29-модуль. Жылулық сәуле шығару
Температурасы Т=1000 К, абсолют қара дененің S=1 см2 ауданынан t=1 мин уақыт ішінде шашыраған энергияны есептеңіз.
Абсолют қара дененің шашыратқан энергиясының максимум мәніне сәйкес келетін толқын ұзындығы m0,6 мкм. Дененің температурасын анықтаңыз.
Абсолют қара дененің шашырату спектрінің 1 нм-ге есептелген энергетикалық жарқырағыштығының (rm)max максималь спектральдық тығыздығын анықтаңыз.
Абсолют қара дененің шашырату қуаты 34 кВт, ал оның бетінің ауданы 0,6 м2 болса, температурасын табыңыз.
25 ваттық электр лампасының вольфрам спиралының температурасы 2450 К. Оның энергетикалық жарқырағыштығының дәл сол температурадағы абсолют қара дененің энергетикалық жарқырағыштығына қатынасы 0,3-ке тең. Шашыратушы беттің ауданын табыңыз.
Егер абсолют қара дененің 484 нм толқын ұзындығына сәйкес келетін энергетикалық жарқырағыштығының максималь спектральдық тығыздығы белгілі болса, оның бетінің 1 см2 ауданынан 2 сек. уақытта шашырайтын энергия мөлшерін табыңыз.
Абсолют қара дененің шашырату қуаты 10 кВт. Егер оның энергетикалық жарқырағыштығының максималь спектральдық тығыздығына сәйкес келетін толқын ұзындығы 700 нм болса, шашыратқыш бетінің ауданы неге тең?
Абсолют қара денені қыздырған кезде оның энергетикалық жарқырағыштығының максималь спектральдық тығыздығына сәйкес келетін толқын ұзындығы 690-нан 500 нм-ге өзгерген болса, энергетикалық жарқырағыштығы неше есе артқанын анықтаңыз.
Температурасы адамның температурасымен бірдей t=370С, абсолют қара дененің энергетикалық жарқырағыштығының максималь спектральдық тығыздығына сәйкес келетін толқын ұзындығын табыңыз.
Қара түсті шарик 270 – тен 200С-ке дейін салқындайды. Оның энергетикалық жарқырағыштығының максималь спектральдық тығыздығына сәйкес келетін толқын ұзындығы қаншалықты өзгергенін табыңыз.
Толқын ұзындығы 1,24 нм фотонның энергиясын, m массасын және р импульсын анықтаңыз.
Пластинкадағы монохромат жарық (0,42 мкм) түседі. Тежегіш потенциал айырмасының мәні U=0,95 В-ға жеткенде фототок шектеледі. Пластинканың бетінен А электронның шығу жұмысын анықтаңыз.
Цинк пластинкаға ультракүлгін сәуленің (0,2 мкм) шоғы түседі. Фото электрондардың максималь кинетикалық энергиясын және максималь жылдамдығын анықтаңыз.
Энергиясы 1,53 МэВ - квантының әсерінен металлдың бетінен ыршып шыққан фотоэлектронның максималь жылдамдығын анықта.
Еркін электрон мен соқтығысу нәтижесінде толқын ұзындығ 3,63 нм шамаға өзгерген болса, фотонның шашырау бұрышын () анықтаңыз.
Кейбір металлдар үшін фотоэффектнің қызыл шегі 275 нм. Фотоэффект байқалу үшін, фотон энергиясының максималь мәні неге тең болатынын анықтаңыз.
Толқын ұзындығы 330 нм жарықпен жарықтандырғанда калийдың (Аш=2,0 эВ) бетінен шығатын фотоэлектрондар үшін тежегіш потенциалдың мәнін табыңыз.
Шығу жұмысы А=4,5 эВ фото электрондар энергиясы 4,9 эВ жарық квантының әсерінен металлдың бетінен ыршып шығады. Әрбір электронның ыршып шыққан кезінде металлдың бетіне импульсінің максималь мәнін табыңыз.
Толқын ұзындығы 70,8 пм. Ретген сәулелері парафинде комптондық шашырауға ұшырайды. бағыты бойынша шашыраған рентген сәулелерінің толқын ұзындығын табыңыз.
Үдетуші потенциал айырмасы U=22,5 В әсерінен қозғалған электрон үшін де Бройльдың толқын ұзындығын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |