жатады.
Көлік машиналарына автомобильдер, ұшақтар, темір жол көліктері - поездар, су кемелері жатады. Көлік машиналары материалдарды, заттарды, адамдарды және т.б. бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін қолданылады.
3. Ақпараттық машиналар алынған ақпараттарды немесе хабарларды өңдеуге арналған. Егер ақпарат сан түрінде алынса ондай машинаны есеп машинасы дейді оларға электронды есептеу машиналары (ЭЕМ) жатады. Ақпаратты өңдеу процесіне адам қатыспаса мұндай машиналарды автоматтық машиналар дейді. Бірге істейтін бірнеше автоматтық машиналардың тізбегін автоматтық желі деп атайды.


3. Механизмдердің классификациясы.
Механизм деп біріне бірі қатысты анықталған қозғалыста болатын байланысқан денелер жиынтығын айтады. Механизм берілістері немесе қозғалыстарды өзгерту үшін жұмыс атқарады.
Механизм немесе машинаның жұмысы әрқашан оның мүшелерінің қозғалысына байланысты. Бұл құрылыстардан (көпір, тоннель және т.б.) механизм мен машиналардың өзгешелігінің негізгі факторы.
) механизм сұлбасы.
Механизмнің қарапайым бөлігі буын деп аталады. Буын дегеніміз бір немесе бірнеше өзгермейтін санаулы дене. Бір немесе бірнеше буындардың қозғалысы белгілі болғанда, қалған буындардың қозғалысы бір мәнді анықталатын кинематикалық тізбек механизм деп аталады. Қозғалыс заңы берілген буынды бастапқы буын деп атайды (кейде бұл буын жетекші деп аталады). Буындардың анықталған қозғалысын алу үшін, механизмнің кинематикалық тізбегі тұйық және бір буыны қозғалмайтын болуы қажет.
2, b – суретте көрсетілген механизм бейнесі оның кинематикалық сұлбасы деп аталады. Механизм қозғалысын оқып үйрену үшін, оның құрылымдық сұлбасын білу жеткіліксіз. Буындардың өзара орындарына, қозғалысына әсерін тигізетін, буындардың өлшем бірліктерін білу қажет. Сондықтан, механизм буындарының қозғалысын оқып үйрену үшін, кинематикалық модель деп аталатын механизмнің кинематикалық сұлбасын құрады.
Механизмнің кинематикалық сұлбасы қабылданған масштаб бойынша барлық буындардың пішінін және өлшем бірліктерін есепке ала отырып тұрғызамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет